Жобалау қызметіндегі ізгіліктік көзқарас – адамдардың бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру, олардың өзін - өзі басқаруға жағдай туғызу болып табылады. Ізгіліктік құндылықтарына сүйене отырып басқару әр адамның өзіндік құндылығын, адами көқарастарын дамытуды көздейді. Сөйтіп, барлық деңгейлерде субъектаралық қарым -қатынастың орнығуына негіз болады.. Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік ғалымдар түрліше анықтайды, мысалы: Дж.К.Джонстың зерттеулерінде олар: дәстүрлілік пен жаңашылдықтың байланысы мен тепе теңдігін сақтау; ұйымның «жақын даму аймағында» жобалау; күтілетін нәтижелердің жобалаушы адамдарға қатыстылығы; алынған нәтижелердің ұйымда институциялануы, бекітілуі; белгілі бір әлеуметтік топтар проблемасын шешу мақсатына бағдарлылығы болса, М.М.Поташник оларды жаңалықтық ұстанымы (мақсат, міндеттеріндегі, мазмұнындағы, ұйымдастыру тәсіліндегі, басқарудағы, т.б.), мақсатқа бағытттылық ұстанымы (белгілі бір нәтижені нақты жүзеге асыруға бағыталғандығы), жүйелілік принципі, сабақтастық ұстанымы, ғылымилық ұстанымы, технологиялылық ұстанымы, нақтылық ұстанымы, ресурстық қамтылу ұстанымы, оңтайлылық ұстанымы, қатысушылық ұстанымы деп қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |