Педагогика әдіснамасы оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жалпы тұрғыларын анықтайды. Педагогика әдіснамасының объектісі - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану, ал пәні – жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары. Педагогикадағы әдіснамалық тұрғы оқыту-тәрбие әрекеті практикасын өзгертудің тиімді жолдарын іздеу және қалыптастыру үшін қажет. Педагогика әдіснамасының қызметі – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау.
Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді.
Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.
Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар).
Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.
Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім.
Достарыңызбен бөлісу: |