Қазіргі кезде өңеш перфорациясында көкірекаралықты белсенді герметикалық дренаждау(аспирациямен бірге) әдісі қолданылады. Өңештің мойын және жоғарғы кеуде бөлімдері зақымдалса,мойын арқылы медиастинотомия жасап,өңешті төс-бұғана-емізік бұлшықетінің алдыңғы қырымен тілу арқылы жалаңаштайды. Перфорация орнына екі қуысты дренажды түтік операциялық жарақаттан контропертура арқылы енгізіледі, дренаж арқылы экссудатты аспирациялайды және кең спектрлі антибиотиктерді енгізеді. Медиастиналды плевраның зақымдануымен қосарланған өңештің кеуде бөлімінің жабық жарақаттарында плевра арқылы торакомедиастиностомия жасалып, көкірекаралық және плевра дренаждалады, ал төменгі кеуде және құрсақ бөлімдері зақымданған жағдайда зақымданған аймаққа шажырқайарқылы дренаж енгізіледі; асқазанға зонд енгізіп, науқасты тамақтандырады.
19. Крон ауруы. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы, асқынуы. Емдеу тактикасын таңдау.Хирургиялық емге көрсеткіш және операцияның түрін таңдау. Крон ауруы– асқорыту жолының әртүрлі бөліктерінің сегментарлы зақымдануымен жүретін және зақымдану процесі гранулемалық қабынумен сипатталатын созылмалы рецидивтеуші ауру.
Асқорыту жолының кез келген аймағы зақымдалуы мүмкін. Ең жиі жіңішке ішек 70%, мықын ішектің терминальды бөлігі, тоқ ішек 30 %. 20-40 жас аралығында пайда болады. Әйелдер мен еркектер арасында таралу жиілігі бірдей.
Этиологиясы:
Вирустар, хламидиялар, иерсиниялар;
Патогендік энтеробактериялардың, анаэробтық микробтардың және ішек таяқшаларының патогенді түрлерінің көбеюі;
Бифидобактериялардың азаюы;
Тағам құрамында өсімдік клетчаткасының тапшылығы;
Химиялық консерванттарды және бояуларды тамаққа көп мөлшерде қосу;
Оральдік контрацептикалық дәрмектерді жиі қабылдау;
Крон ауруының жіктелуі: Клиникалық сатысына байланысты жіктелуі: