Диалект сөздер



бет4/4
Дата22.02.2023
өлшемі57,98 Kb.
#169814
1   2   3   4
Байланысты:
«Диалект сөздер және әдеби тіл»

Қазақ әдеби тілі — қазақ ұлтының қоғамдық емірінің сан-саласында көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар хабарларында, білім беру жүйесі мен ғылым салаларында және іс қағаздарында қолданатын тілі. Жалпы халықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Бастапқы кезде зерттеушілер әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде түсініп, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп ұққан. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке әдетте жазба тіл дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер негіз болды. Зерттеушілердің кейбіреулері тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ болу қасиетінен іздеді. Әдеби тілдің жұртшылықтың бәріне бірдей ортақ болу оны диалект, жаргон сияқты жергілікті ерекшелікгерден өзгешелеп тұрады. Мұндай көзқарасты ұстанушылар әдеби тіл халықтың поэтиклық сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазуға дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеген еңбектерде де осы тәріздес әр қилы пікірлер айтып келді. Бірсыпыра зерттеушілер Қазақ әдеби тілінің тарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен (ХВІІІ ғасыр) байланыстыра қарайды (Қ. Жұмағалиев, М. Балақаев). Зерттеушілердің енді бір тобы Қазақ әдеби тілінің тарихын ХЫХ ғасыр екінші жартысынан-алғашқы кітап басылып, газет шыға бастаған кезеңнен бастап, Ыбырай, Абай шығармапарымен ұштастыра қарайды (Қ. Жұбанов. С. АманжоловЫ. Кеңесбаев т. б.). Кейбір зерттеулерде ХЫХ ғасыр екінші жартысын әдеби тілдің бастау апған кезеңі емес, ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасу дәуірі ретінде қаралып, көне әдеби тіл мен жаңа жазба әдеби тіл категорияларының жігі ажыратыла сөз болады (А. Ысқақов, Р. Сыздықова.). Әдеби тілдің стильдік тармақтары сараланып, қоғамдық қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне байланысты шын мағынасандағы әдеби тіл Қазан теңкерісінен кейін пайда болды деген де тұжырым бар (Т. Қордабаев). Әдеби тілді жазу-сызумен байланыстыра қарайтын дәстүрлі көзқарастан басқаша бағыт ұстаған зерттеулер де (Р. Сыздықова), оны (фольклорлық, мұралармен ұштастыра қарайтын пікір де бар (Ә. Өмірәлиев, Е. Жұбанов). Әдеби тілдің сыр-сипатын ашатын басты-басты белгілері мыналар:

  1. әдеби тілдің сұрыпталған, өңделген нормаларының болуы;

  2. сол нормалардың жұртшылықтың бәріне міндеттілігі және ұзақ уақыт сақталуы;

  3. функциональдық-стильдік салаларының болуы;

  4. қоғамдық қызметтің әр алуандығы.

Әдеби тілге тәне мұндай белгілер түп-түгел бір дәуірде, бірден бола қапатын құбылыс емес және олардың кейбір белгілері белгілі бір кезеңге айқын болса, енді бірі мүлде көмескі, тіпті болмауы да ықтимал.


Жалпы халықтық тілдің байлығы мәдени өңдеуден өтіп, әдеби тілдің сөздік құрамына еніп отырады да, сөздің мағынасы мен қолданылуы, дыбысталуы мен жазылуы, сөз тұлғалары мен сөздердің байланысу тәсілдері көпшілік мойындаған ортақ үлгіге бағынады және жүртшылықтың бәріне міндетті болады. Халық тілінің екінші бір түрі сөйлеу тілі. Әдеби тілмен салыстырғанда сөйлеу немесе ауыз-екі тіл керкемдік, дәлдік, оралымдылығы жағынан сұрыпталмаған, шыңдалып жетілмеген, олпы-солпы жақтары көп. Осы тұрғыдан апғанда әдеби тіл белгілі бір жердің тұрғындары қолданатын диалектіге, адамдардың шағын әлеуметтік тобы сөйлейтін жаргон, қарапайым тілге /просторечие/ қарама-қарсы қойылады. Мысалы, бойлай (диалект) — үнемі (әдеби), маңпай (диалект) — маңдай (әдеби), шекейін (диалект) — шейін (әдеби), барсаңыз (диалект) — барасыз (әдеби), не нәсте (қарапайым) — не нәрсе (әдеби), аял (қарапайым) — әйел (әдеби), үптеу (жаргон) — урлау (әдеби), көжеле тою (жаргон) — екіқабат болу (әдеби) т. т. Қазақ әдеби тілінің бастау алған кезеңін анықтау алдымен қазақтың төл әдебиетінің (көркем әдебиетінің) алғашқы нұсқаларын айқындаумен тығыз байланысты. Өйткені көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтайды. Сейтіп, тілдік жүйенің жалпы ортақ нормаларының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан қазақтың көркем әдебиетінің алғашқы үлгілері қазақ әдеби тілінің бастау алған арнасы деуге болады. Ғалым Р. Сыздықова ХВ-ХВІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулардың тілін арнайы талдай келіп, олардың шығармаларын қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгілері деп таниды. Сөйтіп, бұл кезеңде қызмет өткен тілді жазба дәуірге дейінгі ауыз әдеби тілі деп атайды. Бұл бағыттағы зерттеушілердің айтуынша, әдеби тіл өзінің нормалық, қасиетін тек жазсызу арқылы ғана орнықтырмайды, ауысша сөз қолданыс (ауызекі тараған өлең, жыр, шешендік сөз т. б.) арқылы да жетілдіре түседі. Әсіресе ақын-жыраулар творчествосын біреуден-біреуге тарататын, бұлжытпай жатқа айтатын жыраулық мектеп өкілдерінің орны айрықша деп бағаланады. Ауыз әдеби тілі мен ауызекі сөйлеу тілі ұқсас құбылыс болғанымен, бұлардың атқаратын қызметі, тілдік амал-тәсілдерді жұмсау жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар. Ауыз әдеби тілі мәдени-рухани дүниелерді жасаудың, қоғамдық іс-қимылды ұйымдастырудың құралы, жалпыға ортақ мәнділігі, тілдік амалтәсілдердің талғап жұмсалатындығын т. б. қасиеттері арқылы сөйлеу тілінен оқшау тұрады. Сондай-ақ, әдеби тілдің ауызша түрінің де өз ішінде стильдік тармақтарға бөлінетіндігі байқалады. Мысалы, ХВ-ХВІІІ ғасырлардағы ауыз әдеби тілінің көркем әдебиет стилі (негізінен поэзия), публицистикалық стиль (шешендік, билік сөздер) тәрізді тармақтары болған. Әрине, бұл функционалдық тармақтардың қызметі, нормаларының сүрыпталуы қазіргі ұлттық дәуірдегі жазба әдеби тілдегідей сараланбауы әбден ықтимал. Өйткені, әдеби тілдің әр кезеңге лайық жүгі болады. Мәселен, ұлттық дәуірде әдеби тіл адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік ұжымдары қызметінің негізгі салаларындағы қарым-қатынас қажетін етейді. Осыған сай қазіргі жетілген ұлттық жазба әдеби тіліміз 4-5 түрлі стильге бөлінеді. Олар көркем әдеби стилі; публицистикалық немесе газет— журнал стилі; ғылыми әдебиеттер стилі; ресми іс қағаздар стилі.

Қазақ әдеби тілінің жазба нұскалары әдеби тілдің, оның ішінде жазба әдеби тілінің әр кезеңдердегі жазба ескерткіштері. Қазақ әдеби тілінің тарихын жазу үшін оның әр кезеңдегі әдеби тіл үлгісі болып табылатын жазба нұсқаларының (ескерткіштердің) тілдік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу кезеңіне (ХВ-ХВІІ ғасыр) мағлұмат беретін жазба деректер тым аз сақталған, оның өзі-ресми іс қағаздары сипатты. Мысалы, хандар мен дін басшыларының атынан Сығанақ әкімдері мен шеихтарына арналып жазылған бір топ құжаттар (Яссауи ғимаратынан табылған) ХВІ ғасыр жатса, Әбілғазы Баһадурханның хаттары — ХВІІ ғасыр жәдігерліктері. Сондай-ақ осы дәуірлерде жазылған Қадырғали Жалайыридің "Жамиғ ат-тауариғы" мен Әбілғазы Баһадурханның "Шежіре-ит-түрк" атты шығармалары тарихи әдебиет немесе шежіре үлгісінде болып келеді. Бүгінгі қолымыздағы бар іс қағаздардың көбі ХВІІІ ғасырдың 30-жылдары, яғни қазақ жерінің Ресейге қараған кезеңінен бергі архивте сақталған құжаттар. Олардың дені қазақ хансұлтандарының, орыс әкімшілік орындарында әр түрлі мақсатта жазылған қатынас қағаздары мен өзара жазысқан хаттары. Бұл аталған құжаттардың тілінде түркі әдеби тілінің дәстүрлі емле заңдылықтары, кейбір морфология тұлғалары, қалыптасқан сөз тіркестері мен жекелеген сөздер сақталған, бірақ олардың негізі қазақ,тың байырғы лексикасы мен дағдылы грамматика құрылысы болып келеді. ХЫХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі жазба нұсқалар, негізінен, ресми құжаттар болып келсе, аталған кезеңнен бастап олар әр түрлі стильдік ыңғайда кездеседі. Бұл кезеңде әдеби тіліміздің жанжақты дамуына белгілі тарихи жағдайлар себеп болды. Ең алдымен, қазақ жерінің Ресей қол астына қарауына байланысты бірен-сарандап болса да қазақ бапапарының орыс мектептерінде оқып, еуропалық мәдениеттен сусындауына мүмкіндік туды. ШоқанЫбырайАбай бастаған ағартушылар тобы шықты, олар қазақ жастарын оқу — білім алуға үндеп, ездері үлгі керсетті, қазақ мектептері ашылып, ана тілінде жекелеген мерзімді баспасөз шыға бастады. Қазақ авторларының шығармалары жарық керіне бастады. Осы жағдайлардың бәрі Қазақ әдеби тілінің өткен кезеңдерге қарағанда жедел де жан-жақты дамуына әсерін тигізеді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілерін 4 стильге жүйелеп қарауға болады.


  1. Ресми іс-қағаз үлгілері. Бұл тұстағы ресми іс қағазадары (бүйрық -жарлықтар, заң, қаулы-қарарлар, қатынас қағаздары) мазмұны жағынан болсын, формасы жағынан болсын, ХВІІІ-ХІХ ғасырдағы құжаттарға ұқсас, бірақ тілдік ерекшелігі жағынан қазіргі қазақ тіліне әлде қайда жақын және түсінікті болып келеді. Бұлардың бір қатары баспа бетін көрген, сондықтан да бір ізге келтірілген.



  1. Қоғамдық публицистикалық стильге жататын материалдар. Бұл стильдің пайда болу қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің шығуымен байланысты. Қазақ тіліндегі тұңғыш газет 1870 жылы Түркістан уәлаятының (өлкесінің) орталығы Ташкент қаласында "Түркістан уәлаятының газеті" деген атпен шыға бастады. Газет қазақ, өзбек тілдерінде айына 4 реттен (екеуі-қазақша, екеуі өзбекше) 13 жылы бойына үзбей шығып түрды. Оның бетінде қазақ халқының шаруа жайына, мәдениетіне, тарихы мен әдебиетіне қатысты көптеген материалдар басылып тұрды. Газет өз оқушыларын шет ел жаңалықтарымен, техника, ғылым жаңалықтарымен де таныстырып отырды. Аталған газеттің қазақ тіліндегі шығарылуы тоқтатылғаннан кейін 1888 жылдан бастап Дала өлкесінің орталығы Омбы қалада "Дала уәлаятының газеті" шығып тұрды. Бұл — қазақорыс тілдерінде қатар шығып, ондағы материалдар бір біріне аударылып беріліп отырды. Бұл газет бетінде қазақ даласындағы ел басқару жайы, отырықшылыққа көшу, оқубілімге үмтылу, қазақ тілімен әдебиетін дамыту мәселелері жиі сөз болды. 1879 жылы Ы. Алтынсарин "Қазақ газеті" деген атпен ресми газет шығаруды мақсат етіп, оның алғашқы санын қолымен жазып, Ресейдің ішкі істер министірлігіне жібереді. Бірақ патша үкіметі бұл газетке рұқсат етпейді, газеттің сол саны архивте сақталған. Бұдан кейін де 1917 жылға дейін бірнеше газет, журнап шығады. 1911-1915 жылы "Айқап" журналы, 1913-1918 жылы "Қазақстан", "Қазақ" т.б. бірнеше саны жарық көріп жабылып қалған газеттер баршылық. Бұл газет материалдарынан Қазақ әдеби тілінің публицистиклық стилінің қалыптасу жолын байқауға болады, сондай-ақ қазақ әдеби тілін дамытудың мәселелері жайындағы пікірлерді де кездестіруге болады.



  1. Көркем әдеби стиліне тән үлгілер. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жинақталған мол ауыз әдебиеті мұралары болғаны мәлім. ХІХғасырдағы баспа бетін көрген көркем туындылар қатарына, "қиссалар" жатады. Бұл орайда апғашқы қазақ тіліндегі кітап 1862 жылы Қазанда жарық көрген "Ер Тарғын" жыр-толғауын айтуға болады. Сол түстан бастап "қисса" деген атпен шығыс әдебиетіндегі дін, махаббат пен азаматтық тақырыптардағы поэма, дастандардың сюжетіне құрылған, сондай-ақ халық ауыз әдебиеті шығармаларын қайта жырлаған өлең кітаптар көптеп басылып, халық арасына кең тарады. Өте сирек болса да сол тұстағы ақындардың кейбір туындылары жеке кітапша болып басылып шығып түрды. Бұларды тақырыбына, кетерген идеясына, тілдік ерекшеліктеріне қарай 3 топқа белуге болады. Біріншісі — ислам дінінің конондарын мадақтайтын "Сап-сал""Жұм-Жұма""Кербаланың шөлінде""Тамимдер", "Адам", "Зарқұм" тәрізді қиссалар. Екіншісі— мазмұны жағынан шығыстық сюжетке құрылған, идеясы адамгершілік, махаббат, ерлікті жырлайтын, лексикасы, негізінен, қазақ сөздерінен тұратын, бірақ орфографиясы мен грамматика құрлысында кейде түркі әдеби тіліне тән дәстүр кездескен шығармалар. Оған "Таһир", "Үш қыз", "Жүсіп-Зылиха" "Қисса-и Серғазы" т. б. Үшіншісі халық ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақ ақындарының шығармалары. "Ер Тарғын", "Алпамыс", "Қыз Жібек", "Қисса-и Шортанбай", "Әсиетнама" т. б. Бұлар тілі жағынан біршама таза, тек орфографиясында араб әліпбиімен байланысты жазу дәстүрі сақтапған. ХХ ғасырдың апғашқы 10-15 жылы бұлар сан жағынан да дамып, тілдік жағынан тазара түседі.



  1. Ғылыми - көпшілік әдеби үлгілері. Қазақ арасында қолжазба күйінде таралып, кейін кейбір басылып та шыққан шежіре типті әдебиеттерді есептемегенде, 1861 жылы Н. И. Ильминский Қазанда бастырған "Самоучитель русской грамоты для киргизов" атты оқулық кітабының соңында берілген текстерді ғылым-көпшілік әдебиет үлгілерінің тұңғыш нұсқасы деп санауға болады. Кітаптың соңғы 50 бетінде табиғатгеография, тарихтағы жануарлар дүниесі және басқа да ғылым жаңалықтары туралы қысқаша орысша-қазақша екі тілде әңгімелер, дәрігерлік кеңестер берілген. Осы кезден бастап орыс және қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз беттерінде ғылымның әртүрлі саласынан жазылған мақалалардымедицинаветеринария тақырыбына жазылған жеке кітапшаларды кездестіреміз. Бұл материалдардың басым көпшілігі орыс тілінен аударылған аударма материалдар. Сөйтсе де олар сол дәуірдегі Қазақ әдеби тілінің жәй-күйін танытуда, ғылым түсініктерді ана тілімізде жеткізуде тіліміздің қаншалықты болғанын байқауда да аса қажетті нұсқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет