Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы



бет3/7
Дата07.09.2022
өлшемі31,86 Kb.
#148954
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы
ист каз 5 сынып, алфавит музыка (1), 2019-2020-zhyldy-zhospar, Бастауыш бірлестік жетекшілеріне жоспардың жасалу үлгісі, Ресми стиль — Уикипедия, көлдер тізімі ауданымен суретимен
Тапсырма:

  1. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жаз.

  2. Жалқы есімдердің астын сыз.



Бәйге (тақырыптық )
Үлкен бір тойда бәйге болды. Сабыр торыға мініп шапты.Басын ақ шыт орамалмен байлап алды. Төреші бәрін қатар тұрғызып, қолындағы жалаушасын сілкіп қалды. Дала дүбірлеп кетті. Сәйгүліктер шаба жөнелді. Көк ала шаң аспанға көтерілді. Әуелгіде топтары жазылмады. Сосын жүйріктер суырылып алға шықты. Атының көзін шаң баспас үшін мойнын жел жаққа бұрды. Иен далада қиқулап келеді. Бәрінің үміті – бәйгенің алды. Жол ұзақ, жиырма бес шақырым.
Жұлдыздай аққан Торы қарақшыдан бірінші болып өтті. (70 сөз).


Тапсырма:

  1. Алғашқы сөйлемдегі зат есім мен етістіктің астын сыз.

  2. Мәтіннің екінші сөйлемінде барыс септігінде тұрған сөздің астын сыз

  3. Бәйге сөзін табыс септігіне қойып, сөйлем құра.



Өзі кінәлі (тақырыптық )
Оспан сабақтан келді. Сөмкесін лақтырып тастады да, үстел үстіндегі тамақты апыл – ғұпыл ішті. Содан кейін ойнауға кетті. Бұл кезде інісі Мұрат тек отырмады. Әуелі Оспанның сөмкесін ала мысықтың мойнына байлап, біраз сүйретті. Сонан соң ішін ақтарды.
Қарындаштарын өзінің қобдиына салды. Кітаптардан үй жасады. Олардың беттерін жыртты. Сөйтіп жүріп сия төгіп алды. Осы сәтте ойына Оспан түсті де, дереу кітаптарын сөмкеге салды. Оспан сөмкесін ертеңгі сабақ үстінде бір-ақ ашты. Тапсырма сонда ғана есіне түсті. (70 сөз).


Тапсырма:

  1. Мәтіннен өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жаз.

  2. Ашты сөзін келер шақта көрсет.

  3. Кінәлі сөзіне фонетикалық талдау жаса.



Шекара (бақылау диктанты)
Түн. Біздің елдің шекарасы. Оны шекарашы қас қақпай күзетеді. Шекарашының жанында Арлан деген иті бар. Ол қыбыр етпейді, үрмейді. Тек қараңғыға тесіле қарап, құлағын ғана қозғап қояды. Кенет Арлан елең етіп құлақ түре қалды да, шекарашының шинелінің етегінен тістей тартты. Дұшпан жақындай түсті. Шекарашы Арланды қарғыбауымен бірге босатып жіберді. Ит зымырай жөнелді. Ит шекара бұзушыны бас салды. Шекарашылар да жүгіріп жетті. Арлан тағы алға ұмтылды. Екінші дұшпан қаншама айла жасағанымен, бәрібір құтыла алмады. (70 сөз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет