«Прозадағы көркем ой» бөлімі. 10-сынып Қгб ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі бойынша



бет1/2
Дата20.12.2023
өлшемі23 Kb.
#198060
  1   2
Байланысты:
Ахметова Х.Б 10 ҚГБ-сынып әдебиет БЖБ №2-2 тоқсан


«Прозадағы көркем ой» бөлімі. 10-сынып ҚГБ
Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі бойынша жиынтық бағалау. №2 БЖБ
Оқушының аты-жөні:
Сыныбы:

Оқу мақсаты: 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау
10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді

  • көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазады



Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты: 20-25 минут


1-тапсырма. Берілген үзінділердегі көркемдегіш құралдарды тауып, қызметін анықтаңыз

Үзінділер

теңеу

пейзаж

метафора

эпитет

Әмірші тәкаппар сұлудың асқақ жүзіне телміре қараған бозбаладай тамсанып әлі тұр.


Шаңылтақ көктем. Қыста қар көріп жарымаған жабырқаңқы шөл көзіңді қажытады. Жүзген мен сексеуіл әлі бүр жармапты, сояу қалпы. Төңірек түгел мүлгіп тұр. Деңкиген шағылдар да, тырбық құм бұталары да ғұмыры қыбыр-қимыл көрмегендей, жер тістеп жатып алыпты.


Бүгін деген – қорқыныш пен үміттің екі ұдай аралығы. Пенде біткеннің қалтылдақ қайық мінгендей қалтырап күн кешетін бар аясы-тек сол ғана. Олар тек сонда ғана мықтылардың ұстап тұтынғанына көнеді. Ал, мықты тегеурінсіз өңшең әлжуаз түк те бітіре алмайды.


















2-тапсырма. «Аңыздың ақыры» шығармасында автор махаббат пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, мейірім мен қатыгездік, бақ пен тақ, бақыт сияқты жалпыадамзаттық мəні бар мəңгілік мəселелерді қозғайды.
Бас кейіпкер әміршіні автор: «Әмірші аузына қандай берік болса, құлағын да әркімнің аузына төсеп отыра алмайды, оған біреудің өсегін тыңдағаннан гөрі басындағы алтын тәжді жұлып ап, сасық ауыз өсекшінің алдына түкіргіш қып қойғаны әлдеқайда дұрыс. Ол біреу туралы шағым айтып келген кісіні ит етінен жек көреді.»,- деп сипаттайды. Әміршінің осы сипатын негізге алып, өзіндік пікіріңді қосып «Әмірші бойындағы адами құндылықтар» тақырыбына әдеби эссе жаз Сөз саны- 100-150



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет