анализ - жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
синтез - заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру; абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес
қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
жалпылау-объектілердіңжалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
индукция - жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зерттеу мен талқылау әдісі;
13
дедукция - жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
аналогия - объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалы: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
классификация - зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллография т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері);
салыстыру - ұқсас бірліктерді (мысалы, тіл білімінде) салыстыра зерттеу;
салғастыру - әртүрлі тілдік бірліктерді, мысалы, түркі семьясының қыпшақ тобындағы қазақ тіліндегі фразеологизмдерді үнді-еуропа семьясының герман тобындағы ағылшын тіліндегі фразеологизмдермен салғастыра зерттеу;