Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет7/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М
күнделік оқу-танысу практикасы
1- кезең. Дайындық кезеңі. Мұнда мәтіндегі ақпаратты толық, нақты ұғу үшін грамматикалық, лексикалық дағдыларды меңгертуді мақсат етіп қояды.


2- кезең. Мәтіннен ақпаратты алуға тікелей бағытталады. Ғылыми стил ь жанрларындағы ғылыми мәтіндердің мазмұнын ашатын лексикал ық ерекшеліктер:



    • негіздеу;




    • түсіндіру;




    • дефиниция;




    • бақылау;




    • сипаттау;




    • эксперименттің өткізілуі;




    • тексеру;




    • салыстыру;




    • топтастыру;




      • дәлелдеу;




      • пікірлесу, баға беру;




      • жарияланым.

Бұл ерекшеліктердің бәрі бір мәтіннен көрініс табуы мүмкін емес.




1. 3 Ғылыми зерттеулер әдістемесі


Әдіс -1. (грек. меіһосіоз - зерттеу) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын теория және практика жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған нысан жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.



  • Құбылыстардытанып-білудің, зерттеудіңәдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.

11


  • (грек.осІе5 - «бір нәрсеге жетудің жолы») - көздеген мақсатқа жетудіңтәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.

Әдістеме дегеніміз - қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы. Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар.

Ғылымның дамуында үш негізгі теориялық әдістің үлкен маңызы бар. Олардың біріншісі - аксиомалық әдіс.




Аксиома дегеніміз - логикалық дәлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайтын ереже екені белгілі. Евкпид геометриясында «жазықтықта жатқан екі нүкте арқылы тек бір ғана түзу сызық сызуға болады» деген аксиома бар (істің дәл осындай екенін тексеруге болмайды). Аксиомалар бір-біріне қайшы келмеуі керек. Аксиомалық әдістер логика мен математикада кең қолданылады. Ол қайшылықтардың кез келгенін жоққа шығарады. Теориялық қана емес, эмпирикалық деңгейде де зерттеу жүргізілетін ғылымдарда болжамдық-дедуктивтік әдісті қолдану дұрыс болады. Мұнда аксиоманың орнына болжам қойылады.


Болжам (гипотеза) дегеніміз - тәжірибелік айғақтармен салыстыра карағанда, теріске шығарылуы мүмкін білімдер. Болжамдық-дедуктивтік әдіс жақсы математикалық дайындықты талап етеді. Ол қазір физикада, электротехникада, радиотехникада, экономикалық ғылымдарда кең қолданылады. Болжамдық-дедуктивтік әдісті қолдануға мүмкін болмағанда, сипаттау әдісіне жүгінуге тура келеді. Зерттелетін нысанның «келбеті» сөзбен, графикамен, сызбамен берілуі мүмкін. Қазір зерттеушінің ойы болжамдық-дедуктивтік әдісті қолданғаннан гөрі, тура тәжірибе мәліметтеріне жиірек жүгінуге мәжбүрлейді.


Сипаттау әдісі филологияда, биологияда, медицинада, психологияда, әлеуметтануда қолданылады. Егер сипаттау әдісі болжамдық-дедуктивтік әдіс деңгейіне дейін көтерілетін болса, оны әрқашан да жеңіс деуге болады. Болжамдық-дедуктивтік әдістің талаптарына бағынбайтын кейбір ерекше күрделі құбылыстарды зерттеуде сипаттау әдісі тиімді болуы мүмкін.

Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мәліметтер алудыңаса маңызды шарты болыптабылады. Танымныңдаму үдерісінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау, жинақтау,






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет