2.2 Зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтау
Тақырыптың өзектілігі - зерттеу жұмысына қойылатын
негізгі талаптардың бірі.
Өзектілікті талап ету зерттеу жұмысының (ғылыми мақала, ғылыми жоба, диплом жұмысы, диссертация) заманауи үрдістерге сәйкес келіп, қазіргі заманғы өзекті мәселені шешуге бағытталуына саяды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі жұмыста зерттелетін мәселелерді шешудіңғылыми және қолданбалы маңызы туралы ережелерден тұрады. Өзектілік зерттеу жұмысының ғылыми, сонымен қатар қолданбалы мәселесін шешумен тығыз байланысты болады. Мысалы, диссертациялық жұмыстың өзектілігін көрсету үшін ғылымның осы саласында зерттеуді қажет ететін ол қылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыс жүргізіліп отырғанын атап өту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |