Зерттеудің өзектілігін негіздеу - автордың жеке зерттеу еңбегінде көтеріліп отырған мәселені жан-жақгы терең түсінуі мен орындалған жұмыстың сапасы туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін элемент.
Зерттеудің өзектілігін негіздеу кезінде мынадай кезеңдерге тоқталып өтуге болады:
қазіргі уақытта зерттеліп отырған мәселеніңөзектілігін жинақтайтын жаңа талаптар мен алғышарттар;
аталған мәселенің ресми құжаттарда берілуі;
мәселенің ғылыми әдебиеттерде жарық көруі;
зерттеу мәселесімен байланысты ғылыми мәселелер;
мәселенің басқа да ғылымдардың даму ұстанымдарымен байланысын негіздеу;
мәселенің қазіргі уақытта өзекті болуының себептері;
көтерілген мәселенің ғалымдардың, мамандардың назарын аударатын себептері және бұл мәселенің шешімі тәжірибенің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыруы мүмкін;
талдауды, қорытуды қажет ететін қолда бар жетістіктер.
Зерттеу мәселесінің өзектілігін негіздеу әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілуі мүмкін. Ең маңыздысы өзектіліктің көпаспектілігін, ізденушінің таңдалған мәселенің өзектілігін түрлі қырынан қарастыратынын ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |