Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет14/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М
күнделік оқу-танысу практикасы
қолдарын ұшынан ұстасып, құлаштарын екі жағына үш-үштен


керіп барып құшақтасты (Ғ.Мүсірепов. ¥лпан).

Ері, баласы, жақыны, туысы қайтыс болған әйелдің қара жамылып, жоқтау айтуы - халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Қайғы-қасіреті мен шерлі көңілін жақынын жоғалтқан әйел бетін жырту, бетін тырнау, шашын жаю, шашын жұлу, қос бүйірін таяну сияқты паралингвистикалық амалдар арқылы білдіріп, қайтыс болған ерінің, баласының, туысының жақсы, асыл қасиеттерін жоқтау жырына арқау еткен. Мысалы,




Қара бір шашым жаяйын, Жаяйын да жияйын.


Құнарлы бармақ жез тырнақ Күнде қанға бояйын.


Албыраған ақша бет Сүйегіне тояйын! Мойындаған қаракөз Жаспенен оны ояйын,


Алшаңдап жүрген жас төрем


Орныңа кімді қояйын (Боздағым. Қазақтың жоқгау жырлары).

Көне замандарда, көне түркі кезеңі саналатын \/-\/ІІІ ғасырларда түркі тайпалары қайтыс болған адамға қатты қайғырып, «өлген адамның туыстары шашын жұлып, бетін тырңап, құлағын кесіп, өздерін қорлайтын» әдет болған. Оның мәнісі: «Өлген жақсы адамның артында қалып, онсыз сүрген өмірде не мән бар?» - деп қайғырудан шыққан [4, 12]. Ертеде көптеген халықта қатты қайғырғанда бетін тырнап, айғыздаумен бірге шашынжұлып немесетақырлап алып тастайтын болған. Кейбіртайпаларда ері қайтыс болған әйел бұрымын кесіп, күйеуіне деген адалдық белгісі ретінде оны күйеуімен бірге жерлеген. Аталған бейвербалды амалдың қазақтың жоқтау жырларын айтқан кезде қолданылуы сол кезден қалған болуы керек деп топшылаймыз.




«Қазақәйелі» концептісіне қатысты бейвербалды амалдардың ең көп

тарағаны - «ернін сылп еткізу», «аузын сылп еткізу» сияқты тұрақты сөз тіркестеріне сай келетін ым-ишараттар. Олар көркем шығармадағы кейіпкерлердің таңырқау, жақтырмау сияқты эмоционалдық жай-күйлерін білдіру үшін қолданылады. Мысалы, Мұртазаның бір қарындасын




Сүттібек ағам алған, Енді Сүттібектің қарындасын Мұртаза алмақшы.


Сонда айырбас па, немене өзі? - Айша ернін сылп еткізіп қойды (Ш.Мұртаза. Ай мен Айша).

Көркем мәтіндегі қолданыстан аңғарғанымыздай, аталған бейвербалды амал түрі қазақ әйелі мен кемпіріне тән болғанымен, жас қыздарға жараспайтын, ерсі көрінетін ым-ишарат екені байқалып отыр.



18


  • аз зерттелгендігімен т.с.с. байланысты жалпы сәздермен, ортақ фразалармен, бәрімізге таныс бірсарынды пікірлермен түсіндіреді. Айталық, сіз Қазақстандағы тұрмысы төмен отбасылар тақырыбында зерттеу жұмысын жазғыңыз келеді. Сіз бірден нарықуық қатынастардың дамуымен, қоғамда жұмыссыздықтың көбеюімен өмір сүру деңгейі төмен отбасылар пайда болғанын, оларға берілетін жәрдемақының мардымсыздығын жаза бастайсыз. Сіздің ойыңызша, мәселе өзекті, себебі, біріншіден, бүгінгі күннің проблемасы, екіншіден, бұл мәселе бұрын аз зерттелгендіктен, өте қажетті болып табылады.

Бұл пайымдауда ешқандай зерттеу мәселесі жоқ, себебі елдетұрмысы төмен отбасылар проблемасы бар екендігі бәрімізге белгілі, ол туралы теледидардан көріп, газеттен оқуға болады. Бұл жердегі зерттеу мәселесі қандай деген сұрақ туындайды. Кедейлер мәселесі, жұмыссыздық, мемлекеттік тілді қолданудың бүгінгі жай-күйі, жетім балалар, жастарды тұрғын үймен қамту т.с.с. сұрақтар зерттеу мәселесі бола алмайды.


Әңгіме сіздің зерттеу пәнін зерттеу нысанымен (объектісімен) алмастырып алуыңызда болып отыр. Нені зерттегіңіз келетіндігі (мысалы, жұмыссыздық немесе кедейлік) зерттеудің нысаны деп аталады. Ал, кем дегенде, талқылауға ұсынғыңыз келетін, қойғыңыз, көтергіңіз келетін, мүмкін болса, шешкіңіз келетін немесе шешу жолдарын ұсынғыңыз келетін ерекше мәселені көрсету зерттеудің пәні деп аталады.


Мысалы, жұмыссыздар, жас отбасылар тақырыбын зерттеудің «өзектілігін» айта отырып, сіз бір нәрсе жасау керектігін, яғни оларға көмектесу, әлеуметтік қолдаудың қандай да бір шараларын жүргізу қажетгігін жазасыз, ал оның орнына бұған дейін белгісіз болып келген немесе күнделікті, қарапайым көзқарастарға қайшы келетін нәрселерді түсінуге, ашуға тырысқаныңыз дұрыс.


Жалпы зерттеу мәселесін әлеуметтік мәселелерден нақты ажыратып қарау керек. Әлеуметтік мәселесіз зерттеулер жүргізіле беруі мүмкін, бірақ зерттеу мәселесі болмаса, ғылыми еңбектің мәні де, мағынасы да жоғалады.


Зерттеу мәселесін басқа біреу (оқытушы немесе ғылыми жетекші) анықтап береді деп күтудің қажеті жоқ. Бұл - таза авторлық, тек қана сіздің жеке басыңыздың міндеті. Осы айтылғандар, әсіресе, әлеуметтік ғылымдар үшін өте маңызды, өйткені сіздің азаматтық және құндылық ұстанымдарыңыз тақырып таңдау кезінде маңызды рөл атқарады, сондықуан неліктен осы мәселені (жұмыссыздық, жас отбасылар) таңдап отырғаныңызды, ең бірінші, өзіңізге түсіндіргеніңіз дұрыс. Сіз өзіңіз жас отбасысыз немесе жұмыссызсыз ба немесе болашақта осы мәселемен кездесемін деп қорқасыз ба не туыстарыңыз бен достарыңыз арасында осы мәселе бар болғандықтан, оны талдағыңыз келе ме? Ең бастысы, неліктен бұл мәселе басқалар үшін қызықты болуы мүмкін? Осы сұрақтарға жауап іздеу керек.



21


Зерттеу мәселесі дегеніміз - қандай да бір оқиға немесе құбылыс

турасындағы біздің біліміміздің ол жайлы басқа білімдерге, күнделікті, қарапайым, ақылға қонымды түсініктерге сәйкессіздігі. Бүл - қандай да бір парадокс, керекдесеңіз, шешугеұсынылатын жұмбақ, түсіністіктердегі қарама-қайшылық, мән-мағыналар мен түсіндірулердің сәйкес келмеуі. Осы айтылғандар зерттеуші оңай өтіп кетуге немесе айналып өтуге болмайтын кедергілерге кездескен кезде пайда болады. Мәселені шешу үшін белгілі мақсатты әрекеттер жасау, басқа жол іздеу, кедергілерді жою, жоғары немесе тәмен, оңға немесе солға жүру қажет болады.


Зерттеу мәселесі қызықты, күтілмеген, ең кем дегенде, бәріне белгілі болмауы керек. Дәл қазір жауабын бере алмайтын сұрақ қажет. Осы сұрақ сіздің зерттеуіңізге басқалардың қызығушылығын тудыратын қармақ секілді болады. Өз мәселеңізбен өзгелерді қызықтыру - оңай жұмыс емес. Өз зерттеуіңізге басқалардың назарын екі жағдайда ғана аудара аласыз: біріншіден, басқа адамды сіздің тақырыбыңыздың қандай да бір өзгеше қыры қызықтыруы мүмкін немесе, екіншіден, сіздің көзқарасыңыз оның осы мәселе туралы көзқарасына, пікіріне қарсы келуі, сөйтіп сіздің қызығушылығыңыз оның қызығушылығымен сәйкес келуі мүмкін. Осы айтылғандар жүзеге асатын болса, сіздің көтеріп отырған мәселеңіз тек тағы бір «өзекті тақырып», ал жұмысыңыз тек тағы бір ғылыми мәтін ғана емес екені түсінікті болады, яғни сіз бұл жұмысты жазуға тек уақытыңызды ғана емес, өзіндік «меніңізді» де салғаныңыз, осы зерттеу мәселесіне бей-жай қарамайтындығыңыз көрінеді. Олай болса, сіздің айтарыңыз мол, басқа адамдар осы мәселе туралы толық және жан-жақты ғана емес, қызықгы да ақпарат ала алатынына сенімді болады. Тіпті зерттеу мәселесінің жаңа болуы да міндетті емес. Адамзаттың озық ойлы, алдыңғы қатарлы өкілдері ғасырлар бойы шешімін іздеген, шешімін тапқан, бірақуақытөте келе, жаңа зерттеушілердіңеңбектерінде қайтадан көтеріліп жатқан мәселелер бар. Бұлардың қатарына құрылым мен әрекеттің, макро және микрореттеудің, қоғам мен адамның арақатынасы туралы танымдық-философиялық мәселелер жатады. Сіздің зерттеу стратегияңыз қандай болса да, «мәңгілік» мәселені шешуге тырысудасыз ба немесе мүлде жаңа перспектива ашуға ұмтылып жатырсыз ба, өз зерттеуіңіздің басты мәселесін анықтап алудан ешқайда қашып құтыла алмайсыз. Ең бастысы, зерттеудің басты мәселесі (пәні) сіздің өзіңіз үшін қызықты екенін көрсетіп, кейін бұл мәселе тек автор үшін ғана маңызды емес екеніне басқалардың көзін жеткізуіңіз керек.


Сіз шағын болғанымен, қандай да бір мәселенің ғылыми шешімін ұсынбақшысыз, осы мәселені шешу турасындағы өз тәжірибеңізді көрсеткіңіз келеді. Алдымен, бұл мәселені анықтап, оның табиғатын түсіну қажет. Зерттеу мәселесін анықгап алғаннан кейін идея туындайды. Идея қандай да бір белгілі тұжырымға алып келеді.



22






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет