Зерттеудің теориялық және практикалық мәні дегеніміз - теориялық және практикалық зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы. Теориялық маңыздылықтың мысалы ретінде қандай да бір білім саласындағы теориялық қорытынды жасау болуы мүмкін. Ал практикалық мәніне мысал ретінде эксперименталды зерттеу немесе әзірленген жоба бола алады.
Зерттеудің теориялық мәні автордың жаңалығы бар теориялық
тұжырымдары мен ережелерінің маңыздылығын айқындау жолымен анықталады. Зерттеу нәтижелерін болашақта ғылымның нақты бір саласында қолдануға мүмкіндік беретін тұжырым ретінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |