Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет5/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М
күнделік оқу-танысу практикасы
1.1 Ғылымның қоғамдағы рөлі

Ғылым - білім алуға бағытталған, білімнің жинақылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык қызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинақталған ақпараттардың, сілтемелердің, қызмет пен пәнге берілетін нұсқаулардың жиынтығы болып


табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда, жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым табиғат (материалдық) дүниесі мен қоғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде көрініс береді.


Ғылым біртұтас бола тұра, жеке ғылымдар деп аталатын бірқатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді қоршаған дүниенің көптүрлілігінен болар, сондықтан ғылымның жеке саласы көпқырлы қызметтің белгілі бір жақгарын зерттейді. Осыған орай табиғат туралы ғылымдар - жаратылыстану, қоғам туралы - қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы - логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика - өзі бір арнайы ғылым.



9


Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына - механика, физика, химия, биология; қоғамтану ғылымдарына - тарих, экономика, құқықтану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың әрқайсысы бірқатар ғылыми пәндерді құрайды. Мысалы, физика оптикаға, қатты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінің пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді.

Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін төрт қажетті элементтен тұрады:





  • ғылым субъектісі - ғалым. Ғылым субъектісі жеке адам немесе ғылыми ұжым болуы мүмкін;




    • объект (нәрсе, пән саласы) - алынған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтін нысаны;




    • ғылымға тән және оның пәнімен шарттасқан әдістер мен тәсілдер жүйесі;




    • табиғи немесе жасанды, өзіндік қолтаңбалы тіл (белгілер, терминдер, символдар, химиялық формулалар).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет