Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет89/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М
күнделік оқу-танысу практикасы
Практикалық тапсырма


Берілген мақалаға қазақ орысжәне ағылшын тілдерінде аңдатпа жазыңыз.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН ЖҮМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ


(Б. Блум таксономиясы негізінде)

Бүгінгі таңда жоғары мектеп оқытушыларының азары студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту идеясына бағытталған. Осыған сәйкес оқытудың жаңа инновациялық технологияларын сабаққа енгізу әрбір оқытушының басты мақсаты болып отыр, өйткені елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай білетін, шұғыл шешімдер қабылдауға



89


дайын тұратын, белсенді, шығармашылықпен және сыни тұрғыда ойлай алатын мамандар қажет. Сыни тұрғыдан ойлау оқытушы мен студент жұмысының тиімді болуында маңызды рөл атқарады.

Сыни ойлау - ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану [1, 15]. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының түрлі тәсілдері оқыту әдісінің стандартты түріне мүлдем ұқсамайды. Мұндай сабақтарда студенттер өз бетінше білім алуға, бір-бірін тыңдай білуге, тұжырым жасап, ой қорытуға үйренеді. Оқытушы бұл ретте үйлестіруші қызметін атқарады: ол студенттерді сырттай бақылайды, студенттердің айтқан ой-пікірлеріне өз пікірін таңбай ғана талдау жасап, қажет жеріне түзетулер енгізеді. Осылайша бірлесіп жасалған жұмыс студент пен оқытушыны жақындатады, әрбір студенттің өзін-өзі бағалау деңгейін көтереді, студенттердің дұрыс ойлай алу әрекеттерін қамтамасыз етеді.


Сыни ойлау сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін мәселелерді айқындаудан басталады. Студентөзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Қазіргі кезде студенттің өз бетінше жұмыс істеуінің маңызы артты, себебі аудиториялық сағаттар көлемінің айтарлықтай деңгейде қысқаруы, осыған орай студенттің өзіндік жұмысына (СӨЖ) бөлінетін сағаттың көбеюі студенттің өз бетінше білім алуы мен өзін-өзі дамыту қабілетін, өз бетінше еркін сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді [2].


Қазіргі заманғы қарым-қатынас жағдайында қазақ тіліндегі ақпаратты оқып түсінуде, алынған ақпаратты жеткізе білуде сөйлеу әрекетінің айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым сияқты барлық түрін меңгерудіңқажеттілігін уақыт көрсетіп отыр. Сөйлеу әрекетініңбарлықтүрін меңгеру деңгейі тілдік қарым-қатынас тәжірибесінде маманның тікелей өз мамандығы бойынша мазмұнды әдебиетті оқуымен, мақала, кітап, оларға аңдатпа жазу сияқты жазбаша ақпарат алмасуымен, конференцияларға тезис жазуымен, мекемелерде ісқағаздарын жазуымен т.б. тексеріледі. Сыни ойлау мен сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын әрі оның теориялық және шығармашылық ойлауын жетілдіруге бағытталған бұл оқыту технологиясы білім алушының сөйлеу мәдениеті шеберлігін қалыптастыруға бастау болады.


Сыни ойлауды педагогикалық көзқарас тұрғысынан белсенді, шығармашылық таным үдерісі ретінде қарастыруға болады. Бұл технология арқылы оқытушы аудиторияға берілген мәселені шешу тәсілдерін студенттерімен бірлесіп ізденіп, оқытушы мен студенттер арасында жағымды ахуал қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдер жүйесін құрастыра алады.


Сыни ойлауды дамыту технологиясының негізін «Ой қозғау - Ұғыну




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет