Диплом жұмысы 5В060200 «Информатика»



бет3/18
Дата09.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#110549
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
602-61 Тұрганбаев Зұлпыхар

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...............................................................

62


КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының азаматтары, әсіресе студенттер мен кәмелет жасындағы оқушылар арасында Интернеттен пайдаланбайтыны өте аз десек қателеспейтін шығармыз. Елімізде жүріп жатқан инновациялық технологияларды енгізу үрдісі қазақ елін өндірістік кезеңнен ақпараттық қоғам кезеңіне өткізуі анық. Осындай өтпелі кезеңде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана және жоғары деңгейде талдай білетін мамандар қажет-ақ. Бұл жаңа ғасырдың, бүгінгі күннің талабы.

Өткен ғасырдың соңында Интернет пен WWW жүйелерінің пайда болуы, есептеу техникасының қарқынды дамуы, ғылымда жаңа салалардың пайда болуына әкеп соқты. Солардың бірі Интернетке арналған технологиялар. Қазіргі таңда IT-технологиялар осы бағытта жылдам дамуда.

Internet (Interconnected net work) бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, кең ауқымды компьютерлік желілердің желісі. Ақпаратты тарату мақсатында мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің, университеттердің, ұйымдардың т.с.с. желілерін бір жүйеге біріктіріп TCP/IP хаттамаларын пайдалана отырып жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, графика, фото, аудио, видео, анимация т.б сияқты өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың негізгі қызметтеріне – WWW (World Wide Web) - бүкіләлемдік өрмек, Е-mail - электрондық пошта, ISQ (I seek you) - нақты уақыт кезінде хат-хабарлар алмасу, әңгімелесу және ҒТР (File Transfer Protocol) - файлдарды тасымалдау т.б. жатады [1,2].

Қолданыстағы Интернеттің қызметтері көп, жыл сайын жаңа қызметтер қосылуда. Соның ішінде ең көп тарағаны және қолданылатыны WWW жүйесі. Жалпы, WWW - Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат жүйесі, оны қысқартып Web деп те атай береді. Ақпарат Web-құжаттарда мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі Web–сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web–құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы олардың бірінен біріне ауыса береді.

WWW мен оның бағдарламалық жабдықтамасы – Интернет желісінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWW негізінде HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) - гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары HTML (Hyper Text Markup Language) - гипермәтіндік белгілеу тілі көмегімен құрастырылады [3-5].

Жалпы, WWW қызметіндегі барлық гипермәтінді құжаттардың жалпы бір қасиеті, олардың барлығы негізінен HTML тілінде жазылған. Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Ал, HTML тілі гипермәтіндерді Web-құжат түрінде бейнелеуге арналған нұсқаулар жиынын анықтайды. Сонымен қатар Web-құжатқа суреттерді, кестелерді түрлі түспен бейнелеу мүмкіндігін береді. Web-құжаттар Интернеттің WWW қызметімен бірге дами отырып, оның соңғы технологияларымен үнемі толықтырылып отырылады. HTML тілінде жазылған гипермәтіндік құжаттар браузер терезесінде ықшам түрде көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсету тіліне жатпайды. Ол гипермәтіндердің атқаратын қызметін анықтап, оларды тұтынушыға бейнелеп жеткізетін тіл болып есептеледі.

Web-құжаттарды қарап шығу үшін арнайы бағдарлама - браузер (browser) қажет. Қазіргі таңда кеңінен таралған браузерлер қатарына Internet Explorer (Microsoft), Opera (Opera Software ASA) және FireFox (Mozilla Corporation) бағдарламалары жатады. Браузерлер WWW-тен басқа Интернеттің басқа да қызметтерімен де (Е-mail, FTP) байланыса алады [6].

Қазіргі таңда тек қана HTML тілін пайдаланып, Интернетке арналған Web-құжат құрастыру жеткіліксіз. HTML тілінің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған Интернет-технологиялар дамуда. Мұндай технологияларға төмендегілер жатады [7]:



  • құжатты «логикалық» пішімдеуге арналған CSS – каскадты стильдер кестесі;

  • JavaScript немесе VBScript тілдерінде жазылған скрипттер;

  • Java тілінде жазылған апплеттер;

  • Perl, C++ тілдерінде жазылған CGI-скрипттер;

  • GIF және Flash-анимациялар;

  • AVI, MPEG форматындағы видеоклиптер;

  • WAV, MP3, MIDI форматындағы аудиоклиптер.

Біз зерттеу жұмысында CSS технологиясын және оның басқа технологиялармен байланысын қарастырамыз. CSS (Cascade Style Sheets) каскадты стильдер кестесі технологиясы - желідегі бірнеше бір-бірімен байланысқан гипермәтіндік құжаттарды бірыңғай «логикалық» пішімдеуге арналған. Бұл технология Web-құжат парақтарын тұтынушының монитор экранында бірдей бейнеленуін және жылдам жүктелуін қамтамасыз етеді. CSS технологиясын пайдаланып Web-сайттағы барлық құжаттағы гипермәтіндердің шрифтін, түсін, өлшемін, пішімін т.б. өзгертуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет