Диплом жұмысы 5В060200 «Информатика»



бет4/18
Дата09.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#110549
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
602-61 Тұрганбаев Зұлпыхар

Дипломдық жоба тақырыбы: Инновациялық Web-жобада CSS технологиясын пайдаланудың алгоритмдік мәселелері.

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда Интернет жүйесі мен IT-технологиялардың дамуына және Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға өтуіне байланысты инновациялық Web-жобалар, креативті идеялар қажеттілігі туындап отыр. Біздің елде осы мәселелердің маңызды екендігі және оларды шешу қажеттігі жайында нақты бағыттар бар, инновациялық Web-жобалар құрылып, амалға асырылып жатыр. Бұл жобалардың орындалуы тек есептеу желілері мен телекоммуникацияны дамытуға, дербес компьютерлерді көбейтуге емес, жоғары білікті мамандарды дайындауға да көп байланысты. Қазіргі таңда IT-маманның білімі мен біліктілігі Интернет-технологияларды дұрыс пайдалана білуге де тәуелді. Сонымен қатар инновациялық Web-жобалардың жұмыс аймағы ауқымды, көлемі үлкен және пайдаланатын Интернет-ресурстары желілік екендігін ескеру қажет. Интернетте инновациялық Web-жоба ұйымдастыруда көптеген Web-құжаттардан пайдаланамыз. Егер Web-құжаттар бір-біріне тәуелсіз компьютерлерде сақталатынын және оларды виртуал жинақтау керектігін еске алсақ, онда Web-құжаттарға жалпы стильдерді, шрифттерді, форматтарды, фильтрлерді, т.с.с. енгізуге қажеттілік туады. Web-құжаттарда барлық гипермәтіндер бір түрлі форматта, стильде болуы тұтынушыға қолайлылық тұғызады. Web-құжаттардағы дизайн мен анимация да көп роль ойнайды. Интернетте көп тараған HTML 3.2 тілі гипермәтін құжаттарды «физикалық форматтау» әдісімен ұйымдастырады. Web-форматтаудың бұл әдісінде тэгтер мен олардың атрибуттары әрбір жаңа абзацта қайталанады. Бұл Web-жобадағы құжаттардың бастапқы кодтағы мәтін көлемінің ұлғаюына әкеледі. «Физикалық форматтауда» Web-жоба құрылымына талдау жасау браузерлерге, ақпаратты іздеу жүйелеріне көп уақыт талап етеді, нәтижеде Web-құжат монитор терезесінде өте жай бейнеленеді.

Зерттеу жұмысында W3C Интернет консорциум 2011 жылы июнь айында бекіткен CSS технологиясының 2.1 спецификациясы қаралады. Сонымен қатар Web-құжат құруда «логикалық форматтау» әдісін қолданамыз. Бұл әдісті Интернет консорциум ұсынған HTML 4.0 тілінде қарастырамыз. «Логикалық форматтау» Web-құжаттың құрылымы мен сипаттауын бөлектеуге әкеледі. Нәтижеде Web-құжаттың көлемі мен оның жедел жадыға жүктелу уақыты қысқарады және оларды ақпаратты іздеу жүйелері (Yandex, Google, Rambler) жеңіл талдай алады, қажетті гипермәтін қашықтағы Web-жобаға берілген пішімде жеткізіледі. Мұның барлығы инновациялық Web-жобаларда CSS технологиясын пайдаланудың алгоритмдік мәселелерін зерттеудің өзектілігін айқындап, оларды зерттеу қажеттігін талап етеді.



Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмысының мақсаты инновациялық Web-жобада CSS технологиясын пайдаланудың алгоритмдік мәселелерін талдау. Нәтижеде Web-жобаның көлемі мен оның жедел жадыға жүктелу уақыты қысқарады және ақпаратты іздеу системалары оларды жеңіл талдай алады. Зерттеу жұмысының міндеттері CSS 2.1 спецификациясын, CSS технологиясының синтаксисін, қасиеттерін, оларды пайдаланудың тиімділіктерін, қазіргі кездегі CSS технологиясын қолдану мен жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық жабдықтаманы, теориялық мәліметтерді зерттеу жұмысында қарастыру.

Зерттеу нысаны. Жұмыста зерттеу нысаны ретінде CSS технологиясы, оның 2011 жылғы CSS 2.1 спецификациясы алынып отыр. CSS каскадты стильдер технологиясы W3C Интернет консорциумы ұсынған «Web стандарттары» деп аталатын технологиялардың бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда Интернеттегі барлық Web-сайттар үшін осы спецификацияға өту және қолдану қажеттігі туындап отыр. CSS 2.1 спецификациясының синтаксисі CSS стильдер кестесінің алдыңғы версияларын да өз ішіне алады. Сонымен қатар, CSS технологиясының келешекте құрылатын жаңа версияларында да осы синтаксистің ядросы сақталатыны анық, тек қана жаңа синтаксистік құрылымдар қосылуы мүмкін. Мұндай мұрагерлік және полиморфизм принциптері Web-дизайнерлерге кез келген гипермәтіндік құжатты синтаксистік талдау мүмкіндігін береді.

Жұмыстың жаңалығы, ғылыми және практикалық маңызы: CSS стильдер кестесі IТ-технологияларының дамуынан туындап отырған Интернет-технологияның жаңа түрі. Қазіргі таңда бұл технология енді дамып келе жатыр және оны құру әдістері толық зерттеліп болған жоқ. Жұмыста CSS стильдерін Web-құжатқа енгізу әдістері толық зерттелді және осы әдістердің іс-жүзінде қолданылуы көрсетілді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде «HTML & CSS» электрондық офф-лайндық анықтама құрылды. Бұл анықтаманы CSS технологиясы бойынша алғашқы еңбектердің бірі деп есептеуге болады. Сонымен қатар айта кететін мәселе, электрондық анықтама компиляцияланған, басқа бағдарламалардан тәуелсіз жұмыс жасайды және тұтынушыдан арнайы білімді талап етпейді. Онда соңғы Интернет-технологиялар қолданылған, дизайны көркем, интерфейсі түсінікті.

Зерттеу әдістері. Жұмыста зерттеу әдістері WWW, HTML және CSS технологияларына негізделген. Сонымен қатар, Web-бағдарламалау әдістері, GIF және Flash-анимациялар, Java-скрипттер қолданылған. «HTML & CSS» офф-лайндық анықтамасын құруда Web develoment Studio редакторынан, компиляциялауда Natata Software бағдарламасынан пайдаланылған.

Жұмыстың көлемі мен мазмұны: Дипломдық жоба кіріспе, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Жұмыс көлемі, қосымшаны қоспағанда 63 бет, оның ішінде 2 кесте, 9 сурет, пайдаланған әдебиеттер саны - 15.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеті, зерттеу нысаны мен әдістері, жаңалығы, ғылыми және практикалық маңызы және қысқаша мазмұны көрсетілген.

Бірінші тарауда CSS концепциясының мәселелері қаралған. Бірінші бөлімде CSS технологиясының пайда болуы, синтаксисі, лексикасы және грамматикасының ережелері берілген. Екінші бөлім СSS технологиясының қасиеттері мен олардың қабылдайтын мәндерін сипаттауға арналған. Үшінші бөлімде CSS стильдерін Web-құжатқа енгізу әдістері зерттелген және мысалдармен түсіндірілген.

Екінші тарау СSS технологиясының алгоритмдік мәселелеріне арналған. Бірінші бөлімде гипермәтіндік құжат құру технологиясы, Web-жоба құруға қажетті бағдарламалық құралдар, гипермітіндік құжат құрылымы, гипермітіндік құжатқа CSS технологиясын енгізу тэгтері сипатталған. Екінші бөлімде CSS стильдер кестесін құру алгоритмдері талдап көрсетілген. Үшінші бөлімде «HTML & CSS» Web-жобасын құру технологиясы көрсетілген.

Қосымшада «HTML & CSS» офф-лайндық анықтамасының негізгі беттері мен бағдарлама кодының листингі берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет