5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы



бет1/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,7 Mb.
#36348
  1   2   3
5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша

3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы



3- курс



Пән коды

Пән аты және кредит саны

Пререквизит-тер

Постреквизит-тер

Пәнге сипаттама

Күтілетін нәтиже

1


KKTS 3201


ҚҚТ Синтаксисі

3 кр.


Нормативті қазақ тілі, Жай сөйлемдер синтаксисі.

Жалпы тіл білімі, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Синтаксис ( гр.σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өз ара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерің зерттейді. Қазақ тілінің Синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің Синтаксисі, сөйлемнің Синтаксисі. Соңгысы өз ішінен жай сөйлемСинтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі,сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімніңсептік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т.б.,грамматикалық қасиеттеріне негізделеді.

Аталған пәннің жүргізілуі студенттерге синтаксис бойынша ғылыми теорияны танып үйрету, қалыптасқан теориялық негіздемелер мен дәйектемелерге олардың көзін практикалық тұрғыда жеткізу. Студенттер сөз тіркесі, сөйлем олардың құрылысы, т.б. мәселелер бойынша мағлұмат ала отырып, зерттеу, салыстыру, өз пікірлерін тұжырымдау дағдылары қалыптастырадыОйлау жүйесін дамытып, пікір алысу, коммуникативтік қарым-қатынас жасау машықтары орнығады. Синтаксистік талдау жасауға дағдыланады.

TN3201

Есімдер синтаксисі-нің мәселелері 3 кр.

Нормативті қазақ тілі

ҚҚТ Морфологиясы, Тіл біліміне кіріспе



Жалпы тіл білімі, ҚҚТ Синтаксисі, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, Қазақ тілінің оқыту әдістемесі.

Есімдер синтаксисі өзінің даму тарихы, өсу, қалыптасу жолы қоғам дамуына сәйкес бірнеше кезеңдерден тұратындығымен және құрылымдығымен анықталады. Қазақ тіліндегі есімдер синтаксисі сөз таптарының тіркесінің негізінде өзара сөз тіркесін құрайды. Есімді сөз тіркестері өзара қабыса, меңгеріле байланысады. Тіл заңдылықтарына сәйкес, қоғамдық -әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты дамитын синтаксистің көлемді саласы екендігі көрсетіледі.Есімдер синтаксисі жүйесін құрайтын лексика ерекшеліктерін меңгерту; тақырыптық топтарға жіктеліп, оларды қалыптастырудағы белгілі ғалымдардың тарихи орны көрсетіледі;

Студенттер синтаксистің ерекшеліктерін меңгере отырып, бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалармен қатар оқу жүйесіне ене бастаған тың ізденістер туралы мәліметті меңгереді. Ой дамуын қалыптастырып, тұтас логиканы қамтамасыз етеді. Шындық факторларының нәзік реңктерін, синтаксистік құралдар арқылы нақты, дәл табуға үйренеді. Сөйлеу тілін көркем беруге дағдыланады.

SZhZh 3201


Сөздіктермен жұмыс жасау , 3 кр.

Нормативті қазақ тілі, Қазақ тілінің орфоэпиясы мен орфографиясы, Тіл біліміне кіріспе.

Жалпы тіл білімі, қазақ әдеби тілінің тарихы, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды лингвистиқалық, (филологиялық) және анықтама сипатындағы энциклопедиялық Сөздіктер деп бөледі. Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталса, лингвистикалық Сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер, т.б. Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды дамытса, түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөзін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады.

Тілдегі түрлі сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйретеді. Аударма жасауға, өзге тілі үйренуге септігі тиеді. Әр саланың терминдерін білуге, сауатты сөйлеп, қатесіз жазуға дағдыландырады. Сөздік лексика қорын молайтады. Фразеологизмдермен сөйлеуге дағдыландырып, әр сөздің этимологиясын білуге жетелейді.

2

OAT 3202

Орыс әдебиетінің тарихы, 2 кр.

ХХ ғасыр басындағы әдебиет

Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби процесс, Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдеби сының тарихы, Қазақ әдебиетінің халықаралық әдеби байланыстары, Сын және аударма, Сын жанрлары.

Орыс әдебиетінің тарихы пәні жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде орыс әдебиетінің түрлі кезеңдердегі классикалық туындыларын талдап, көркемдік және жанрлық ерекшелігін таныту мақсатында жүргізілетін пән.Орыс әдебиетінің тарихы әлем әдебиетінің өзіндік ерекшелігі мол әдебиеттерінің бірі. Бұл пән орыс әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығын, әдеби ағымдар мен бағыттарды, және осндай-ақ орыс әдебиетінің қалыптасу және даму эволюциясын меңгертеді.

Орыс әдебиетінің тарихы – студенттерге орыс әдебиетінің классикалық шығармаларын талдауға, жанрлы ерекшелігін танытуға, авторларының творчестволық портреттерін меңгертуге арналған. Орыс әдебиетінің классикалық туындыларын игеру арқылы студенттер аталмыш әдебиеттің көркем тұрғыдан дамуы мен тенденциясы жөнінде көп мәлімет жинайды. Олардың көркемдік ойлаулары дамып, әдеби терминдермен танысуға және көркем мәтінді талдап, синтездеуге мүмкіндіктері туады.

TMDA 3202

ТМД әдебиеті, 2 кр.

ХХ ғасыр басындағы әдебиет

Қазіргі қазақ әдебиеті, Сопылық әдебиет, Қазақ әдебиетінің халықаралық әдеби байланыстары, Сын және аударма.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына енген елдер әдебиетінің тарихы жан-жақты, ғыылми негізде оқытылады. Әр елдің жекелеген классик қаламгерлері мен классикалық туындылары ұлттық ерекшеліктерге сәйкес талданып, оқытылады. Ш.Айтматов, А.Ахматова, М.Жалел, М.Кәрім, т.б. шығармашылығы оқытылады.

ТМД әдебиеті – студенттерге ТМД әдебиетінің классикалық шығармаларын талдауға, жанрлы ерекшелігін танытуға, авторларының творчестволық портреттерін меңгертуге арналған. ТМД әдебиетінің классикалық туындыларын игеру арқылы студенттер аталмыш әдебиеттің көркем тұрғыдан дамуы мен тенденциясы жөнінде көп мәлімет жинайды. Олардың көркемдік ойлаулары дамып, әдеби терминдермен танысуға және көркем мәтінді талдап, синтездеуге мүмкіндіктері туады.

KShA3202

Қазіргі шетел әдебиеті, 2 кр.

ХІХ ғасыр әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы әдебиет.

Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби процесс, Қазіргі қазақ әдебиеті, Сын және аударма.

Қазіргі әлемдік әдебиеттануда жекелеген ұлттық әдебиеттерді зерттеу саласы бойынша аса мол материал мен үлкен тәжірибе жинақталған, филологиялық ой-танымдар эволюциясын салыстыра қарастыру принципі қалыптасқан. «Қазіргі шетел әдебиеті» пәні бойынша соңғы он жылдағы тақырыптық тұрғыдан аса бай және алуан жанры әдеби үрдіс қарастырылған. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы ұлттық әдебиеттер дамуының негізгі тенденциялары оқытылады, әдеби қортындының болжамы жасалады.

Новелдік сыйлыққа ие болған әлемдік әдебиеттің авторларымен және оның шығармасымен танысу, студенттердің әлемдік білім көкжиегін кеңейтіп, іскерлік пен талдау шеберлігін дамытуға жол ашады. Шығарманың терең компоненттерін эстетикалық табиғатын таныту, ғылыми талдауға ұласады. Осы себепті студенттер көркем өнер туындысын ғылыми шынайы талдау жүйелігін дамытады.

3

KA 3203

60-80 жж. қазақ әдебиеті, 2 кр.

ХІХ ғасыр әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы әдебиет.

Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдеби сының тарихы.

«60-80 жж қазақ әдебиеті» пәні осы жылдар арсындағы қаламгерлердің прозалық шығармалары, оның дамуы туралы пән. Бұл пән 60-80 жж арасындағы жазылған прозаның кіші, орта, үлкен түрлері бойынша оқытылып, жазушылар шығармаларының идеялық, композициялық, т.б ерекшеліктері бойынша оқытылады. «60-80жж қазақ әдебиеті» курсының негізгі мақсаты-аталған жылдар ішіндегі қазақ қаламгерлерінің күрделі табиғатын таныту, олардың жаңашылдық кезеңі мен шығармаларының ерекшеліктерін түсіндіру және әдеби тұрғыдан талдап түсіндіру болып табылады.

60-80 жж. қазақ әдебиеті пәні - аталған жылдар ішіндегі қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын таныту арқылы студенттер бойында жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселелер аясында нақты баяндау, логикалық тұжырымдау сияқты біліктерді қалыптастырады.

AA 3203

Әдеби ағымдар, 2 кр.

ХІХ ғасыр әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы әдебиет.

Әдебиет теориясы, Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби процесс, Қазіргі қазақ әдебиеті.

Пәнді оқыту барысында қазақ прозасының қалыптасуы мен өркендеу жолдарындағы әдеби ағымдар мен көркемдік әдістер жан-жақты қарастырылады: - адамзат көркем ойлауының ірі сатыларындағы дәуірлер ауысуы, әдеби бағыттар мен ағымдардың алмасуы түрлі елдерде ұқсас, әрі тарихи жүйелі тәртіппен, сатылы түрде жүзеге асу заңдылықтары талданып, әлем әдебиетіндегі классицизмнің романтизмге, романтизмнің реализмге, натурализмге, модернизмге ұласып отыруы сынды құбылыстар зерделенеді

Әлемдік және қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдармен олардың түрлері туралы мәлімет бере отырып, ұлттық, көркемдік ой үрдісінің әдебиеттегі көрінісін танытады. Әдебиеттің мәні мен мазмұны, мақсаты мен міндеті, сыр сипаты жайлы әртүрлі ағымдар студенттерге әдебиеттің батыстық үлгідегі модернизм, постмодернизммен байланыстағы шығармаларын оқып меңгеру , оларға салыстыру , тұжырымдау, синтездеу тәсілдерін үйретеді.

AM 3203

Әдеби мектептер, 2 кр.

ХІХ ғасыр әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, Халық ауыз әдебиеті.

Әдебиет теориясы, Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдеби сының тарихы.

Әдебиеттану ғылымында әдеби мектеп ұғымы жалпы мағынада алынып, оның аясында ағым, бағыт, ұйым, топ, бірлестік категориялары да қарастырылады. Орыс зерттеушісі В.И.Кулешов «бағыт», «ағым», «мектеп» ұғымдарын біртектес ұғым ретінде қарайды.... Ағым-бағыт пен мектеп бір ұғымның аясында немесе синонимдік қатарда қоланыла беретіні тағы бар. Көркемдік әдіс туралы пікір білдіруші  Л.Тимофеев пен С. Тураев былай дейді: « ...мы говорим о художественных методах как наиболее общем понятии, о направлениях и о течениях как о его различных историко-литературных проявлениях и о школах и группах как наиболее частных его формах». Абайдың айналасына шәкірт жинауы әлемдік әдебиеттану үрдісінде табиғаты жағынан әдеби топ, үйірмелерге жақын.

Әлемдік және қазақ әдебиетіндегі әдеби мектептер олардың түрлері туралы мәлімет бере отырып, ұлттық, көркемдік ой үрдісінің әдебиеттегі көрінісін танытады. Әдебиеттің мәні мен мазмұны, мақсаты мен міндеті, сыр сипаты жайлы әртүрлі ағымдар студенттерге әдебиеттің батыстық үлгідегі модернизм, постмодернизммен байланыстағы шығармаларын оқып меңгеру , оларға салыстыру , тұжырымдау, синтездеу тәсілдерін үйретеді

4.


BA 3204


Балалар әдебиеті, 2 кр.

Халық ауыз әдебиеті ХІХ ғасыр әдебиеті ХХ ғасыр басындағы әдебиет

Қазіргі қазақ әдебиеті

Қазақ әдеби сының тарихы



«Балалар әдебиеті» пәні балалар тақырыбына жазған ақын – жазушылардың шығармаларын, олардың қозғаған проблемаларын меңгертеді. «Балалар әдебиеті» пәні жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде балалар шығармаларын талдап, пәннің ерекшелігін таныту мақсатында жүргізіледі. «Балалар әдебиеті» пәні қазақ әдебиетінің бір саласы ретінде оқытылады. Бұл пән студенттерге балалар шығармаларын, өлеңдерін, фольклорын, т.б таныстырады.

Білімгерлер балалар тақырыбына жазылған әдеби шығармалармен танысу арқылы Балалар әдебиетінің білім мазмұнымен , осы әдебиеттің көрнекті өкілдерімен, тіпті, этнопедагогика ауқымына кіретін халық ауыз әдебиеті үлгілерімен де танысып, мол мағлұмат алады.Аталмыш әдебиеттің жанрларымен танысып, мәтінмен жұмыс жасауды, әдеби текске лингвистикалық, филологиялық талдау жасау дағдысын меңгереді.

4

TzhBA 3204

Тәуелсіздік жылдарындағы балалар әдебиеті, 2 кр.

Қазіргі қазақ әдебиеті Балалар әдебиеті

Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби процесс

Қазақ әдеби сының тарихы



Балалар поэзиясы-тәрбие құралы екенін ескерсек, қоршаған ортаның баланы үлкен қиял әлеміне, асқар-асқар арман асуына, тазалық, сұлулық секілді қасиеттерге жетелеу мақсатында жырлануы тәрбие берудің бір жолы. Тәуелсіздік жылдарында қазақ поэзиясында жасындай жарқ етіп, жұлдыздай сөнген жас талантты ақындардың бірі - Н.Мәукенұлы еді. Балаларға арнап өлең жазған қаламгерлер шығармашылығында мұндай бір сарынды табиғат жырлары көптеп кездеседі. Десе де, тәуелсіздік кезеңінде балалар поэзиясы таланты жас қаламгерлермен толыға түсті.

Тәуелсіздік жылдарындағы балалар әдебиеті студенттерді көркем шығарма текстін мәнерлеп оқуға, туындының экспресссивті-эмоциональды мағынасын ажыратуға сөздердің интонациясымен әуенін сақтап, сөз қолдануға үйретеді. Филологиялық білім-білік дағдыларын қалыптастыруға үлес қосады.

Aym 3204

Аймауытов-тану, 2кр.

ХХ ғасыр басындағы әдебиет

Қазіргі қазақ әдебиеті

60-80 жылдардағы қазақ әдебиеті

Қазақ әдеби сынының тарихы


Жүсіпбек пен Мұхтардың алашқа қатысы, тілектестігі бұрыннан белгілі. 1918 жылы Семейде Алашорда жұмысына араласып, екеуі “Абай” атты журнал шығарды, елдіктің, тәуелсіздіктің туын көтерген өлең, әңгімелер, мақалалар жариялады, Жүсіпбектің «Ұран», «Әскер марсельезасы» өлеңдері сол тұста жазылған. Олар қазақ халқының азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресінің ұранына айналды. Патша құлағаннан кейінгі үмітін ақын Алашордаға артты. Жүсіпбек пьесалары мен романдары қазақ халқының ел болуын, тәуелсіздік жолымен дамуын, оның оянып, есейіп келе жатқан жаңа адамдарын бейнелеу мақсатын көздеді. Ол шын мағынадағы европалық үлгідегі бірінші қазақ романын жазды, «Қартқожа» мен «Ақбілек» арқылы халық ішінен шығып, ұзақ өмір талқысынан өтіп барып жолын тапқан жас ұрпақтың өкілдерін көрсетті..

Жазушы Ж.Аймауытовтың шығармашылық лабораториясын меңгеру көркем әдебиеттің ерекшелігін, жанрын жазушы стилін тереңірек аңғаруға әсер етеді. Жазушының әдеби сын туралы мақалаларындағы көркем әдебиеттің мәселелері жөніндегі пікірлері мен танысу, қазақ әдебиеттану ғылымын жан-жақты білуге жазушының осы кезеңдегі шығармаларын талдау, синтездеу, қорытындылау, зерттеу тәрізді әдеби талдама жасауға үйретеді.

5

Ab 3205

Абайтану, 2 кр.

ХІХ ғасыр әдебиеті

Әдебиет теориясы

Қазіргі қазақ әдебиеті

Қазақ әдеби сынының тарихы

Сын жанрлары



«Абайтану» пәні ғұлама Абайдың жүріп өткен сара жолы, әртүрлі философиялық, педагогикалық, сыни, шығыс, батыс ойшылдарына деген көзқарасын, т.б меңгертеді. :«Абайтану» пәні жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде болмыс – бітімін таныту мақсатында жүргізіледі. «Абайтану» пәні қазақ әдебиетінің бір саласы ретінде оқытылуда. Бұл пән студенттерге адамгершілік, адами болмыс, тіршіліктің қыр – сырын, т.б таныстырады.

Абайдың шығармашылық портретін танытумен бірге Абай поэтикасын, философиясын, сыни көзқарастарын және Абай шығармашылығын зерттеген ғалым, әдебиетшілердің еңбектерінің үлкен галереясын танытады. Сөз қуатын түсіну, өлеңнің эстетикалық табиғатын сезіну, адам сезімімен психологиясын беру, қиналыс пен серпілісті табиғат пейзажымен гармониялық бірлікте берудің әдіс-тәсілдерін шебер үйретеді.

Aba P 3205

Абай поэтикасы, 2 кр.

ХІХ ғасыр әдебиеті

Әдебиет теориясы

Қазіргі қазақ әдебиеті Қазақ әдеби сының тарихы



Абай поэтикасы пәні қазақ халқының классик ақыны А.Құнанбаевтің өмірі мен шығармашылығын терең түрде меңгертуге арналған.Ақынның өмір деректері, айналасы, ақынның қоғамшыл ниеттегі достары, жанұясы, Абайды зерттеген ғалым сыншы әдебиетіші ғалымдар еңбектері, монографиялары, әдеби туындылар, т.б.ақынға қатысты зерттеу мақалалар, естеліктер, «Абай жолы» роман-эпопесы талданып,ол туралы тың дүниелер сөз болады.Абай ақындығы, көркем сөздері талданады.

Абай поэтикасы арқылы студенттерге өлеңді жүрекпен, сезіммен ғана қабылдауға үйретеді. Әдеби айтысқа жетелеу, сөз құдіретіне терең бойлау, практикалық зерттеу жұмыстарына баулу, іздену, белсенділікті арттыру. Поэзияның мәнін түсіну, өлеңді мәнерлеп оқу, жаттап алу сияқты білім-біліктерді қалыптастырады.

5

AZhKKA 3205

Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің байланысы, 2 кр.

ХІХ ғасыр әдебиеті

Әдебиет теориясы

Қазіргі қазақ әдебиеті



Қазақ әдеби сынының тарихы

Абай және қазіргі қазақ әдебиеті пәні қазақ халқының классик ақыны А.Құнанбаевтің өмірі мен шығармашылығын бүгінгі әдебиетпен байланыстыра оқытады. Абай шығармашылығы бүгінгі күннің шығармашылығымен сабақтастыра оқытылып, Абайша қалам сілтеген, Абайға еліктеген ақын –жазушылардың творчествосымен сабақтастырыла оқытылады.Абай-Қадыр, Абай-Мұқағали, Абай-Төлеген, т.б.байланыста жүргізіледі.Ақынның өмір деректері, айналасы, ақынның қоғамшыл ниеттегі достары, жанұясы, Абайды зерттеген ғалым сыншы әдебиетіші ғалымдар еңбектері, монографиялары, әдеби туындылар, т.б.ақынға қатысты зерттеу мақалалар, естеліктер сөз етіледі.

Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің байланысын оқу арқылы халқымыздың тарихын, күрес-тартысын, тұрмыс-салтын, дүниетанымын, рухани биігін танытамыз. Абай поэзиясындағы ой мен сезім тұтастығы сөз қуатын танытады.Абайдың эстетикалық талғамы, стилі, өлең жазудағы биік мақсаты эстетикалық концепциямен ән туралы айтқан өнерді танытуға ұмтылған шындықпен ұласады. Студент бойында қазақ өмірін, өнерін және поэзиясын құрметтеу білігі қалыптасады.

6

Au 3206


Әуезовтану, 2 кр.

ХХ ғасыр басындағы әдебиет, Халық ауыз әдебиеті,. Ортағасырлық әдебиет.

Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби процесс, Қазіргі қазақ әдебиеті.

Қаламгердің барлық жанрдағы туындылармен таныса келе, студенттерге аррнаулы пән арқылы Әуеовтану әліппесін ашып, рның суреткерлік әлемімен сыншы ғалымдар еңбектерін меңгертеді. Студенттерді қазақ әдебиетінің классигі М.Әуеовтің творчестволық жолымен, көпке дейін белгісіз болып келген өмірбаяндық деректермен таныстыру мақсатында жүргізіледі. Әуеовтану пәні қазақ әдебиетінің бір саласы ретінде оқытылуда. Бұл пән студенттерге адамгершілік, адами болмыс, тіршіліктің қыр-сырын т.б. таныстырады.

Студенттер классик жазушы М.Әуезовтың шығармашылық лабораториясымен толық танысып, жазушының стилдік қол таңбасын танып шығады. Әдеби мәтінді көркемдік детальдар арқылы, образдар жүйесі арқылы, сюжеті мен композициясы, тілдік ерекшелік арқылы сауатты талдау, синтез жасауға қалыптасады.

Bay3206

Байтұрсыновтану, 2кр.

ХХ ғасыр басындағы әдебиет

Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдеби сынының тарихы.

Ахмет Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.

Тілші, ғалым А.Байтұрсыновтыңшығармашылық лабораториясын меңгеру тіл білімінің ерекшелігін, құрылымын , тілдік заңдылықтарын тереңірек аңғаруға әсер етеді. Тілшінің тілдік материалдар туралы мақалаларындағы тіл білімі мәселелері жөніндегі пікірлері мен танысу, қазақ тіл білімі ғылымын жан-жақты білуге ғалымның осы кезеңдегі шығармаларын талдау, синтездеу, қорытындылау, зерттеу тәрізді тілдік талдама жасауға үйретеді.

6

AAO 3206

Алаш әдебиеті және сын, 2 кр.

ХХ ғасыр басындағы әдебиет

Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдеби сынының тарихы.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жанрлық тұрғыдан болсын, идеялық тақырыптық жағынан болсын сапалы, биік беңгейге көтерілген кез болып саналады. Алаш әдебиетінің белді өкілдері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және Ә.Бөкейханов сынды қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі, қуғын сүргінде жүріп жазған еңбектері, олар жайлы ғалымдардың ой-пікірлері көптеп басыла бастады. Архив құжаттары мен естеліктер монографиялар мен диссертациялар пәнге арқау болды

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде алашшыл әдеби сын қалыптасты. Алашшыл сын өкілдерінің қазақ баспасөзіне «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті шыққан мақалалары, өзіндік кітаптар «Қырық мысал», «Оян, қазақ», «А.Құнанбаев » т.б. шығуы алашшыл әдебиеттің бағыт-бағдарын көрсетті. Осы кезеңдегі қазақ әдеби сынының мәселелерді өткір көтеруімен, тақырып аясының кеңдігі, жанрлық ізденістері, әдеби хабар, шығармашылық портрет , проблемалық мақаланың жариялануымен танысу студенттерге тарихи, әдеби, танымдық , публицистикалық мәліметпен білімдерін молайтуға жол ашты.

Кәсіптік пәндер

1

TKN 3301

Тілдік қатынас негіздері, 2 кр.

Руна жазулары Көне мәдениет ескерткіштері Шумер жазулары Қазақ тіл білімінің тарихы Педагогика Психология

Нормативті қазақ тілі, Қазақ тілін оқытудың әдістемесі.


Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын ала бастауы – кейінгі жылдардың жемісі. Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды. Тілдік қатынастың негізі – сөйлеу, адамдардың сөйлеу процесі тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеуге де сонша ыцқпал етеді. Лингвистиканың қай саласындағы қағидалар мен заңдар болсын тілдік қатынастың қағидаларымен тығыз бірлікте дамиды және оған әсер етеді.

Аталмыш пәнді оқи отырып студенттер тілдік бірліктерді қолдану арқылы қарым-қатынас жасау, яғни заманауи кезеңдегі адамзат үшін аса қажет коммуникативтік қатынас жасаудың , сөйлеудің рөлін танытып, оны жетілдіру прцесін ұғындырады.Ауызекі сөйлеудің тиімді жолдарын меңгеріп, дұрыс, жүйелі, шешен, образды сөйлеу машығын меңгереді.

TBN 3301

Тыныс белгісінің негіздері, 2 кр.

Тіл біліміне кіріспе, ҚҚТ Орфографиясы мен орфоэпиясы.


ҚҚТ Стилистикасы, Қазақ тілін оқытудың әдістемесі.


Лекциялық курстың мазмұны мынадай бөлімдерден тұрады:

– орфография мен пунктуация теориясының өз алдына жеке сала екендігі;

– жоғары оқу орындарында орфография мен пунктуация теориясын оқытудың міндеттері, мазмұны мен принциптері;

– орфография мен пунктуация теориясының ережелері және олардың тармақтары: әріптердің емлесі, түбір сөздер мен қосымшалардың жазылуы, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер, шылаулар мен одағайлардың жазылуы, бас әріптің қолданылуы, сөздерді тасымалдау, тыныс белгілерінің түрлері.




Тыныс белгілерінің негіздері пәні жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде жеке пән ретінде, кейбір тіл топтарына арнайы курстық пән ретінде оқытылады. Себебі тілдің жазба формасын күнделікті өмірде жиі әрі жан-жақты қолданатын болған соң, қазақ тілінің қолданыстағы графикасы мен емле, пунктуация ережелерінің ғылыми негізін түсіндіреді. Болашақ тіл мамандары көне түркі жазуының графикасын, әліпбидегі әріптер мен графемалар санының арақатынасын меңгере отырып, олардың бойынша ауызша сөйлеу, жазбаша сауаттылық дағдысы қалыптасады. Сондай-ақ, жалпы жазу теориясының категорияларын меңгереді. Жазу мәдениетінің өркендеген, жетілген заманына айтылмақ ойды жазба түрде дәл, айқын жеткізе білу әрбір студенттен сауаттылыққа үйретеді.

1

PM3301

Пунктуацияның мәселелері

2 кр.


Тіл біліміне кіріспе, ҚҚТ Орфографиясы мен орфоэпиясы,

ҚҚТ Стилистикасы, Қазақ тілін оқытудың әдістемесі.


Пунутуацияның мәселелері - әдеби туындының тексін зерттеп, тыныс белгілерін танудың принциптері мен методикасын жинақтайтын арнаулы пән. Аталмыш пән көркем шығарманың тұрақты түпнұсқасын белгілейді, оның автор қолымен жазылған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан вариантын өзара салыстырады, әр басылымын автогрофпен салыстырады, текстің автор еркінен тыс жерлерін немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тыныс белгілері болса, қалпына келтіреді, түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы емле қателері болса, ұқыппен түзеп отырады. Бұл ретте оның ең өзекті мәселесі екеу: бірі - ғылыми мақсатпен, екіншісі - практикалық мақсатпен байланысты. Пунктуация ғылымының мақсаты - әдеби шығарманың немесе тарихи құжатты ғылымға белгілі барлық нұсқаларымен салыстыра отырып, баспаға әзірлейтін мәтінді сауатты қалыптастыру, оған ғылыми түсініктер беру де текстологияның төл ісі.

Текстология ны оқу барысында студент әдеби шығарманың мәтінін зерттеуге дағдыланады, автордың қолжазбасымен жұмыс жасауға үйренеді.Көркем туындының мәтінін ақтық нұсқамен салыстыруды, алғашқы қолжазбамен жұмыс жасау техникасын үйренеді.

2

ShAT3302

Шетел әдебиетінің тарихы, 3 кр.

Хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғасыр әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы әдебиет.

Қазіргі қазақ әдебиеті, 60-80 жылдардағы қазақ әдебиеті, Қазақ әдебиетінің халықаралық әдеби байланыстары, Сын және аударма.

Шетел әдебиетінің тарихы оқып-үйрену – Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының да басты мұрағаттарының бірі. Сондықтан, бағдарламада адамзат тарихы дамуының біздің жыл санауымызға дейінгі антикалық мәдениетінен бастап, қазіргі заманымызға дейінгі әдеби-фольклорлық мазмұнын оқып-үйрену бағдарын желі ету мақсат етіледі. Қазақшаға аударылған шығармалардың әдеби тек (эпос, лирика, драма) жанрлары жүйесімен оқытылуы негізгі теориялық-әдістемелік негіз болып саналады. Бағдарлама әлемдік сөз өнері дамуының тарихын әдеби шолу және монографиялық тақырыптар ауқымында оқытуды көздейді. .

Шетел әдебиетін оқытудың мақсаты- филология мамандығын меңгеруші болашақ мұғалімдерді шетел әдебиетінің озық үлгілері арқылы әлем әдебиетінің тарихи, саяси даму кезеңдерінде пайда болған жанрлармен таныстыру. Сол арқылы елмен елді байланыстырар мамандардың бір-біріне деген құрметі мен сыйластығын дамыту. Шетел әдебиеті пәндерін

AM3302

Аударма мәселелері, 3 кр.

ХІХ ғасыр әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы әдебиет.

Қазіргі қазақ әдебиеті, 60-80 жж. қазақ әдебиеті, , Қазақ әдебиетінің халықаралық әдеби байл-ры, Сын және аударма.

Аударма жалпы адамзат атаулының танымдық рухани алмасуы нәтижесінде мәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке қол жеткізуіне, санасының өсуіне, дүниетанымының кеңеюіне апаратын жол сияқты. «Аударма» сөзі жалпыға түсінікті, әрі көпшілікке белгілі болып табылады. Осыған қарамастан, бұл адам әрекетінің арнайы бір түрі және жемісі болғандықтан, ол ғылыми-терминологиялық анықтауды қажет етеді. Аудармашылардың өздері де «көркем аударма» ұғымына нақты анықтама беруге қиналады. Кейбір әдебиетшілер «аударма-түпнұсқаға негізделіп, түпнұсқаның басқа тілдегі көшірмесі» болу керек деген пікір айтады


Пән арқылы студент әдебиеттің дамуындағы рухани байланыстарды, әдеби аударма жасау сырын меңгереді.Аударма жасау біліктерін білу арқылы өзге ұлттардың әдебиетімен танысып, көкжиегі кеңейеді.Аударма жұмысының техникасын меңгеріп, тілдік құбылыстардың құбылу, өзгеру сырын , сөз этимологиясын, ономастикалық атаулар аудармасындағы заңдылықтар сырын жетік меңгеріп, тілдің көркемдік бояуын өз қалпында түсіну дағдысы қалыптасады.

2




DZh3302

Дастан жанры, 3 кр.

Халық ауыз әдебиеті, Хандық дәуір әдебиеті.

Әдебиет теориясы, Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдеби сынының тарихы.

Дастан – парсы тілі, әуелде айту, жырлау дейтн мағына беретін сөз еді. Кейін келе пөйезиә жанырының сюжетке құрылған оқиғалы саласының аты болып қалыптасты.  дастан -   пөйемә, хиса деген атаулармен де айтылып жүр. Дастан – әдебиет жанры. Фольклордың саласына жатады. Таяу Шығыс, Орта Азия, қазақ халықтары арасында кең тараған. Тақырыбына қарай қазақ дастандары батырлар жыры («Алпамыс»), тарихи жырлар («Бекболат»), ғашықтық жырлар («Қыз Жібек»), қиссалар («Тотының тоқсан тарауы») болып бөлінеді. Кеңес заманында еңбек ерлеріне, Отан соғысы батырларына, партия қайраткерлеріне арналған авторы белгілі дастандар шықты. Ол аңызды өзінше, көп жағынан өмір шындығына жақындатып, реалистік стильге бұрады».

Аталмыш пәнді оқыту барысында студенттер поэзия жанрын, оның түрлерін ,әсіресе дастан жанрының ерекшелігін,көр-кемдік сипатын, жазылу тарихын, оның зерттелу сипатын зерделейді. Студенттер жанрды анықтау, оның өзіндік ерекшелігін тани отырып, ізденушілік-зерттеу біліктерін игеріп шығады.

3

AK 3303

Әдебиеттануға кіріспе, 3 кр.

Хандық дәуір әдебиеті Халық ауыз әдебиеті Қазіргі дәуір әдебиеті

Әдебиет теориясы

Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби процесс

Сын жанрлары


Пәннің мақсаты әдебиет тарихының бастапқы көне өнер туындыларындағы күрделі әдеби жәдігерлерді табиғи көріністері мен эстетикалық ой сілемдерінің даму жолдары, әдебиет тарихының сол негізде ғылым болып қалыптасуы, ғылыми-зерттеушілік мектептердің әдіснамасы, көркем туындының болмыс-бітімі, әдеби жанр, көркемдік әдіс, ағымдар, көркем әдебиеттің философиялық, мәдениеттанушылық деңгейлерін ашып, баяндау мен ұғындыра білуде; студенттерді әдедби-көркем туындыларды талдап, пікір жинақтауға үйретуде.

Студенттер пән бойынша көркем шығарманы өздігінен талдауға үйренеді, әдеби терминдермен танысады. Көркем мәтінді ғылыми тұрғыдан талдап түсінуге машықтанады. Әдебиет теориясы жайлы ұғым түсініктерді меңгереді. Студент әдебиеттің өнер туындысына жататынын, образды бейнелеу қызметін суреткер шеберлігі туралы қаламгердің әлеуметтік тұлғасы, авторлық позициясы туралы танымдық, тарихи, тәрбиелік, эстетикалық тәрбие алып шығады. Әдебиеттің поэтикалық қасиетін меңгеріп, троптар мен фигураларды көркем шығарманы талдауда қолдану машығына ие болады.

3

AAO 3303

Алаш әдебиеті өкілдері, 3 кр.

ХХ ғасыр басындағы әдебиет

Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби процесс

Қазіргі қазақ әдебиеті

Қазақ әдеби сынының тарихы


ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жанрлық тұрғыдан болсын, идеялық тақырыптық жағынан болсын сапалы, биік беңгейге көтерілген кез болып саналады. Алаш әдебиетінің белді өкілдері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және Ә.Бөкейханов сынды қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі, қуғын сүргінде жүріп жазған еңбектері, олар жайлы ғалымдардың ой-пікірлері көптеп басыла бастады. Архив құжаттары мен естеліктер монографиялар мен диссертацияларға арқау болды. Қазақ әдебиетіндегі «ақтаңдақтар» мәселесі қазір жан - жақты қаралып, тың деректермен толығып, бірқатар белгісіз болып келген жәйттердің басы ашылды. Алаш әдебиетінің көрнекті тұлғаларының әдеби мұраларын тұтас бір көркемдік құбылыс ретінде қарау керектігі туралы ұсынысын білдіреді.

Алаш әдебиетінің өкілдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. шығармаларының идеялық бағыты, көркемдік сапасы және осы әдебиетті зерттеген ғалымдардың еңбектері мен танысу арқылы қазақ әдебиетінің жаңашылдық дәстүрін халықшыл көзқарас туралы мәлімет қабылдайды. Осы тұрғыда олардың бойында танымдық, эстетикалық, филологиялық және тарихи оқиғаны суреттеу шеберлігі қалыптасып, сараптама, ғылыми тұжырым және жүйелеу машықтары орнығады.

DZfKDT 3303

Драматургия жанрының қалыптасу және даму тарихы, 3 кр.

Мәдениеттану Эстетика

Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби процесс

Қазіргі қазақ әдебиеті

Қазақ әдеби сынының тарихы


Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш көтерген Сейфуллин болды. Оның “Бақыт жолында”, “Қызыл сұңқарларпьесаларындадрамаға лайықты сипат сақталған ШанинніңШахта” пьесасы бірнеше рет жөнделіп, өңделген нұсқасында қазақ жұмысшыларының өмірін, саяси күреске араласуын суреттейді. 20 ғасырдың 20-жылдарындағы отандық драматургияда әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Солардың бірі 1926 жылы Кемеңгеровтың “Алтын сақина” мен “Ескі оқу” пьесалары Қазақ драма театрының сахнасында қойылды. Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан Б.Майлиннің шағын комедиялары, Ж.Тілепбергеновтің “Сүйіскендер”, “Перизат — Рамазан”, Р.Малабаевтың “Үй тұтқындары”, “Ғұрып күні”, С.Аблановтың “Күндеспейтін қатын”, А.Тоқмағанбетовтың “Екі заң”, т.б. пьесалары орын алды. берді.

Драматургия жанрының қалыптасу және даму тарих пәні – студенттерді батыл да, айқын әрі дәлелді айта білуге өз пікірін, қорғауға, әдеби диалогтар, әдеби айтысқа жетелеуге, сөз құдіретін түсіну сияқты күрделі жұмыс түрлеріне дағдыландырады. Сценари жазуға, шағын пьеса, драммалық шығарма жазуға үйретеді. Интеграциялық оқытуға практикалық зерттеу жұмыстарына жинақтау, іздендіру сипатындағы тапсырмаларды орындау машығын қалыптастырады.

4

KDA 3304

Қазіргі дәуір әдебиеті, 3 кр.

Ежелгі дәуір әдебиеті

Халық ауыз әдебиеті



Қазақ әдебиеті, Қазақ әдеби сынының тарихы.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдағы (1917-1960) әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру. ХХ ғасырдың алғашқы екі ширегінде жазылып жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесіне айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады. Сондай-ақ аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімнің қаншалықты болғандығын назарда ұстаған жөн.

Қазіргі дәуір әдебиеті бойынша студенттер ұлттық әдебиетіміздің үздік туындыларын, мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған және республикалық жүлделерге ие болған таңдамалы шығармаларды талдайды. Көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып, ХХ ғасырдағы басты-басты әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, көркемдік-бейнелеу тәсілдері тұрғысынан талдап, шеберлік мәселелеріне байланысты бағалай білу қабілетін және студенттің өз пікірін қалыптастыруға үйретеді.

4

KAPM 3304

Көркем әдебиеттегі психологизм мәселелері, 3кр.

Психология, Мәдениеттану, Философия

Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдеби сынының тарихы, Сопылық әдебиет.

Көркем әдебиеттегі психологизмнің өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің ішкі әлемін, сезім күйін, ой-толғанысын, қуаныш-қайғысын барлық қайшылығымен терең ашып, үңіле зерттеп, шынайлылықпен нақты бейнелеуінен көрінеді. Психологизмнің үлгілері М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Т.Ахтанов, Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, М.Мағауин кездесу. Әдебиеттің психологизм табиғатын ашу- кейіпкер дүниесін ашу деген сөз. Психологизмнің диамикалық принципіне, яғни жанама тәсілге – төгілген тіл, терең ой, құнарлы, сөз байлығы болмаса, кейіпкердің жан дүниесін жарқыратып көрсету мүмкін емес.

Көркем мәтінді талдау барысында психологиялық шығарманың өзіндік ерекшеліктері студенттерге кейіпкерлердің ішкі әлемін ерекше серпіммен бағалауды, адам жанының әртүрлі қалтарысын, ішкі сырын бейнелеуді өзіндік көзқараспен зерделеп , психологиялық, аналитикалық, синтетикалық, динамикалық принциптерін үйренуге көмектеседі.

ЕМD 3304

Эпос мәтіні және дәстүр, 3 кр.

Фольклор және Ежелгі дәуір әдебиеті, Орта ғасыр әдебиеті, Әдебиеттануға кіріспе, Әдебиет теориясы

Қазіргі қазақ әдебиеті, Әдебиет теориясы қазақ әдеби сынының тарихы.

Фольклор тек қана, өткеннің қаһармандығы, рухани-рулық жады емес, сонымен бірге, күні бүгінге дейін тұрмысымыздағы өміршеңдік. Қазақ эпосының өзіндік ерекшелігі оның мәтіні қашанда тікелей дәстүрге арқа сүйейді. Эпостың стилінде ақын өзін көрсетіп қалуға тырыспайды, қалыптасқан эпос дәстүрін ұстанады. Эпосты эстетикалық факті ретінде, ақын санасының метапоэтикалық көрінісі ретінде талқылап, онда шырқалатын реалдылық эпосқа айналған, дәстүрлі универсум. Эпостық шындық болмысқа қатынасын сипаттау үшін Б.Н.Путилов мынандай тамаша бір тұжырым тапқан: «Шындық болмыс пен дәстүрдің қиысқан жерінде кез келген эпикалық сюжет туындайды».

Пәнді оқыту эпикалық туындының мәні мен болмысын автордың өзінен бөліп көрсетпейді. Эпос-образ, яғни болмыстың толық жетілген ұқсастық түрі. Болмыс- семантикалық қозғалыс үстінде, эпос бойынша кездеседі. Қаһарманның іс әрекетін шындық болмыспен сай суреттеу, эпикалық сюжетикаға шындық береді. Студенттер фольклор аясындағы фантазия элементтін бойына дарытып, шебер сөз саптауды ,эстетикалық принципті бойына дарытып, жадының мықты болуын дамытып, өзіне шабыт тудырып, поэтикалық амал-тәсілдерді жинақтайды.

5

КKTOO 3305

Қазақ тілінің орфоэпиясы мен орфографиясы, 2 кр.

ҚҚТ фонетикасы, Тіл біліміне кіріспе.

Қазақ тілін оқытудың әдістемесі, Тыныс белгісінің негіздері, Жалпы тіл білімі.

«Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы» дәрісі сауатты жазу мен сауатты сөйлей білудің, ана тілін мәдени меңгерудің құралы. Ондай құрал тілідің құрылымдық жүйесіне (системаға) лайық, пайдалануға неғұрлым жеңіл, қолайлы да тиімді болуға тиіс.Аталған пән іргелі теориялық курс болғандақтан студенттердің теориялық білігі мен ұғымын ғана жетілдіріп қоймай, практикалық дағдылар беруді де міндеттейді. Әдеби тілімізде сөздерді дұрыс жазу қандай маңызды орын алса, айтылудың да сондай маңызды екенін, стильдік ерекшеліктерді қамтып, белгілі тіл заңдылықтарына сүйене отырып, сөз мәдениетін сақтауға үйретеді

Қазақ орфоэпиясы студенттердің дұрыс, үндестік заңының үндесіміне байланысты шешен, жүйелі, образды сөйлеудің дағдыларын қалыптастырса, орфография елмелік жазу дағдысын игертіп, каллиграфиялық ережеге сәйкес сауатты жазуға үйретеді.Орфоэпиялық, орфографиялық сөздіктермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.


5

КOKT 3305

Қазақ орфографиясының қалыптасуы мен дамуы, 2 кр.

ҚҚТ фонетикасы, Тіл біліміне кіріспе, Түркітануға кіріспе.

Қазақ тілін оқытудың әдістемесі, Тыныс белгісінің негіздері.

«Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы» дәрісі сауатты жазу мен сауатты сөйлей білудің, ана тілін мәдени меңгерудің құралы. Ондай құрал тілідің құрылымдық жүйесіне (системаға) лайық, пайдалануға неғұрлым жеңіл, қолайлы да тиімді болуға тиіс. Қазіргі қазақ орфографиясы әдеби тілдің жазбаша түрінің нормалану процесіне зор ықпалын тигізеді.Оның 40 жылдан астам тәжірибесі жазу нормаларының тұрақталап, ала-құлалықтан арыла, жетіле түскендігін байқалады.Әдеби тілімізде сөздерді дұрыс жазу қандай маңызды орын алса, айтылудың да сондай маңызды екенін, стильдік ерекшеліктерді қамтып, белгілі тіл заңдылықтарына сүйене отырып, сөз мәдениетін сақтауға үйретеді.Әрбір тілдің сөздік қоры, грамматикалық құрылысы ортақ болатыны сияқты оның дыбыстық жүиесінің де жалпыхалықтық болатынын түсіндіреді.

Қазақ орфографиясының қалыптасуы мен дамуы пәні студенттерге қатемен жұмыс жасау техникасын , жазба жұмыстарында кездескен орфографиялық қателерді жоюмен жұмыс жасауға дағдыландырады.Қателердің шартты белгілерімен –таңбалармен танысу мүмкіндігін туғызады.Баспасөз материалдарымен, қолжазбамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.

GzhO 3305

Графика және орфография, 2 кр.

Ежелгі мәдениет жазбалары

Көркем өнер тарихы

Руна жазуы

Көне түркілік ескерткіштер тілі




Қазақ тілін оқытудың әдістемесі, Тілдік қатынас негіздері, Тыныс белгісінің негіздері.

Графика және орфография құрылымдық жүйесіне (системаға) лайық, пайдалануға неғұрлым жеңіл, қолайлы да тиімді болуға тиіс. Қазіргі қазақ орфографиясы әдеби тілдің жазбаша түрінің нормалану процесіне зор ықпалын тигізеді.Оның 40 жылдан астам тәжірибесі жазу нормаларының тұрақталап, ала-құлалықтан арыла, жетіле түскендігін байқатады. Аталған пән іргелі теориялық курс болғандақтан студенттердің теориялық білігі мен ұғымын ғана жетілдіріп қоймай, практикалық дағдылар беруді де міндеттейді. Әдеби тілімізде сөздерді дұрыс жазу қандай маңызды орын алса, айтылудың да сондай маңызды екенін, стильдік ерекшеліктерді қамтып, белгілі тіл заңдылықтарына сүйене отырып, сөз мәдениетін сақтауға үйретеді.

Студенттер қазақ тілінің тарихын, лингвомәдениет танымдық және этникалық сипатын меңгереді. Ежелгі қазақ мәдениетінің тарихи ескерткіштеріндегі таңбалық жазулар сырын талдап, тарихи сөздермен ономастикалық атаулардың даму кезеңдерін анықтайды. Олар зерттеу көздерінің құндылығын меңгере отырып, салыстырмалы –тарихи және типологиялық әдістерді меңгеріп шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет