ShAZhS 5303
|
Шығыс әдебиеті: жанр және типологиясы, 2 кр.
|
Тарихнама
Поэтика
|
Әдебиеттанудың өзекті мәселесі Алаш әдебиеті
|
Әдебиеттану ғылымындағы күрделі де көп анықтамалы ұғымдардың бірі – «жанр» термині. «Жанр» ұғымы аясында әдебиеттің эпос, лирика, драма секілді ірі тектерінің де, олардың ішкі құрамдас бөліктері болып табылатын жанрлық түрлердің де қамтылатыны белгілі. Шығыс әдебиетіндегі жанрлар теориясын зерттеген белгілі әдебиеттанушы И.В.Стеблеваның пайымдауынша, «жанр» ұғымы белгілі бір дәуірдегі белгілі бір мазмұн мен тұрақты түр белгілерін қамтитын, поэтикалық біртұтас жүйесі бар мәтіндер тобын біріктіреді. Ал жазба әдебиеттің біртұтас, тұлғаланған жанры ретіндегі мінәжаттың шығу төркіні исламдық араб поэзиясынан бастау алады. Басқа да бірқатар шығыстық жанрлар секілді исламдық мазмұндағы мінәжат түркі жазба әдебиетіне парсы поэзиясы арқылы сатылай енген.
|
Шығыс әдебиеті бойынша көркем шығарманың шығармашылық құрылымын , құрамдас бөліктерін меңгереді.Шығыс әдебиетінің поэтикасын , көркемдік құрылымдар мен олардың негізгі элементтерін (жанр, стиль, сюжет, композиция, т.б.) үйрену барысында мәтінтану, библиография және тарихнамамен жұмыс жасау техникасын меңгереді.
|
4
|
KAP5304
|
Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм, 2 кр.
|
Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері, Әдебиеттану дың өзекті мәселелері Алаш әдебиеті
|
Әдеби сын
Тәуелсіз кезеңдегі қазақ әдебиеті
|
XІX ғ.-дың. соңы 20 ғ.-дың ортасына әдебиет пен өнерде мәдениетте қалыптасқан филос.-эстетикалық қозғалыс.М. өнерде болып символизм (П.Верлен, А.Рембо, С.Малларме, О.Уайльд, В.Соловьев, А.Блок); эмпрессионизм (Г.Тракль, Ф.Кафка, Э.Мунк, А.Шенберг) және акмеизм (А.Ахматова, А.Гумелев, О.Мандельштам) арқылы көрініс тапты. Постмодернизмнің реализмге қарсы қойылуы. Бұл ретте Модернизм өмір болмысты бейнелеуге емес, өз шындығын көрсетуге ұмтылады. Модернисттер үшін өмір шындығы ұғымы-иллюзиялар, реминисценциялар. Мұнда негізгі ұғым цитаталар, реминисценциялармен толыға, ұлғая келе интермәтінге айналатын “мәтін” болып табылады.
|
Қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-постмодернизм әдісінің психологиялық иірімдерін, жазушылардың жаңашылдық тәсілдері мен авторлық позициясындағы көркемдік ізденістер туралы ақпарат алады.Әлемдік әдебиеттегі модернизм, постмодернизм бағыты жөнінде тәжірибе алмасады.Осы сипатта жазылған жазушылардың шығармалары-мен танысып, талдау-синтездеу әдісін игереді.
|
AA5304
|
Әдеби ағымдар, 2 кр.
|
Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
|
Қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдар Әдеби сын
Авторлық позиция проблематикасы
|
Әдеби ағымдар курсын оқыту барысында қазақ прозасының қалыптасуы мен өркендеу жолдарындағы әдеби ағымдар мен көркемдік әдістер жан-жақты қарастырады: адамзат көркем ойлауының ірі сатыларындағы дәуірлер ауысуы, әдеби бағыттар мен ағымдардың алмасуы түрлі елдерде ұқсас, әрі тарихи жүйелі тәртіппен, сатылы түрде жүзеге асу заңдылықтары талданып, әлем әдебиетіндегі классицизмнің романтизмге, романтизмнің реализмге, натурализмге, модернизмге ұласып отыруы сынды құбылыстар зерделенеді. Қазақ әдебиетінің даму бағыттары мен әдісі хақында түрлі ұстанымдағы пікірлер байыпталады.
|
Әлем және қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар туралы мағлұмат алады. Жаһандану дәуіріндегі әдебиеттегі әр түрлі бағыттардың дамуы мен ерекшелігі жөнінде білім ала отырып, көркем шығарманы талдауда аналитикалық талдау мен синтетикалық өнер туындысы ретінде бағалау, таразылауды, сараптауды меңгереді.
|
KАМ5304
|
Көркем аударма мәселелерінің практикалық негізі, 2 кр.
|
Аударма сөздік
|
Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі Аударма тілі Тарихи лексикологра фия
|
Көркем аударма мәселелерінің практикалық негізі – мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің тарихи негіздерін танытуға қызмет ететін ғылым саласы.Көркем аударма туралы жалпы түсінік. Сөздіктер туралы мәлімет. Сөздіктердің азаматтық тілдік тұлғасы. Сөздік жасау ісі бірнеше ғасырдан бері жасалып келе жатса да, олардың зерттелетін мәселелердің көптігі туралы сөз қозғалады.
|
Көркем аударма жасауға үйренеді.
Аударма жасаудың міндеттері мен принциптерін меңгереді.Сөзбен, сөздік құраммен жұмыс жасау тәртібін игереді.Сөздік қоры молаяды.Фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұлға-құрылымдар, тілдік бірліктер мен категория-лардың мазмұнын түсінуге жол ашылады.Өзге тілді үйрену дағдысы қалыптасады.Аударма жасаудың техникасын үйренеді.
|
2 курс, 3 семестр
|
Базалық пәндер
|
1
|
AzhMO6204
|
Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі, 3 кр.
|
Педагогика Әдіснама ғылымы
|
Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту әдістемесі Оқытудың жаңа технологиясы
|
Әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері. Әдістеменің ғылыми тұжырнамасы. Құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктері. Әдеби материалды оқыту, көркем мәтінді меңгерту бағытындағы әлемдік әдістеме тәжірибелері негізінде әдебиет сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу. Тарихи тәжірибе және оны оқытудың осы заманғы жаңа технологиясы. Инновациялық ізденістер. Озық әдістемелік тәсілдер және оларды пайдалану. Алдыңғы қатарлы әдістемелік үлгілер, мектептер, жекелеген әдіскерлер тәжірибесі.
|
Қазақ әдебиетінің ЖОО-да оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздерін игеріп шығады.Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын танытуда интербелсенді әдістерді қолдануды үйренеді.Әдеби шығарманы меңгеру арқылы өмірдегі сұлулықты тану, жан сезімдерін, адамгершілік қасиеттерді бойларына дарытып алады.Шешендікке, өз ойын әдеби нормада жеткізе алу дағдысын меңгеріп шығады.
|
APP6204
|
Авторлық позиция проблематика сы, 3 кр.
|
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
жанр
|
Әдеби сын Әдебиет және жанр
|
Авторлық позиция қырлары мен түрлерін, автордың шығарм. тұлғасын психологиялық, философиялық және эстетикалық тұрғыдан қарастыру мәселесі.
|
Көркем шығарманың авторлық позициясы, өзіндік «Менін» түсінуге үйретеді. Шығарманың эстетикалық табиғатын танытуда авторлық ой, пікірдің маңызды екенін негізгі ұстанымдар арқылы үйреніп шығады. Сөйлеу тілі, шығармашылық портреті дамиды.Өзіндік ойы қалыптасып, құзырлық деңгейі артады.
|
TKKAT6204
|
кезеңдегі Тәуелсіз кезең
дегі қазақ әдебиетінің тарихы 3 кр.
|
Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
|
Әдеби сын тарихы
Қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы
|
Қазіргі әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетінің көптеген мәселелері қарастырылып, зерттелуде. Соңғы, тәуелсіздік кезеңінде қазақ әдебиетінің түрлі жанрлары уақыт талабына сай зерттеу еңбектерінің негізгі арқауы болады. Әрбір кезең қазақ әдебиетіне танымал есімдерді, тың мәселе көтерген шығармаларды, поэзия, проза, драматургия жанрларындағы шығармаларды, олардың даму ерекшелігін айқындайды. Қазақ әдебиеті тарихының осы кезеңдегі шығармаларымен оқырмандар ықыласына бөленген, өзіндік дара тұлғасымен, суреткерлік стилімен есте қалған қаламгерлер сөз етіледі.
|
Тәуелсіз кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихы туралы мағлұмат алады.Осы кезеңдегі әдебиеттің сын-зерттеу саласында жүргізілген ізденістерін танып-біледі.Ұлттық әдебиеттану ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, қалыптасу жолдарын , әдебиет теориясын, тарихы мен сынынғылыми тұрғыда саралауға үйренеді. «Мәден мұра»ұлттық жобасының 2004-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасыме танысып, қазақ руханияты туралы мол мәлімет алады.Ұлттық рух, санасы кеңейеді.
|
Кәсіптік пәндер
|
1
|
ZhMRTOA 6305
|
Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі, 3 кр.
|
Педагогика Жалпы педагогика
|
Әдеб. Жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Оқытудың жаңа
технологиясы
|
Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі магистранттарға қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту болып табылады. Бұл пән әдістеме саласындағы инновациялық өзгерістерді, әдістеменің методологиялық- теориялық негіздемесін үйретуді, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді және әлемдік білім кеңістігіндегі тілді оқытудың жағымды нәтижесіне қол жеткізетін әдістері мен тәсілдерін де қоса қамтиды.
|
Қазақ тілін оқытудың методологиялық және философиялық негіздемесі келтіріліп, постиндустриалды дәуірдің білім жүйесі туралы ұстанымдарын, интербелсенді әдістеменің теориялық және методологиялық негіздемесі бойынша ақпарат алады.Интербелсенді оқуды жүзеге асырудың негізгі шарттары мен ережелерін үйреніп, интербелсенді әдістердің түрін игеріп, өмірлік қажеттілікте, практикалық іс-әрекетте еркін қолдана алады.Құзыреттілік деңгейі көтеріледі.
|
KTOZhA6305
|
Қазақ тілін оқытудың ғылыми әдістемесі, 3 кр.
|
Педагогика Әдістеме ғылымы Қазақ тілін оқыту- дың өзекті мәсе- лелері өзекті мәселелері
|
Әдеб. жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Оқытудың жаңа технологиясы
|
Қазақ тілінің ғылыми әдістемесі қазақ тілін оқытудың ғылыми жағын оқытуды қарастырады. Қазақ тілінің даму тарихы мен тарихи лексикасын , оның семантикасы мен этнолингвистикалық жағын ғылыми негізде оқытуды қарастырады.Қазақ тілін оқытудың ғылыми теориялық тұжырымдары, қазақ тілінің білім мазмұны , лингвомәдени жағын зерттеп оқытады.
|
Қазақ тілін ЖОО-да ғылыми негізде оқытудың методологиясын меңгереді.Жеке тұлғаны дамытудың функционалдық қызметін әзірлеу жөнінде ақпарат алмасып, оқу процесінде нәтижеге бағытталу , «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының «өмір бойы өздігінен үйрену» ұстанымына айналғаны туралы ғылыми негізде білім мазмұнын игереді.Білімгер өзін-өзі дамытудың жолын игеріп, өзінің ішкі мүмкіндігінің қайнар көзін ашуға ұмтылады.Осы негізде шығармашылық жұмыс жасауға талпынады.
|
KTQNO6305
|
Қазақ тілінің ғылыми тарихы, 3 кр.
|
Қазақ тілінің өзекті мәселелері
|
Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі
Әдеб. жоғары мектепте оқыту әдісемесі
|
Қазақ тілінің ғылыми тарихы қазіргі кезде адам факторының жан-жақты жетілген , көп тілді меңгерген тұлғасын ұлттық рухта тәрбиелеу мен адамзаттық құндылықтарды бағалауға үйретеді.Қазақ халқына қатысты тарихи ескерткіштерді саралап, тілдің қалыптасу тарихындағы кезеңдерді анықтау, қазақ тілінің танымдық, семасиологиялық, грамматикалық тұрғыдан талдауды үйрету осы пәннің еншісінде.
|
Білімгер көптілді меңгереді.Қазақ халқының тарихи, әдеби құндылықтарын игереді.Қазақ тілінің ежелгі дәуірден қолданыста болған тарихи сөздерін біліп шығады.Зат атауларында болған тарихи өзгерістердің, фонетикалық заңдылықтардың өзгерістерін үйреніп шығады.Ұлттық рухта тәрбие алады.
|
2
|
TKKAT6302
|
Тәуелсіз кезеңдегі қазақ әдебиеті тар2, 3 кр.
|
Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
|
Әдеби сын тарихы Қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы
|
Тәуелсіздік кезеңдегі әдебиетке сол кездегі әлеуметтік жағдайлардың әсері.Нарық тық қатынас кезіндегі әдебиеттің халі.Бавспасөздегі материалдар.Әдеби өмірдің өткір проблемалары туралы сауалнамалар қорытындысы.Т.Шапай, С.Оспанов, Қ.Жұмаділов, М.Сықақұбаев мақалаларындағы тақырыптар мен проблемалар жайлы. Қазіргі әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетінің көптеген мәселелері қарастырылып, зерттелуде. Соңғы, тәуелсіздік кезеңінде қазақ әдебиетінің түрлі жанрлары уақыт талабына сай зерттеу еңбектерінің негізгі арқауы болады. Әрбір кезең қазақ әдебиетіне танымал есімдерді, тың мәселе көтерген шығармаларды, поэзия, проза, драматургия жанрларындағы шығармаларды, олардың даму ерекшелігін айқындайды.
|
Тәуелсіз кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихы туралы мағлұмат алады. Осы кезеңдегі әдебиеттің сын-зерттеу саласында жүргізілген ізденістерін танып-біледі.Ұлттық әдебиеттану ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, қалыптасу жолдарын , әдебиет теориясын, тарихы мен сынынғылыми тұрғыда саралауға үйренеді. «Мәден мұра» ұлттық жобасының 2004-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасыме танысып, қазақ руханияты туралы мол мәлімет алады.Ұлттық рух, санасы кеңейеді.
|
APP5202
|
Авторлық позиция принциптері 3 кр.
|
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері Алаш әдебиеті
жанр
|
Әдеби сын Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеті Әдебиет және жанр
|
Авторлық позиция қырлары мен түрлерін, автордың шығарм. тұлғасын психологиялық, философиялық және эстетикалық тұрғыдан қарастыру мәселесі
|
Көркем шығарманың авторлық позициясы, өзіндік «Менін» түсінуге үйретеді.Шығарманың эстетикалық табиғатын танытуда авторлық ой, пікірдің маңызды екенін негізгі ұстанымдар арқылы үйреніп шығады.Сөйлеу тілі, шығармашылық портреті дамиды.Өзіндік ойы қалыптасып, құзырлық деңгейі артады.
|
Sha6305
|
Шәкәрімтану, 3 кр.
|
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері Алаш әдебиеті
20-30-жылдар әдебиеті
|
Әдеби сын тарихы Авторлық позиция проблематикасы
|
ХХ-шы ғасырдың басындағы әдеби процестің ірі тұлғасы – Ш.Құдайбердиев шығармашылығының өзіндік ерекшелігін оқытудың мақсаты—оның Абайдан кейінгі екінші ірі тұлға екендігінде. Ұзақ жылдар бойы солақай саясаттың кесірінен Шәкәрімнің маржандай тізілген асыл жырлары халық назарынан тыс қалды. Қазақ әдебиетіне әкелген соны жанрлары, гуманистік көзқарасы, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар лирикалары кейінгі ұрпақтарына жетпеді. Шәкәрім поэзиясы терең философиялық ойдан ғана құралмайды, терең сырлы лирикадан да туындаған.
|
Ш.Құдайбердиевтің шығармашылық портретін толық танып шығады. Оның өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі туралы мол мағлұмат алып, шығаомаларын талдап-синтезуге үйренеді. «Үш анық» философиялық еңбегін талдап, оның өзіндік ерекшелігі жөніндегі зерттеу еңбектерімен танысады. Шәкәрім шығармашылығы туралы туралы эссе, этюд жазумен айналысып,публицистикалық стильдегі шағын шығармалар жазу машығын меңгереді.
|
3
|
ATDTN6306
|
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, 2 кр.
|
Көне мәдениет жазбалары Ежелгі поэтика
|
Қазақ әдебиеті нің өзекті мәселелері Қазіргі қазақ әдебиетінің тарихи сипаты
|
Ұлттық әдебиеттің даму тарихын кезеңдерге бөліп қарастырудың басты принциптерін қаастырылады. Теориялық негіздері мен әдебиеттің бастау көзі оқытылады. Көне замандағы жазба ескерткіштер.Әдебиет дамуынағы кезеңдер:Ежелгі дәуір, Хандық дәуір, 9 ғасыр, 20 ғасырдың басы. Қазіргі дәуір. Осы кезеңдегі әдебиеттердің өзіндік ерекшеліктері. Түркі халқының тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VІІІ ғ.ғ) дәуірінен кейін Х-ХІІ ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді. Бұл кезде қыпшақ, оғыз, қарлұқ және ұйғыр халықтарының тілдері негізінде араб графикасындағы түркі жазуы қалыптасты, ескерткіштер дүниеге келді.
|
Қазақ әебиетінің тарихы туралы мол мәліметті игеріп шығады. Әр кезеңдегі әдебиеттің тарихпен байланысын салғастыра талдауды меңгереді. Әдебиеттану ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін игеруде құзыретті болады.Лингвистикалық, әдебиеттік, ғылыми және публицистикалық ақпарат көздерімен жұмыс жасау дағдысын игеріп шығады.
|
AST6306
|
Әдеби сынның тарихы 2 кр.
|
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
Алаш әдебиеті
|
Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері
Сын және әдебиет
|
Қазіргі кездегі қазақ әдеби сынды қалыптастыру қазақ әдебиеті жүйесіндегі әдебиет тарихы, жанры, мәтінтану бойынша филологиялық , синтетикалық және аналитикалық тәсілдермен байланысты. Әдеби сын процесінде тарихнама мен әлеуметтік оқиғалардың атқаратын қызметі зор. Бұл қасиет тілдің сөздік құрамының, оның ішінде лексиканың дамуында үлкен орын алады. Сонымен қатар, әдеби тілдің лексикасын байытып, филологиялық құрылысын дамытады. Әдеби сын– адам танымының көзқарасының таңбасы, адамның басты рухани, ғылыми және материалдық игілігі болғандықтан, гносеологиялық, семиотикалық, семантикалық үштіктің бірлігі және нәтижесі. Әдеби сынның ең басты қызметі – ғылыми ұғымды білдіру, сол арқылы әдебиеттану ғылымын дамыту.
|
Әдеби сынның тарихын меңгере отырып қазақ әдебиетінің даму деңгейін, өзгеру, жаңару тенденциясын аңғаруға болады. Әдеби сынның принциптері мен түрлерін, жазу стилін игереді. Шешен сөйлеуге, образды түрде өз ойын нақты, жүйелі бере білуге , ғылыми –ізденушілік жұмыспен айналысуға мүмкіндік алады.
|
ZhOA6306
|
20-30 жж. әдебиеті, 2 кр.
|
Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
|
Тәуелсіз кезеңдегі қазақ әдебиеті
Әдебиет және жанр теориясы
|
20-30-жылдары Мағжан, Жүсіпбек, Сәкен, Бейімбет, Мұхтар, Міржақып демокр.-ағартушы әдебиет дәстүрiн жалғастыра отырып, халық басындағы қайғылы тұстарды көркем суретке түсiрдi. Ол өмiрдiң мұңды, қайғылы жақтарына көп үңiлдi, өкiнiш пен күйiнiшке бой алдырды. Бiр мезгiл орыс декаденттерiне елiктеп өлеңдер жазды. Мағжанның махаббат пен табиғат жырлары да қазақ лирикасының ең жарқын беттерi болып саналады. Сәкен мен Мағжан шығармалары 20-жылдардағы Қазақ әдебиетіндегi екi сарынның бейнесi iспеттi. Жаңашыл жас ұрпақ Сәкен маңына топтасты. Әдебиеттiң өмiр жаңалықтарын зерттеп, жаңа тақырыптарды игеруге бет бұрды. Азаматтық, саяси лирика дамыды, лирик.-публицистик. поэмалардың үлгiлерi туды. Көркем проза, драматургия даму жолына түстi
|
20-30-жылдардағы қазақ әдебиетінің даму тарихы және көрнекті өкілдері, олардың шығармашылы туралы мәлімет алады. Шығармашылық портреті жөнінде сирек айтылатын алаш әдебиетінің өкілі-Ә.Бөкейханов, Н.Құлжанов,т.б. туралы мәліметтермен танысады. 20-жылдарда шыққан баспасөз материалдары-мен, қолжазбалармен танысып, танымдық деңгейлері көтеріледі.
Өткен күндер циклы бойынша естеліктермен танысу мүмкіндігі болады. Есте ұстау, тархнама, мәтінтану машығы қалыптасады.
|
4
|
AGT6307
|
Академиялық грамматика теориясы, 2 кр.
|
Қазақ тілінің өзекті мәселелері Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
|
Грамматика теориясының мәселелері
|
Академиялық грамматика еориясының бастауы - Орхон- Енисей, Талас жазба ескерткіштерін зерттеудің бастапқы кезеңі негізінен рунологиялық, текстологиялық мақсаттарға, мәтіндерді оқып, транслитерациялау, аудару генезисi жазудың мәселелеріне арналса, таза лингвистикалық тұрғыдан зерделеу ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан басталады. Көнt түркі жазба мұраларының тілін зерттеудің көшбасшысы В.В.Радловтың ескерткіштер тілінің фонетикалық жүйесі, морфологиялық құрылымы жайлы, көне түркі тілі мен қазіргі тілдерінің түркі агглютинациялық табиғаты, аффикстердің шығу туралы құнды пікірлері түркітану ғылымының ғылыми қағидаларына айналып, кейінгі зерттеушілердің бағдаршамы қызметін атқаруда. П
|
Грамматиканы зерттеудегі қалыптасқан теориялардың ролі мен маңызын меңгеріп шығады.Қазақ тілі грамматикасындағы ғылыми-теориялық пікірлер, зерттеу еңбектерді игеріп шығады.Грамматиканың жеке жүйелерін меңгеру арқылы теориялық және практикалық маңызы бар ғылыми жүйелі мәлімет алып шығады.
|
KSS6307
|
Құрмалас сөйлем синтаксисі, 2 кр.
|
Сөз тіркесінің синтаксисі
Қазақ тілінің өзекті мәселелері
|
Грамматикалық теория негіздері
Академиялық грамматика
|
Құрмалас сөйлем синтаксисі обьектісін зерттеу Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. А.Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып, өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған.
|
Қазақ тіл білімінде көпқұрамды , көп бағыныңқылы, көп басыңқылы сөйлемнің мәнін ашуға практикалық –ізденушілік жаттғулар жүргізуді үйренеді. Тіл байлығы молайып, көп компонентті сөйлемдер құру шеберлігін меңгереді.Шешендікке баулынады.Әдеби нормада сөйлеу ережесін игереді.
|
FG6307
|
Функционалды грамматика, 2 кр.
|
Қазақ тілінің өзекті мәселелері Но
Антропологиялық лингвистика
|
Қазақ тілінің лексикографиясы
Әлеуметтік лингвистика
Жай және құрмалас сөйлем синтаксисі
|
Функционалды-семантикалық өріс тіл білімінде функционалды лингвистиканың бір бағытын құрайтын функционалды грамматиканың негізгі нысаны болып табылады. Функционалды-семантикалық өріс дегеніміз «белгілі бір семантикалық категорияға негізделіп, семантикалық қызметінің ортақтығына қарай өзара әрекеттес келетін грамматикалық және лексика-грамматикалық, сондай-ақ әр түрлі аралас (лексика-синтаксистік т.б) тілдік құралдар тобы. Құрылымдық грамматикада тіл статикалық қалыпта, ортамен байланыссыз қарастырылады. Мұндағы орта деп отырғанымыз тілден тыс сөйлеу ортасы. Ф. Де Соссюрдің сөзімен айтқанда «тіл өз ішінде өзі үшін зерттеледі». Грамматикалық мағынаға жасалған сипаттама парадигмалық (тілдік) ортамен байланысты түсіндіріледі.
|
Грамматика сөзінің мағынасы-оқи алу, әріп жаза білу (грекше ) екені, оның грамматикалық мағыналары менолардың арасындағы байланыс, тұлғалану ерекшеліктері, сөйлем құрау ерекшеліктері туралы мәлімет алып, морфологиялық және синтаксистік талдама қызметін меңгеріп шығады. Сөздерді таптастырдағы ұстанатын принциптерді: семантикалық,морфологиялық және синтаксистік принциптерді теориялық және практикалық жағынан талдау жасау құзыретіқалыптасады.
|