Күні:
Сынып: 5 «б»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Атақты спортшылары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға қазақ тілінде спорт туралы сөйлеуге үйрету.
ә) Дамытушылығы: Оқушыларды осы аталған тақырып төңірегінде сөйлесе білуге, сұхбат құрастыра білуге, қойылған сұрақтарға жауап бере білуге үйрету арқылы тілдерін дамыту.
б) Тәрбиелігі: Білімділікке, спортқа әуесқой болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Таблица.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезені:
ІІ. Сөйлесу.
1. Сіз таңертең жаттығу жасайсыз ба?
2. Сіз спортты жақсы көресіз бе?
Монолог. Атақты спортшы болу үшін.
2. Журнал материалын қолданып, сөйлесу.
- Қазақстанның атақты спортшыларын атаңдар.
- Олар спорттың қай түрімен айналысады?
ІІІ. Мәтінмен жұмыс.
Спорт түрлері
Спорт ойындары күш жұмсайтын спорттық ойындары және ақыл-ой спорттық ойындары деп бөлінеді.
Күш жұмсайтын спорттық ойындарын ауыр және жеңіл атлетика ойындары жатады. Ал ақыл-ой спорттық ойындарына шахмат, дойбы, нарды жатады.
Ауыр атлетика ойындарына штанга көтеру, кір тасын көтеру, гантель көтеру және т.б. жатса, жеңіл атлетика ойындарына көркем гимнастика, жүгіру, секіру, жаттығу жасау, акробаттық ойындар жатады.
2. Мәтінді оқып, сұрақтарға айтып беру.
1. Спорттық ойындар қалай бөлінеді?
2. Спорттық ойындарына нелер жатады?
3. Ақыл-ой спорттық ойындары қандай?
4. Ауыр атлетика ойындарына қандай ойындар жатады?
5. Жеңіл атлетика ойындарына қандай ойындар жатады?
Өздік жұмыс.
1-тапсырма. Қазақ тіліне тән әріптері бар сөздерді тауып, жазыңдар.
Алтын медаль, күміс жүлде, атақты спортшы, спортқа қызығу, Олимпиада ойындары, Олимпиада тарихы, жеңімпаздар, рәміздер, шаңғы тебу, жеңіл атлетика.
2-тапсырма. Тиісті сөздерді қойып, сөз тіркестерін жазыңыз.
Сізге қажетті сөздер: сүю, тебу, шұғылдану, жасау, айналысу, ойнау, ұнату, жақсы көру.
Доппен............., шаңғы .........., спортпен ............, жаттығу .............., спортты ..........., тенисті ........, футболды ........... .
3-тапсырма. Белгілеңіз.
Р/с Тіркестер.
|
дұрыс
|
Дұрыс емес
|
1. футбол ойнайды
|
|
|
2. каратэмен тебеді
|
|
|
3. шаңғы тебемін
|
|
|
4. волейбол тебемін
|
|
|
5. волейбол ойнаймын
|
|
|
6. спортпен ойнаймын
|
|
|
7. спортпен шұғылданамын
|
|
|
ІҮ. Бекіту.
Жұмбақ жасыру.
1. Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады.
(Доп)
2. Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең, алға зулайды.
Шойын жолдан аумайды.
(Шаңғы)
Үй жұмысы: Реферат жазып келу
Достарыңызбен бөлісу: |