Жанр (франц denre, лат deneris – түр, тек)



Дата17.05.2020
өлшемі14,41 Kb.
#69097
Байланысты:
glossariy k jumadilov


Глоссарий

Жанр (франц. denre, лат. deneris – түр, тек)

Өнердің барлық түрлерінде қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Әдебиетте де әдеби нұсқаларды тегіне, түр-түріне қарай ажыратып бөлу негізінде жанр деген ұғым қалыптасқан. Әдебиеттегі жанр – әдеби шығармалардың жеке түрлері және көркем әдебиеттің салалары деген ұғымдарда қолданылады. Орныққан жүйе бойынша әдеби шығармалар негізінен үш топқа бөлініп жіктеледі: эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр. Бұлар – әдебиеттің үш үлкен саласы, үш тармағы.



Очерк

Болған оқиғаны қысқаша суреттейтін, көлемі шағын, көркем публицистикалық шығарма. Ол типтік деректерді талдау, суреттеу әдісімен жазылады. Даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы, оқиға шиеленісі, т.б. әртүрлі әдеби тәсілдер арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып көрсетеді.



Роман-дилогия

Бір-бірімен жалғас, идеялық ой-тұжырымы тұтас, басты кейіпкерлері ортақ, бірақ композициялық тұрғыдан дербес екі шығармадан тұратын роман. Әр шығармадан баяндалатын оқиға тиянақталып, көбінесе, негізгі кейіпкердің өміріндегі белгілі бір кезеңді қамтиды. Сондықтан екі шығарманың әрқайсысы өзінше аталып, жеке кітап болып та басыла береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет