Сабақтың тақырыбы: №22 Сыртқы келбет және тазалық Оқу мақсаты



Дата29.12.2021
өлшемі45,42 Kb.
#106640
түріСабақ
Байланысты:
22-сабақ. Сыртқы келбет және тазалық


Мектеп:

№78 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні:

С.Мажитова

Күні:




Пән/сынып:

қазақ тілі / 5 сынып

Қатысқаны/қатыспағаны




Тарау немесе бөлім атауы:

Адамның сырт келбеті мен мінезі

Сабақтың тақырыбы:

22 Сыртқы келбет және тазалық

Оқу мақсаты:

5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;

5.ӘТН3 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.



Сабақ мақсаты:

Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын, тілдік құралдарын өзара салыстырады;

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.



Критерийлері:

Тақырыпқа сай өз ойын білдіріп, өмірмен байланыстырады; Тілдік бірліктерді көркемдік ерекшелігіне сай қолданады.

Тілдік мақсаты:

Әрине, өкінішке орай, меніңше, бақытымызға қарай; тазалық, сырқы келбет, денсаулық.

Құндылықтарға баулу:

Ынтымақтастық, өмір бойы білім алу, шығармашылық.

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Адамның сыртқы келбеті мен мінезі

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма және әдіс

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

2 минут

Қызығушылығын ояту кезеңі.




  • Балалар, осы суреттерге қарап, бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбын анықтап көрейікші.

1. Суреттегі балалардың сырт келбетіне қарап, олардың қандай адам екенін ажыратуға бола ма?

2. Сыртқы келбет пен тазалықтың байланысы бар ма? Ойыңды дәлелде.


Берілген ақпарат арқылы сабақтың лексикалық тақырыбы анықталады және грамматикалық тақырып хабарланады.
Бұрын білетін білімін есіне түсірту.

Мұғалім оқушылардың

көрген, білген тәжірибесін қаншалықты естерінде сақталғандығын байқайды.


Бұрынғы білімін қолдана алды ма, бүгінгі сабақтағы тақырыппен байланыстыра алды ма?

Дескриптор:

  • Берілген ақпарат арқылы сабақ тақырыбын анықтайды;

  • Бұрынғы білімін пайдаланады.

Слайд ,

суреттер


10 минут

Мағынаны тану кезеңі.

.


1-Тапсырма

Берілген суретке қарап, тақырыпқа сай екі баланың диалогін жазыңыз. Әр баланың сөйлеу мәдениетін сыртқы келбетіне сай етіп құрыңыз.


2-Тапсырма

Әр абзацтан негізгі ойды жазу;

Ауыспалы мағынада қолданылған сөздерді табу.

Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен хабар береді. Өзін ортасына сай, мәдениетті, сыпайы ұстаған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады.


Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі арқылы да көрінеді.
Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа өнеге көрсетуі керек.
Cыртқы келбет пен тазалық тығыз байланысты себебі, жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі болып саналады. Әр адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің денсаулығына немқұрайлы қараса, оның денсаулығының оңалуына көмектесе алмайды.
3-Тапсырма

Берілген ойды керекті сөздермен толықтырып жаз.
Адамның сырт келбеті ... болмаса, ... жан дүниесі де көбімізді қызықтыра бермейтіні белгілі. Сөйлесіп көрмейінше, оның қандай адам екеніне көз жеткізу мүмкін емес. Десек те, ... кісі өзі туралы ... келбеті мен ... қылықтары арқылы айтып береді деп санаймыз. Адам баласы барлық уақытта ... келбетімен, ... мінезімен, ... қарым-қатынасымен ... болмақ.
Керекті сөздер:

көрікті, кез келген, қадірлі, сыпайы, жағымды, сыртқы, тартымды, жайлы, ішкі.

Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын ажырату.

Мәтіннен тақырыпқа қатысты негізгі ойды таба білу;

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажырату.

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады.




Тақырыпқа сай сұхбат құру дағдысы бақыланады.

Оқушының түсініп оқу дағдысы бақыланады.





Дескриптор:

  • Тілдік құралдарды дұрыс қолданады;

  • Қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қатыстырып диалог құрайды.


Дескриптор:

- негізгі ойды анықтайды,ойларымен бөліседі;

- мәтін мазмұны бойынша өзіне қажетті ақпаратты алады;

- тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады.




Дескриптор:

  • Сөйлемнің мағынасын түсінеді;

  • Сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтады.



Слайд

5 минут

Ой толғаныс кезеңі



4-Тапсырма

Сабақтың тақырыбымен байланыстырып, төменде берілген мақал-мәтелдердің бірін таңдап, өз ойыңды таратып жаз. Мәтінде ауыспалы мағыналы сөздерді қолдан.


1. Тазалық – денсаулық кепілі,

Саулық – байлық негізі.

2. Азған денеге ауру үйір.

3. Ұқыптының тоны тозбас,

Ұқыпсыздың ісі оңбас.

4. Ұқыптылық – істің көркі.



Берілген сөздерді еркін қолданып, мәтін құру.

Тақырыпқа сай мәтін құру дағдысы бақыланады.

Дескриптор:

  • Мақалдың мағынасын түсінеді;

  • Тақырыппен байланыстырады;

  • Шағын мәтін жазады.




Слайд.


1 минут

Үй жұмысы:


Тақырып бойынша өзіндік

«Дербес пікір» жазу.




Тақырыпқа қатысты өзіндік ойын жеткізу.

Сабақтағы тақырыпты өмірмен байланыстыра алуы.

Дескриптор:

  • Өзіндік пікір жазады;

  • Өмірмен байланыстырады.




Слайд.





Кері байланыс

«3 Қ» әдісі

  • Қиын болған не?

  • Қызық болған не?

  • Құнды болған не?

Оқушыны қызықтырған және қиналыс білдірген тапсырмасын анықтау.

Өзіндік рефлексия жасау дағдысын бақылау.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет