Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы


) Тыңдалған шығармаға талдау жасау (әңгіме құрастыру)



бет11/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
diplom1

3) Тыңдалған шығармаға талдау жасау (әңгіме құрастыру). Балалардың музыкалық сөздік қоры шамалы болғандықтан, әңгіме ұзаққа созылмасын, көп сөзді болмасын. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларына мұғалім жауап бере алатындай жеңіл сұрақ қою керек, балаларды қорытындылау, салыстыру тапсырмаларын орындауға көмектесу керек. Әңгіме еркі, қызықты, жанды өту керек. Бала дұрыс жауап бере алмаса жазалауға болмайды, қайта тыңдалған шығарма туралы біртұтас пікір, оның авторы, аты туралы, оның сипаты мен мәнерлік құралдары туралы әңгіме туғызу қажет. Мектеп дайындығына музыкалық талдау ерекше: ол, қарапайым талдау, талдау-әңгіме, көркем –педагогикалық талдау. Көркем –педагогикалық талдау арқылы оқушыны музыкаға деген қызығушылық, әуестену, ұнату жүйелілік пен бірізділік арқылы асырылады да музыканың негізгі заңдылықтарына сүйеніп –түсінеді.
Талдау жай ғана емес, балардың елестеуін оятып, музыкалық-есту елестеуін, өзіндік ассоциациясының дұрыстығын қалыптастырады. Сондықтан, қоғам өміріне байланысты, жеке адам тұлғасына байланысты композитор, дәуір, тарих, оқиға т.б. хабарламалар талдау кезінде анықтау ролін атқарады. Талдау кезінде мұғалімнің бейнелік, айқын, мәнерлік сөзі үлкен роль атқарады.
4) Қайта тыңдау (бекіту). Қабылданған музыкалық шығарма қайта тыңдауды қабыл етеді. Неге? Қабылдау процесі бірнеше сабақта жалғасады, тіпті тоқсанда, жылдарда болсын. Ол деген, сабақтың тақырыбына байланысты, балалардың есту қабілетіне байланысты, музыкалық ой-сезімінің дамуына байланысты. Музыкалық шығарманың жаңа бейнесінің қыры, шығарманың мазмұнын, сипатын терең түсіну үшін, жеке жаңа элементтерін табу, т.б. балаларға шығарма түсінікті, жақындығы, қалауы өте айқын.
Қайталағанда музыкалық шығарманың үзіндісі, тақырыбы, бөлімі, тіпті толық тыңдалуы мүмкін. Ол сабақтың тақырыбына байланысты. Мысалы: «Кеңес» күйі - біріншіден бұл домбыраға арналған халық күйі, бұл күй «бимен» кездеседі, бұл күйді әндетіп - сөзбен орындауға болады («Қыз Жібек» операсы- Е.Брусиловский ,.. алты қырдан асыра , ақ текемет төсейік. Жеті қырға жеткізе, жібек кілем төсейік ... ), бұл күй бізді операға жетелейді, соқпалы аспаптармен сүйемелдеу жасауға болады, ең соңы, 4 сыныпта «Қыз Жібек» операсынан көріністі қоюға болады т.с.с.
Қорытынды айтар болсақ, музыканы қабылдау – баланың рухани өмірі мен адамгершілік кемелі қалыптасады.
Сондықтан, ұсынылатын бағдарламалар тоқталсақ, оқушыларды қызықтыру керек, сабақтың тақырыбына сай болып жатқан іс-әрекеттерге эмоциялық қарым-қатынасты дамыту, музыканың жайын, сұлулығын түсініп, музыкалық өмірмен байланысты екенін түсініп, қабылдау сезімталдығын қалыптастырып, музыкаға берген құштарлықты, ынталықты дамытудың қажеттілігі. Музыканы қабылдағанда – сапалы түрде, образдардың сипатын түсіну, идеялық негізін ұғуға үйрету. Тақырыпқа байланысты музыканы қабылдаудағы мақсаты, әдіс-тәсілдері т.б. шаралар, нұсқаулар келтіреміз:
1-сынып. Музыкалық шығармаларды тыңдағанда оның түрлерін анықтау:
«Қарлығаш» - қазақ халық әні.
«Бесік жыры» - халық әні, бала мен ана қарым – қатынасы.
«Қамажай» - ән-би
«Марш» - би-күй
«Полет шмеля» - Н.Римский - Корсаков, ертегісін еске түсіру.
«Вальс және түн ортасы» - С.Прокофьев, ертегісін еске түсіру.
«Қорқыт ата» - аңыз ретінде әңгіме құру, қобыз туралы айтылады.
«Ақсақ құлан» - күй-аңыз, әңгіме, елестету т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет