Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы


Музыкалық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы мен дамуы



бет19/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
diplom1

3.2.1 Музыкалық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы мен дамуы

Халықтың рухани өсуі және көптеген тарихи кұбылыстарды кайта бағалау сипаты тән болып отырған қазіргі кезеңде, сонымен қатар, мәдени даму тұжырымдамасының жасалуы халықтың тарихи мұрасын тарихтың, мәдениеттің, ұлттық дәстүр мен халықтың көркемдік мәдени жстістіктерінің таным көзі ретінде тереңірек зерттеу ерекше маңызға ие болуда.Тарихи тәжірибе көрсеткендей, халықтың ұлттық ерекшелігін, оның тарихын, салт-дәстүрін білмеу, оның өткеніне атүсті қарау ұрпақтар байланысына, сабақтастығына кері әсер ететіндігі анық.


Білім берудің тарихына тереңірек үңілсек, Павлодар аймағындагы музыкалық білім беру мен тэрбие мәсслесі Қазақстанның педагогика тарихында ең алдына зерттеу нысаны ретінде бұрың соңды зерттелмеген.
Ұлы Дала көшпенділерінің мыңдаған жылдар аясында шыңдалған мәдениетінің мұрагері - қазақтар сол ұлы мәдениеттің арқауын бүгінгі күнге дейін жеткізе алды. Енді осы мәдениетті бугінгі ұрпақтың зердесіне құю, келер ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз болып табылады. Бул - мәдени-рухани сабақтастық, ягни ұйлесімді өмір сүрудің бірден-бір кепілі. Сондықтан музыкалық-халықтық тәрбиенің дамуын тарихи-әлеуметтік үрдістер аясында аса мән беруіміз керек.
Жалпы Қазақстан тарихын, сонын ішінде музыкалық мәдениетінің тарихын зерделегенде басқа ұлт өкілдері енбектері деректік сипатта болып келді. Ғылыми тұрғыдан зерттеуде ХҮІІІ-ХХ ғасырлар аясында шет елдік тарихшылар, әсіресе Ресей тарихшылары елеулі із қалдырды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде П.И.Рычков, А.И.Левшин, В.В.Радлов, В.В.Бартольд, И.А.Аристов сияқты зерттеушілер қалдырған еңбектердің маңызы зор. Осы еңбектердің қай-қайсысында да қазақ музыкасының тарихы шолу түрінде беріледі.
Қазақтың музыкалық мәдениетіне біртұтас мәдени-рухани құбылыс ретінде оның пайда болу жэне қалыптасу жолдарын зерделеу, музыкалық мәдениетті халықтың тарихи-әлеуметтік өмірімен байланыста саралау, халықтың музыкалык-халықтық талғам-түсінігін анықтау және оны ғылыми-танымдық жүйеге түсіру, әсіресе, музыкалық мұра туындатушы халық композиторларының өмірбаяндық, дерегі мен шығармашылык ерекшеліктерін зерттеу, сөйтіп, жеке музыкалақ туындылардың қасиетін, жеке тұлғалардың шығармашылық өресін ғана емес, әрбір тарихи кезеңдегі мәдениеттің тел қасиеттерін саралау сияқты өзекті мәселслер қазақ музыкатануында әлі де болса терендей зерттеуді кажет етстін мәселелер болып табылады.
Зерттеуде Қазан төңкерісіне дейін қазақтың өзіндік музыкалық тәрбие жүйесі қалыптасып, ол отбасында, жастар мен халықтық мсрекелерде, айтыстарда жас сазгерлср-күйшілер, өзіндік мектептерінде үйрету арқылы жүзеге асырылғандығы тарихи алғышарттары ретінде баяндалады.
Музыкалық білім беру - тұлғаға біртұтас жан-жақты әсер етеді; факторларының бірі. Адамның жаңа кұндылық бағдарын және дүниетанымдық принциптерін қалыптастыруда көркем шығармашылық маңызды рөл атқарады. Музыкалық тәрбие - тұлғаны қоғамның музыкалық мәдениетіне қатыстыру үрдісі. Музыкалық тәрбие жүйесі жалпы және арпайы музыкалык педагогиканың әдістер кешенімен негізделеді. Музыкалық тәрбие - жастардың музыкалық талғамын қалыптастырудың мақсатқа бағытталған жүйесі түрінде дамыту, музыкаға эмоционалдық сезіміи, омың мазмұнын түсіну және терең толғану қабілетін тәрбиелеу, халықтық тәрбиенің құрамдас бөлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет