Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы


Жас ұрпақты тәрбиедеудегі ұстаздың жеке тұлғасы



бет17/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
diplom1

3.1.1 Жас ұрпақты тәрбиедеудегі ұстаздың жеке тұлғасы.

Қоғамды дамытатын өндіргіш кұштердің ішіндегі негізгі тұлға - адам, сондыктан адам факторына ерекше мән беру лазым. Қоғам дамуы мен адамның дамуы бір-бірімен байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Өйткені өмірге материалдық, рухани байлык жасайтын адамдар, ал оларды сәби шақтан баулитын, аға ұрпақтың жасаған байлығын жас буынның бойына күнделікті үздіксіз тәрбие арқылы дарытатъш, көзін ашып, көңілін оятатьш, ізгілікке, азаматтыққа, әдемілікке баулитын тәрбиешілер. Тәрбиеші мектепте баланың күнделікті өмірін ұйымдастырып, жанын тәрбиелейді, ата-аналарға, отбасына көмектеседі. Сондықтан да тарихтың кай кезіңде болмасын алдыңғы қатарлы ойшылдар оның қоғамдағы әлеуметгік орнын жоғары бағалаған. Еңбектеген баладан, ақ басты академикке дейін ұстаз алдынан өтеді. Мемлекет қайраткерлері де тәрбиеші-педагогтардан тәлім-тәрбие, тағлым, үлгі алады, осылайша ұстаз ғасырлар бойы адамзат қоғамы жасаған байлыкты жас ұрпақка игертеді.


Тәрбиеші- ұстаздың адам өміріндегі орны туралы қазақтың ұлы жазушылары мен ақындары, педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, ЖАймауытұлы, орыстың аддыңғы катарлы демократтары А.И.Герцен,Н.Г.Чернышевекий, Н.А.Добролюбов, жазушылары
Л.Н.Толстой, М.Горкий, В.Маяковский, педагогтары
КД.Ушинский, А.С.Макаренко, Н.ІСКрупская, В.В.Сухомлинскаий т.б. құнды пікірлер айтқан. Халқымыздың классик акыны Абай:
Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздык кылған жалыкпас,
Үйретуден балаға, - десе балалар әдебиетінщ атасы Ы.Алтынсарин: "Балалармен қысқа, байсалды, ашуланбай . сөйлесу, әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен, екі ұшты мағыналы сөздерсіз әрі қатесіз, термиңцерді араластырмай түсіндіру керек", - деп кенес берген. "Ұстаз -мектептін жүрегі" - деп аныктаған.
Қазақтың ғұлама ғалымы Әл-Фараби "Жаман мінез-құлық рухани кесел" - десе, Жүсіпбек Аймауытұлы: "...Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауыктырады", - деген.
Тәрбиеші ұстазға койылатын талаптар:
Тәрбиеші-ұстаз өз жеке басының үлгісімен балаларға жақсы өңеге көрсетуді аддына мақсат етіп қоюы керек.
Жас ұрпақ бойына тәрбиенің алғашқы негізін қалыптастыратын тәрбиеші адамгершілігі жоғары, мәдениетті, Өз ісіне сенімді, қоғамның идеясы мен ғылыми жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің және өзге ғылым салаларының дамуын жақсы түсініп, оны балаларға түсіндіре алатын болуы керек. Өйткені "Ғылым мен өнер адамның қос қанаты".
Тәрбиеші-ұстаз тұлғасына тән сапа - жоғары мәдениеттілік. Мәдениеттілік-қоғамдық сананың бір түрі. Қазақ энциклопедиясында Мәдениет ұғымына адамдардын өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі, - деп түсінік берген.
Марксизм мәдениетті адамдардың еңбегі мен қоғамдық қызметін бір-бірінен бөлмей, сол қызметтің жемісі, - деп қараған, сондай-ақ адамның табиғатын өзгерткен еңбек қандай болмасын мәдениеттің басты шарты болып табыдады деген. Екіншіден, мәдениет адамдардың және рухани өндіріс саласындағы қызметіңде қолы жеткен табыстардың, жай материалдық және рухани жетістіктердің жиыны ғана емес, тарихи диалектикалық дамудан, материаддық коғамдық жағдайлар мен қатынастардан туған мәдениеттің тарихи белгілі типтері мен формалары деп қараған.
Мәдениет туралы ұғым өте кең. Оған ғылым, оку-ағарту, өнер, тіл, әдебиет, сезім мәдениеті /өз сезімін билей алу/, қоғамнын рухани өмірі /экономикалық негізіне байланысты/, т.б. яғни беті-қолды жуудан бастап, адам баласы ойының ең жоғары, заңғар биігіне дейінгі дамыған адамдык қатынастар, мінез-құлық /табиғатқа, қоғамға, ұжымға, отбасына, айналаға, өнерге, адамдарға, бір-біріне, өзіне т.б. қатынасы/ жатады. Мәдениетке жалпы халыктық мәдениет, ұлттық мәдениет жатады, ол ұлттық шектеушілік, халыктың тарихи дәстүріне қарсылык, мойындамаушылық - ұлттык мәдениетке жат қылыктар.
Мәдениеттілік пен адамгершілік тығыз байланысты. Моральдык байлық қоғам белгілеген әлеуметгік мінез-құлықтың, ниеттің, мейірімділіктің, ізгіліктің, адамдык көрінісі. Сол себептен де ежелгі дәуірдің философтары мәдениет ұғымында адамгершіліктік мән бар, мәдениет табиғатпен, моральмен барабар деп санаған. Адагершілік - мәдениеттіліктің аса маңызды белгісі.
Тәрбиеші баланы мәдениеттілікке баулуды, сауаттылыққа үйретуденг әлде қайда бұрын бастауы керек /А.С.Макаренко/. Сондықтан тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші айналасындағы адамдарға /үлкендерге, балаларға/ сый кұрметиен қарауы, тіл табысуы, сөйлеу мәдениеті, кішіпейілдігі, әдептілігі, білімділігі, ата-аналарға ілтипатпен қарауы, мәдени-гигиеналық дағдысының қалыптасқандығы, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін, қоршағал ортаға лайыкты ұстай білуі, өнегелі тәртібі, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыкка, адалдыкка негізделген қарым-катынасы.
Тәрбиешінің дүниеге көзқарасы табиғат пен қоғамның даму заңдарын дұрыс түсінетін, тұрақты болу үшін ол өзінін білімін үнемі жетіддіріп, өзін - өзі ұштап дамытып отыруы керек. Онысы іс-әрекетінен, ұстаған принципінен, жүргізген оку-тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістерінен байкалуға тиіс.
Тәрбиеші үнемі алға талпынып, жас ұрпак тәрбиесіне белсенді араласуға, балалар арасында беделді болуға міндетті.
Тәрбиешіге педагогикалық зейін, ақыл-ой, ерік-қайрат, жігер, шыдамдылык, ұстамдылық, шыншылдық, адалдық, қарапайымдылық, мейірімділік, ізеттілік, іздемпаздық қасиетгер қажет. Бұл сияқты адамгершілік сапаларды игерген тәрбиеші баланың әрі қарай дамуына әсерлі ыкпал етіп, мінез-құлкында өшпес із қалдырады.
Тәрбиешінін жеке басынын үлгісі - жас ұрпак тәрбиесінде ең әсерлі әдістердін бірі, балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Өйткені еліктегіштік, тез қабылдағыштық балаға тән ерекшелік. Ол үнемі жинап, таза, ұкыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы, әдемі, байыпты болуға міндетті.
А.С.Макаренко тәрбиешінін жеке басына "тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөндеп, өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс", -деп нақты талаптар қойған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет