Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»


Шалғынды үйлесімді өсімдіктер типі



бет23/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Жусан

Шалғынды үйлесімді өсімдіктер типі. Шалғынды бірлестіктер негізінен Сарысу өзенінің және оның салаларының жайылмасында орналасады. Талдымойнақ өзенінің шалғынды өсіьдіктер бірлестігін Н.П.Гуричева (1965) сипаттап жазған. Ол жайылма жерлердегі нағыз шалғындардың таралуын көрсеткен. Бұл шалғындар түрлішөпті үйлесімді бірлестіктерінен құралған: орал миясы (Glycyrriza uralensis), орта хартолепис (Chartolepis intermedia), дөңшіл қазтамақ (Germanium collinum), кәдімгі сәбізшөп (Silaum silaus), кәдімгі мыңжапырақ (Achillea millefolim), сортаң құртқашаш (Iris halophila), кейде онда қотыр итмұрын және астықты-түрлішөпті (Euphorbia microcarpa, Rumex confertus, Vexibia alopecuroides,Elytrigia repens, Bromopsis inermis, Hordeum brevisubulatum) ценоздар кездеседі.

60-жылдары осы автордың мәліметтері бойынша жайылманың ойпаң жерлерінде және құрғақ арналарда оңтүстік қамыстың (Phragmites australis) шалғындары кеңінен таралған. Талдымойнақ өзенінің жайылмасындағы шалғынды бірлестіктерге тән қасиет - қияқөлеңдер бірлестіктерінің болмауы.

Ф.Я.Левина (1938) Сарысу өзенінің және оның салаларының жайылмадан жоғары бірінші террасасының шалғынды бірлестіктерін сипаттап жазған. 1930-1940 жылдары осы өңірдің өсімдік жабындысы негізінен қияқпен (Leymus angustus) және ақ шиден (Achnatherum splendens) құралған шалғын ценоздарынан түзілген болатын. Осы ценоздар тек кейде ғана біркелкі болған. Көбіне олар Сарысу өзенінің аңғарларында микрорельефтің тамақтануына байланысты қау-ақжусанды (Artemisia maritime, Stipa sareptana) немесе еркекті – қау - сұржусанды (Artemisia semirida, Stipa sareptana, Agropyron fragille) ценоздармен алмасып өскен. Бірталай жерді Halimione verrucifera түрі басым галокосерофитті бірлестіктерінің гидрогенді типі алып жатқан. Өсімдік бірлестіктерін құруға суоты-айрауық-арпа (Hordeum brevisubulatum, Calamagrostis epigeios, Agrostis alba) немесе бидайық-қияқөлең-арпа (Hordeum brevisubulatum, Carex diluta, C. songorica, Elytrigia repens) немесе бидайықсияқты шалғынды гемигалофитті бірлестіктер қатысқан.

Шалғынды пеноздардың арасында бірқатар солтүстік элементтерді кездестіруге болады. Олар: батпақты парнасия (Parnassia palustris), дәрілік шeлна (Sanquisorba officinalis), түкті қияқөлең (Carex tomentosa), арпа (Hordeum brevisubulatum)

Сыртсу өзенінің құыйлар жеріндегі Сарысу жайылмасында шалғынды бірлестіктер түзілген. Сайлардың сортаң шалғынды топырақтарында арпабас-бидайық (Eiytrigia repens.Bromopsis inermis), түлкіқұйрық-арпа-бидайық (Elytrigia repens, Hordeum brevisubulatum, Alopecurus arundinaceus/ және басқа ценоздарды кездестіруге болатын. Терең сайлардың батпақты топырақтарында оңтүстік қамыс өседі.

Ф.Я. Левина көрсеткендей, Сарысу өзенінің аңғарларында және оған іргелес шоқыаралық жазықтарда ақжусан (Artemisia terraе-albae) құрғақ жусанымен (Artemisia semiarida) алмасады.

Сарысу аңғарының үйлесімді бірлестіктерін Ф.Я.Левина (1936) 1936 жылы зерттеген. Соңғы 45-50 жыл ішінде Сарысу өзенінің гидрологиялық режимі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Тек ерте көктемде көкек, мамыр айларында ғана аз уақытқа жайылмаларды су басып, жазда- су тек қарасуларда сақталады. Өзен аңғарларының топырақтары құрғауға шалдығып, шөл далаға айнала бастады. Осыған байланысты шалғынды өсімдіктер бірлестігі деградацияға ұшырады. Оған оның үстіне шөптесін жабындысы жақсы сақталған жерлерде жүйесіз шөп шабу және жайылымдарды шамадан тыс пайдалану да әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде мұнде арамшөптер мен жеуге жарамсыз өсімдіктер кеңінен тарала бастады. Олар: алабұталы көкпек (Аtriplex tatarica), жатаған бүргешөп (Pulicaria vulgaris), адыраспан (Peganum harmala), итсигек (Anabasis aphylla), парсы қараушаны (Hulthemia berberipholia) т.б.

Сарысудың төменгі ағысындағы құрғақ арналарда және тасқын су қазындыларында Н.М. Калибернова (1984) тек топ қияқөлеңнен (Carex divisa)түзілген бірлестіктерді сипаттап, жайылымдағы ойпаң жерлерде астықты-түрлішөпті-қамысты (Phragmites australis, Sesell glabratum, Pseudosophora alopecuroides, Phlomis tuberose, Polygonum corrigioloides, Еlytrigia repens, Leymus rasemosus) ценоздар таралған деп көрсеткен.


4.9 Географиялық-генетикалық талдамасы
Түрлердің ареалдарын зерделеп, Тұран ойпатының өзен жүйелерінің флорасын салыстырып, полиморфты туыстарды талдап және де геология, палегеография, палеоботаника, палеозоология, археография жайлы арнайы әдебиеттердің мәліметтерін пайдалана отырып, біз Сарысу өзені жүйесінің флорасының географиялық-генетикалық талдауын жасадық.

Біз жоғарыда зерттелген аймақтың флорасының қалыптасуының негізгі кезеңдерін қарастырған едік. Енді қысқа аннотация түрінде қайталай кетейік.

Мезозой дәуіріндегі бірнеше рет болған теңіз трансгрессиялары бар кезеңіне жетті. Сол заманның қазбалы қалдықтарында қылқандылар (Taxodiaceae, Cupressaceae), ұсақ жапырақты қосжарнақты жабықтұқымдылар басым, бірақ, қырыққұлақтар, цикадофиттер, гинкголылар мүлдем жоқ. Бұл флораның сол заманның субтропиктік, еуропалық флорасымен генетикалық байланысы бар.

Палеогенде теңіз жүйесі регрессияға ұшырайды. Осы заманның шөгінділерінде акулалардың тістері табылған.Осы кезеңнің аяғына таман Шу-Сарысу ойпаты көтеріліп, көлдер трансгрессиясы дамиды. Шөгінділер құрамынан қазіргі кезде Африка мен Азияның тропиктік ендіктерінде кездесетін Alangiaceae тұқымдасының өкілі табылған.Бұл жағдайда сол заманда тропиктік және субтропиктік жағдай болғанын дәлелдей түседі.

Миоценде тереңдік эрозия күшейіп, аймақ деңгейі көтеріледі. Осы кезеңнің қабаттарында ұсақ мүйізтұмсықтың, мунтжак – бұғыларының қалдықтары бар. Палеозоологиялық қалдықтар сол заманда орман мен қалың бұталардың болғанын дәлелдейді. Өсімдік жабындысында астықтар, жусандар, шатыршалар байқалады.

Плиоценде тектоникалық қозғалыстар су жүйесін жандандырған, бірақ осы кезеңде белгілі арнасы жоқ жылжымалы су тасқындары көп болған екен. Өсімдік жабындысында астықтар, жусандар, сораңдар басым болған. Жануарлардан гипарион, аллогипус жылқысы, мүйізтұмсық кездескен.

Төрттік кезеңде өзеннің аңғарлары қарқынды түзіле бастайды. Климаттың сууы салдарынан солтүстік флоралық-фауналық кешеннің элементтері оңтүстікке қарай көшіп-қонған. Осы кезеңнің қабаттарынан астралардың, бұршақтардың және қарағайдың, қайыңның, қандағаштың тозаңшасы табылған. Демек, сол заманда орманды-дала,дала, тіпті шөл элементтері кеңінен дамыған. Фаунасында мүйізтұмсықтар, бизон, бұғылар болған.

Голоценде, жылы кезең басталған кезде, өзен жүйесінің аймағына шөл элементтері, эфемерлер,эфемероидтар, суккуленттер енеді.

Айта кету керек, өзен жүйесі жағалауларының, аңғарларының және төменгі террасаларының флорасын қамтитын жайылма элементтері негізінен гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер және мезоксерофиттерден құралған. Олар жалпы түрлер санының 90% құрайды. Ал екінші террасаға қатысты экотоптар, яғни құм алаптары, жартастар, тік жарлар, негізінен ксерофиттерден құралған. Олар барлық түрлер санының 10% құрайды.

Ботаникалық-географиялық байланыстар талдауы толық болуы үшін және Тұран ойпатының өзендер жүйесінің флора аралық ұқсастығын анықтау үшін біз Сарысу флорасын басқа өзендер жүйесінің /Іле, Шу, Ембі, Торғай,Ырғыз/ флорасымен салыстырдық.

Әрине, осы флоралардың белгілі бір ұқсастығы бола тұра, түр құрамында әртүрлі физикалық-географиялық жағдайларға байланысты айырмашылықтарда аз емес. Осы өзендер флорасының түрлерінің сан құрамын біз мына деректерден алдық: Сарысу – Г.Ж.Мырзалының диссертациясынан; Іле – В.Н.Гетмановтың диссертациясынан, Шу мен Ембі - “Флора Казахстана”, Торғай-Ырғыз – ҚР ҰҒА ботаника Институтының ақпар-есебі. Сонымен, біздер мынадай түрлер саны бар деп айта аламыз: Сарысу – 741, Іле – 578, Шу – 676, Ембі – 471, Торғай-Ырғыз – 398.

Төменірек, Жаккар формуласын (Шмид, 1980) қолданып, флоралық ұқсастықты есептеп шығардық:

с

Кј = ----------------



a + b-c
Мұнда: а – флорадағы түрлер саны, в – екінші флорадағы түрлер саны, с – екі флораға да тән түрлер саны. Кј – мәні О-ден 1-ге дейін болады. Неғұрлым Кј – 1-ге жақын болса, соғұрлым флора ұқсас болды, керісінше, неғұрлым 0-ге жақын болса, флораның ұқсастығы аз болады.
293

Кј = ------------------ = 0,28 (Сарысу – Іле)

741+578-293

393


Кј = ------------------ = 0,38 (Сарысу – Шу)

741+676-393

344

Кј = ------------------ = 0,39 (Сарысу – Ембі)



741+471-344

292


Кј = ------------------ = 0,34 (Сарысу – Торғай-Ырғыз)

741+398-292

347

Кј = ------------------ = 0,38 (Іле-Шу)



578+676-347
206

Кј = ------------------ = 0,24 (Іле-Ембі)

578+471-206
135

Кј = ------------------ = 0,16 (Іле-Торғай-Ырғыз)

578+398-135
317

Кј = ------------------ = 0,38 (Шу-Ембі)

676+471-317
221

Кј = ------------------ = 0,25 (Шу-Торғай-Ырғыз)

676+398-221
224

Кј = ------------------ = 0,34 (Ембі-Торғай-Ырғыз)

471+398-224
График түрінде ұқсастық коэффициенті келесі түрде болады.

(8-сурет).


Сарысу мен Ембі флоралары өзара ең жақын екендігін келтірілген схемадан көруге болады. Олардың ұқсас болу себебін осы өзендер жүйесі бірдей ендіктер мен топырақтық-климаттық жағдайларда орналасқандығымен түсіндіруге болады. Сарысу мен Іле флоралары өте алшақ келеді. Себебі осы екі өзен өзара географиялық алыс орналасқан. Біздің флоралық қорытындымыз Е.М.Лавренконың [19] Сарысу, Ембі, Шу өзендерін Арал-Балқаш провинция тармағына, ал Ілені – Алакөл – Іле провинция тармағына жатқызу туралы тұжырымын растайды.

Сонымен, жоғарыда айтқан пікірлерімізді түжырымдай келе, биік ендіктердің плиоценнің аяқ кезіндегі, әсіресе, плейстоцендегі суық түсу салдарынан түрлер оңтүстікке қарай ығысып, көшіп-қонған. Әсіресе, су және су маңындағы бореалды элементтер (шыландар, қиякөлеңдер,бөденешөптер, құлмақтар, өлеңшөптер т.б.) өзен мен көлдер жүйесі арқылы Сарысу мен Ембіге жетеді. Ал голоцен кезеңінің термиялық максимумында оңтүстік галофиттік элементтері солтүстікке қарай көшіп, Сарысу мен Ембі жүйесіне жетеді. Міне, осының барлығы түбінде екі өзеннің флорасының ұқсастығын анықайды.

Сарысу өзені жүйесі флорасының түтікті өсімдіктертүрлерінің аймақтық-флоралық қатынасының айқындау үшін Artemіsia туысының 27 түріне географиялық-генетикалық талдауын жасадық. М.Г.Поповтың [18] және Б.А.Быковтың [7,8] еңбектеріне сүйене отырып және оларға аздаған өзгешеліктер енгізе отырып, қарастырылған түрлерді біз үш топқа бөлдік: «бореалды және бореалалды», «далалық», «шөлдік» деп. Бөлу негізіне ареал типтерін, түрдің экоморфасын және олардың мекен еткен жағдайын алдық. Сонымен, бореалды және бореалалды топтың түрлері кең байтақ ареалды алып жатыр, негізінен голарктикалық, палеарктикалық, еуропа-сібірлік ареалдарды қамтиды. Бұлар – дымқыл жердің, яғни гумидті түрлер: гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер. Далалық элементтер түрлерінің ареалы дала аймағымен байланысты, олар негізінен мезоксерофиттер, ксерофиттер. Шөлдік элемент түрлеріне шөл, яғниаридті, аймақтармен байланысты түрлер жатады. Олар – ксерофиттер, галофиттер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет