Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»


Artemisia Less туыс тармағы



бет18/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
Жусан

Artemisia Less туыс тармағы
Етті жусан
Биіктігі 60 см-ге дейін жететін біржылдық өсімдік. Денесін ақшыл жәй және нүктелі жуан, шоқпарбас пішіндес түктер басқан. Тамыры жіңішке әрі ұзын.

Сабағы жалғыз, кейде бірнешеу, қырлы, тік өскен, немесе жоғары қарай көтеріле өседі. Бұтақтануы жәй немесе сабақтың түбінен басталады. Сабақ бойында жапырақтары аз.

Жапырақтары қысқа сағақты. Сағақ түбінде 2 бөлікке тілімденген құлақшасы бар. Жапырақ пішіні – жалпақ жұмыртқа пішіндес. Тамыр маңындағы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары ерте кеуіп қалады, ұзындығы 7-15 см, ені 2-8 см. Вегетация басталғанда асты-үсті қою ақ түкпен қапталған жапырақтары сұрғылт түсті болады. Кейін – жалаңаш дерлік, бездеуіт түкті болады. Жапырақтары 2-3 мәрте қауырсынды тілімденген, алғашқы жапырақ бөліктерінің саны аз, кері сопақ-жұмыртқа пішіндес, қысқа, жоғары қарай бағытталып өседі, жоғарғы жағы – жұмырланған. Гүл маңы төменгі жапырақтары ұсақтау, екі рет қауырсынды тілімденген, шеткі бөліктері әлде қайда жіңішке. Жоғарғы гүл маңы жапырақшалары бүтін, таспа пішіндес.

Гүлсебеттерінің ені 4-5 мм, шар пішіндес, түбір үстінде орналасады. Гүлсебеттері көп, төмен қарай салбырап өседі. Ірі дараларында – түйдектеле жалпақ сыпыртқыгүл шоғырына жиналған, ұсақ дараларда – жеке не аз гүлді қарапайым шашақта болады. Гүлорамы жапырақшалары қалың түкті және нүктелі-бездеуіт түкті болады.Сыртқы гүлорамы жапырақшалары ішкілеріне қарағанда әлде қайда қысқа. Сыртқысы – қандауыр пішіндес, ішкісі – жұмыртқа пішіндес-эллипс тәрізді. Гүлорамы жапырақшаларының жиегі жалпақ жарғақты болып келеді. Гүлтабаны жалаңаш. Жиектік аналық гүлдер саны аз әрі олардың күлтесі тар-түтікшелі келеді. Дискідегі гүлдері көп (80-ге дейін), төменгі жағы сәл кеңейген түтікшелі күлтесі бар.

Тамыз айынан бастап қыркүйек бойы гүлдейді.

Зерттелген аймақта Сарысу өзенінің төменгі ағысында, өзеннің сортаң жағалауларында өседі.


4.6 Пайдалы түрлері

Өсімдіктер ұзақ мыңжылдықтар бойы адамзат баласы үшін тағам, техникалық, жем-шөтпік және дертке шипа заттардың қайта жаңаратын қайнар көзі болып келді.

Қазақстанның ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп салаларының қазіргі кездегі дамуы өзіміздің шикізатты пайдалануға мүмкіндік туғызды, оның ішінде қайта жаңаратын өсімдік ресурстары да бар. Пайдалы өсімдіктер тобын айқындау оларға дұрыс баға беріп, әлеуеттілігін тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Шаруашылықтық-бағалы өсімдіктердің жеке топтарын айқындау кезінде бірқатар ғылыми жарияланымдар мен нормативтік құжаттар пайдаланылды.

Зерттелген аймақтың жусандар флорасын зерделеу барысында едәуір шаруашылықтық-бағалы түрлердің бар екендігі анықталды (9 кесте).


9 кесте

Сарысу өңірі жусандар флорасының пайдалы өсімдіктері



Рет




Шаруашылықтық топ

түрлер саны

жалпы түрлер санынан %



Жем-шөптік

8

30



Тағамдық

2

7



Дәрілік

1

3,5




Барлығы

11

40,5

Кестеден көрініп тұрғандай, Сарысу өңірінде кездесетін жусанның 27 түрінен 11 түрі пайдалы түрлер санатына жатады. Оның 8 (жалпы түрлер санынан 30%) – жем-шөптік маңызы бар түрлер.

Кез келген аймақтың табиғи флорасында шаруашылыққа пайдалы түрлер аз емес: А.А.Гроссгейм құрғақшылыққа төзімді элементті ойлап табу жайлы айтқанда оның негізгі көзі жергілікті жабайы флора болу керек деген. Жем – шөптік өсімдіктер жөнінде М.П.Калганов пен Б.С.Гульцев былай деп жазған екен: «...каждая зона располагает большим набором ценных виов кормовых растений. Сформировавшись в результате длительного естественного отбора, эти виды прекрасно приспособлены к существующим условиям обитания...»

Сарысу жүйесі негізінен Жезқазған аймағында орналасқан. Бұл аймақтың жазы өте ыстық, жоғары температуралы, қысы болса аязды, жауын – шашыны аз, топырағы сортаң, тұзды, сорлы. Осыған байланысты көптеген пайдалы өсімдіктер ең алдымен жергілікті жабайы түрлердің интродукциясына негізднлуі тиіс. Олар үшін табиғаттың әр түрлі «жайсыздығы» олардың туған өлкесіне тән ерекше қаиеттер болып саналады.

Пайдалы өсімдіктердің төменде көрсетілген түрлері біздің зерттеген материалдарға негізделіп және арнайы әдебиеттерге сүйеніп жазылған.
Жем-шөптік өсімдіктер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет