Дістемелік кешені



бет37/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

№ 2 дəріс (1 сағат)


Тақырыбы: Кəсіпкерлік қызмет түсінігі

Мақсаты: Республикадығы кəсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын

оқыту. Кəсіпкерлік қызмет туралы нормалардан тұратын заңды актілердің негізгілермен таныстыру. Кəсіпкер тұлғасы мен оның құқытық мəртебесін

анықтау.Студент бұл пəнді оқу кезінде кəсіпкерлік қызметті басқа шаруашылық қызметтен айырмашылығының мазмұны. Яғни кəсіпкердің қызметінің тəуекелдігің мəні туралы студенттердің білуі

Негізгі сөздер: Кəсіпкерлік қызмет, кəсіпкерлік тəуекел

Дəрістің мазмұны


  1. Кəсіпкерлік қызмет түсінігі жəне белгілері

  2. Кəсіпкерлік тəуекел түсінігі, түрлері

  3. Шаруашылық жəне қəсіпкерлік қызмет түсінігінің арақатынасы

Азаматтық заңнамада кəсіпкерлікке мынадай анықтама берілген: меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кəсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген. Бұл анықтамадан кəсіпкерлік қызмет тек бұл күнде ғана емес, барлық кезде де болған жəне жүзеге асырылған деуге болады. Мысалы, орта ғасырларда пайдаланылған «Жібек жолы». Осы жол арқылы бергісі Қытай, арғысы Үнді елдері жəне осы аралықта мекендейтін қаншама халықтар мəдени байланыстар орнатып, алыс-беріс сауда жасап жатты.Кəсіпкерлік қызмет түсінігінің мазмұнды анализі оның басқа өзінің ұғымына жақын түсініктерінен анықталады. ҚР Конституциясы кəсіпкерлік жəне басқа да экономикалық қызметпен айналысуға құқықтарды бекіткен.

Кəсіпкерліктің өзіне тəн белгілері:



  1. Мүліктік оқшаулық жəне ұйымдасқан бірлік(яғни кəсіпкердің өзіндік оқшау мүлкі болуы тиіс).

  2. Тəуекелділік(яғни шаруашылық өзіндік пайда табу немесе таппау

тəуекелділігі). 3.Жүйелі түрде пайда табу(яғни үнемі коммерциялық сипатта болады). 4.Қызмет көрсету немесе жұмысты орындау, тауарды өткізу, сату, мүлікті пайдалануы арқылы түскен пайданы нарыққа байланысты жүзеге асыру.

5.Кəсіпкерлік қызмет бойынша міндетті түрде субьектілері тіркеуден өтуі тиіс.Кəсіпкерлік қызмет болып заң бойынша тіркелген тұлғаларға қызмет

көрсету немесе жұмыс орындау жəне т.б. жүйелі түрде пайда табуға бағытталған өз тəуекелімен жүзеге асырылатын қызметті айтамыз.

В.С.Мартемянов кəсіпкерлік қызмет туралы нарық үшін жұмыс, қызмет көрсету, тауар өндіру бойынша кəсіпкерлік қызметтер жазған. А.Э.Жилинский: заңгердің кəсіби қызметтеріне қатысты оның

белгілерінен: қабылданған əдістерге қатысты қызметті жүзеге асыру; оның процесіне жəне нəтижесіне талаптарды сақтау; қызметтің қайтарымдылығы,субьектілердің олардың жұмысына, əсерінен көрініс табады. Кəсіпкерлік қызметке қатысты арнайы біліктілікпен ақпараттарға ие адамдармен осы қызметті жүзеге асыру (шешімдер қабылдау жəне іске асыру үшін). Мысалы, заңгерлік, экономикалық білімдермен, қатар кəсіби білім, аудитор, бағалы қағаздар нарығындағы операторлар курсын бітіруі қажет. Кəсіпкерлік қызмет өзіндік жəне өз бастамашылығымен өз тəуекелін өзінің мүлкімен мүліктік жауапкершілігімен пайда табуға бағытталған жеке жəне заңды тұлғалардың қызметі болып табылады. Кəсіпкерлік төрт сатыдан тұратын процес болып табылады:


  1. Жаңа идеяларды іздеу бағалау (сұраныс бойынша жəне пайда болжамы).

  2. Бизнес жоспар құру.

  3. Қажетті ресурстарды іздеу.

  4. Кəсіпорындарды басқару.

2.Кəсіпкерлік тəуекел, яғни кəсіпкердің өз тəуекеліне кəсіпкерлік қызметті

жүзеге асыруы болып табылады. Мүліктің кездейсоқ жойылуы тəуекелін оның меншік иесі иеленеді, құрылыс обьектілерінің жойылу тəуекелін ереже бойынша мердігерге жүктелген, кəсіпкердің жауапкершілігі тəуекелі шарт бойынша тараптарға тиесілі.

Кəсіпкерлік тəуекел туралы сақтандыру

заңдарында айтылған. ҚР Азаматтық Кодексінде кəсіпкерлік тəуекелді

сақтандыру шартын бекіту мүмкіндігін қарастырады, кəсіпкерлік қызметтегі шығын тəуекелі кəсіпкерлердің контор агенттері міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кəсіпкерлерге байланысты емес шарттардың өзгеруі, сондай-ақ күтілген табысты ала алмай қалу мүмкіндігі, тəуекелі түсіндіріледі.

Кəсіпкерлік тəуекел – жоспарланған немесе күтілген ол нəтижені алмау ықтималдылығы болып табылады. Кəсіпкер пайда алмау тəуекеліне ие, сонымен қатар тапсырыс берілген жоба немесе обьектіні алмау мүмкіндігі жəне инвестициялық тəуекелге ие.

Сонымен, кəсіпкерлік тəуекел деп кəсіпкерлердің өз ресурстарының бөлігін жоғалту, табысты толық ала алмай қалу немесе белгілі бір əрекеттер нəтижесінде қосымша шығындардың пайда болу мүмкіндігі түсіндіріледі. Кəсіпкерлік тəуекел əртүрлі белгілеріне байланысты келесідей топтастырылады:


  1. Кəсіпкерлік қызмет түрі бойынша:

а) өндірістік тəуекел - өндіріс өнімімен байланысты себептер: өндірістегі мəжбүрлі үзілістер, өндірістік қорлардың істен шығуы, жабдықтарды, шикізаттарды уақытында жеткізбеу;

б) Коммерциялық тəуекел – тауарларды іске асыру процесінде туындайтын себебі: коммерциялық қызмет нарығында күтпеген өзгерістер болып табылады.

в) Қаржылық тəуекел – кəсіпкерліктің банкпен жəне басқада қаржылық

институттармен қарым – қатынасынан туындайды. Негізгі себеп: зайымдық жəне өзіндік қаражаттардың жоғарғы арақатынасы,кредиторларға тəуелділігі,капиталдың белсенсіздігі жəне т.б.



  1. Масштабтылығы бойынша:

а) Локальді тəуекел – бөлек фирмалардың тəуекелі.

б) Салалық тəуекел – саланың өзіндік қасиетіне байланысты.

в) Елдік тəуекел – елге тəн, оның əлеуметтік – саяси жағдайының төмендеуі,инфляцияның төмендеуі т.б.


  1. Пайда болу табиғатына байланысты:

а) Субъективті тəуекел – кəсіпорынның тұлғалығына байланысты. Себебі: тəжірибелердің жеткіліксіздігі, білімнің жеткіліксіздігі.

б) Объективті тəуекел – стихиялық аппаттардың жеткіліксіз ақпараттығы несиелеу, салық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі.



  1. Пайда болу саласы бойынша:

а) Сыртқы тəуекел – экономика саясатындағы күтпеген өзгерістерге негізделген, себебі: үлкен территориядағы стихиялық аппаттар.

б) Ішкі тəуекел – тəуелсіз менеджмент жағдайында туындайды, қате маркетинг жағдайында туындайды. Себебі: Кəсіпкерлік фирманың өзіне байланысты.



  1. Сақтандырылу мүмкіндігіне байланысты:

а) Сақтандырылатын тəуекел – сақтандырушының тəуекелді өзіне алуын білдіреді;

б) Сақтандырылмайтын тəуекел – тəуекел масштабын бағалау мүмкін емес, ешкім өзіне сақтандыруды қабылдауға дайын емес.

Экономикалық əдебиеттерде тəуекелдің мəні жайында өте көп пікірлермен əр түрлі ағымдар бар . Талдау осылардың бірнеше жеке ағымын бөліп қарастыруға болатынын көрсетеді.

Тəуекел түптеп келгенде кəсіпкерлік қызметтегі мүмкін болатын табыссыздықтармен байланысты.

Б.М.Волин мен Д.И.Ушаковтың редакциялауымен шығарылған 1939 жылғы “Орыс тілінің түсініктеме сөздігінде” тəуекел жайлы былайша айтылған: нарықтық конъюктураның өзгермелілігіне байланысты коммерциялық қызметтегі мүмкін болатын пайдасыз шығындар немесе табыссыздықтар.

Тəуекелдің өте көптеген түрлері бар. Өндірістік тəуекел – тауар, қызмет көрсету, капитал өндірумен, сонымен қатар өндірістік қызмет жүргізудің көптеген түрімен байланысты. Бұл тəуекел - өндіріс мөлшерінің қысқаруы, баға, сондай-ақ, өнім ақауларының төмендеуі жəне басқа жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Тəуекелдің осы түрі өндірістік кəсіпкерліккі тəн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет