Дістемелік материалдар кешені



бет18/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³

В.В. ПОЛОВЦОВ
(1862-1919)

Л4.4

(пункт материалы Л3.4)



4. В.В. Половцовтың әдістемелік еңбектері
Жаңа мектептің ашылуы, оқу бағдарламаларының және жоспарларының жасалуына көптеген ғалымдар ат салысып, жаратылыстану пәнінің әдістемелік проблемаларын шешуге орасан үлес қосты. Солардың бірі ботаника профессоры Валериан Викторович Половцов (1862-1919) болды. 1901 жылғы Петербургте өткен орыс жаратылыс зерттеу ғалымдары мен дәрігерлердің XI съезінде В.В.Половцов «Орта мектептердегі оқу пәндерінің мақсаты» тақырыбында жасаған баяндамасында, жаратылстану пәнін оқытудағы негізгі мақсаты тәрбие және оны қалыптастыру үшін төмендегідей мәселелерге тоқталу керектігін көрсетті:
1. Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын түсіну.
2. Өз ағзасындағы құбылыстарды түсіну.
3. Сезім мүшелерінің дамуы, адамның психикалық дамуының басты, маңызды факторлар екендігін білу.
4. Белгілі тәртіпте және кең көлемде ойлау әдістерін жемісті түрде дамыту.
5. Оқушының тұлға ретіндегі рухани талаптарын кеңейту.
Половцовтің негізгі ұстанымы, оқушылардың дүниеге ғылыми-материалисттік көзқарасын тәрбиелеу болды. Осы жылдары В.В.Половцовтің басшылығымен алғашқы «Мектептегі табиғат» атты әдістемелық журнал жарық көрді. В.В.Половцов өзінің оқу-тәрбие жұмысындағы тәжірибелеріне және биолог-методисттердің теориялық қағидаларына сүйене отырып жаратылыстану пәнінің алғашқы әдістемелік курсын жасады, 1904 жылдан бастап Петербург университеттерінде лекциялар оқыды. Осы жылдан бастап әдістеме жоғары оқу орындарында ғылыми пәндер қатарына қосылды. Лекция оқу барысында 1907 жылы «Жаратылыстануды оқыту әдісінің негіздері» атты теориялық еңбегі жарық көрді. Половцов «Биологиялық әдісті» өңдеуге аса көңіл бөлді және оны негізі үш принціпте қарастырды:
1. Формаларды тіршілік әрекеттерінің байланысында оқыту;
2. Тіршілік әрекетін қоршаған ортамен тығыз байланыста оқыту;
З. Мектепте аса құнды материалдар оқытылуы тиіс – деп көрсетті.
Половцов өзінің теориялық қағидаларын мұқият зерттеп, өңделген құралдарында көрсете білді: 1894- «Мектеп ботаникасының бағдарламасы»; 1914- «Ботаникадан практикалық сабақтар»; 1910- «Петербург аймағына, көктем мезгілінде жасалатын экскурсиялар» еңбектері жарық көрді.
В.В.Половцов- ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі аса ірі әдіскер болды.



Л4.5

(пункт материалы Л3.5)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет