Дістемелік материалдар кешені


Саналылық пен белсенділік ұстанымдары-



бет69/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³

Саналылық пен белсенділік ұстанымдары- тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады, оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруге саналылық, әрі белсенділікпен танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларын берік тоқулары сөзсіз.
-Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсінуі саналы оқытудың шартты белгілері;Оқушылардың оқу материалын жаттап алмай мән- мағынасына түсініп оқуын қадағалау;
-Әрбір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушылардың білімі мен тәжірибесін негізге алу;
-Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратын тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екендігін естен шығармау;
-Өзбетімен оқытуды үйрету, таным әрекетінің тиімді әдістерімен таныстыру.
-Негізгі және қосалқы оқу материалдарын ажырата білуге үйрету, назарларына негізгі ойларды алу;
Түсініктілік ұсатанымы- биологиялық тақырыптардың жеңілден қиынға көшуі, дара фактілерді жинап, баланың толық түсінуіне көмектесу:
А) жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшу;
Ә) қарапайымдыдан күрделіге көшу;
Б) белгіліден белгісізге көшу;
Оқушыға сабақ барысында, сыныптан тыс жұмыстарда материалды түсінікті ғылыми тілмен беру мұғалімнің міндеті.
Көрнекілік ұстанымы- оқыту жүйесінде Я.А. Коменский оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, «дидактиканың алтын ережесі» деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп таниды, бақылайды. Көрнекілік қолдану оқушылардың білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Негізгі ережелер:
-Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірмен байланысын қамтамассыз ету;
-Оқушылар көру, есіту анализаторының көмегімен, көрнекіліктерді көріп, түсіну ақылы қабылдайды;
-Көрнекілік логикалық ойлауды туғызу үшін қолданылады;
-Көрнекілік оқушыларды табиғат құбылыстарын байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, дағдыларын қалыптастырады;
-Көрнекілік оқушыларды салыстыруға, бақылауға, ұғымдарды қалыптастыруға көмектеседі;
-Көрнекілік оқушыларды оқытудың белгілі мақсатына сай қолданылады және эстетикалық талғамда болуы керек;
-Көрнекілік оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сапалы түрде тиімді қолданылады, оқушылармен бірігіп жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет