Жоспар 1.Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттары
2.Инновациялық әрекет кезеңдері
3.Инновациялардың жіктелуі
Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттарына Конституция мен «Білім туралы» Заңда жарияланған жаңа білім саясатындағы, білім жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық жаңартулардың пайда болулары әсер етеді. Бұл саясаттың түпкі мағынасы - білім беру мазмұнын гуманитарландыруға, оқу пәндері құрамының, көлемінің өзгеруіне, жаңа оқу сабақтарын енгізуге, мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды қабылдауына қатынасын өзгертуінде. Мектеп тәжірибесін жаңарту жолдарына жеке тәжірибенің дамуы; басқалар жасаған тәжірибені алу; ғылыми жазылымдарды меңгеру; қателер мен сынақтар әдісі; эксперимент жатады.