География пәні бойынша 9 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: 3
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары
Мақсаты: Бұл сабақта оқушы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму
бағыттарын анықтап, болжам жасайды
Қысқаша конспект
Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін
ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Инновация дегеніміз – жаңалықтарды іске асыра
отырып, жасалынып жатқан үдерістер мен өнімдердің сапасын арттырып, оларды нарық
үшін бәсекеге қабілетті ету болып табылады. Біздің алдағы мақсатымыз – елімізде
болып жатқан демократиялық сипаттағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени
салалардағы инновациялық өзгерістердің мәнін жете түсіну үшін ғылыми-әдіснамалық
және қолданбалық зерттеулер жүргізу, оларды жүзеге асыру шарттарын анықтау мен оған
ғылыми болжам жасау болып табылады.
Сарапшылардың пікірлері бойынша, кең
мағынада индустриалды-инновациялық даму - бұл экономикалық жүйенің жедел
түрде дамуы, ғылыми білімдерді инновацияларға және өндірістік қызметке айналдыру
процесі. Оның ажырамас бөліктері ретінде сарапшылар жаңа технологиялық құралдарды
енгізу, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, ғылым мен өндіріс арасындағы
алшақтықты жою, инновациялық қызметті ынталандыру, алдыңғы қатарлы технологиялар
мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуді атап отыр.
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме: bilimland.kz, «Мектеп» баспасы,
90-84 беттер
Оқушыларға арналған тапсырмалар:
1. Тапсырма Оқушылар Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттарын
таллдайды:
• Мұнай-газ өнеркәсібі
• Тау-кен металлургия өнеркәсібі
• Агроөнеркәсіп кешені
• Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
• Химия және мұнай химиясы
• Энергетикалық өнеркәсіп
• Машина жасау
2. Тапсырма. Мұғалім тарапынан оқушыларға инновациялық дамудың негізгі
кедергілерін (бағыттар бойынша) анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныстар жасалады
және инновациялық даму бағыттарының болашағына болжам жасауға ұсынылады
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp»
мобильді қосымшасы арқылы жібереді.