Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет21/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Саналық және белсенділік 
негізі – оқыту барысында мұғалім мен оқушы 
еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және 
білім алудағы 
белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың 
көздерін жеткізіп, өздерінен жұмыс істей білуге үйрету керек. 
Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналық негізінің маңызы арта түседі. 
Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат 
атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мәні мен мағынасын түсінуі, олар 
арқылы белгіленген заттар мен құбылыстарды елестете білу керек. Мұның өзі оқушылар 
білімінің жаттанды және үстірт болмауын қамтамасыз етеді. 
Көрнекілік 
принципі – дидактиканың ертеден қалыптасқан түпкілікті 
негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен 
химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болған жағдайда 
атом мен молекула құрылысының, өндірістік құрылғылардың модельдерін, суреттерін
сызбанұсқаларын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан жақты бақылау жасауға, 
әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтежелерін қорытындылап, 
түсіндіре білуге үйрену керек. 
Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. 
Бұл – оқушылардың ғылым 
негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру 
арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Реті келген 
жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың өндіріске енгізілуін, ал химия 
өнеркәсібінің қажеттілігі ғылымның дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен 
түсіндіріп отырған жөн. Мәселен өткен ғасырда азот тыңайтқыштарын молынан өндіру, оқ-
дәрі жасаитын нитрат алу қажеттігі туғанда химиялық байланыстырудың мәселесі 
қойылды. Осыған орай аммиак синтезінің жағдайларын, химиялық тепе- теңдікті қалған 
жағына қарай ығыстыру шарттары, әрекетті жүзеге асыру құралдары мен негіздері жан-
жақты зерттелді. 
Сөз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан алған 
теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер 
өмірде, табиғатта, зертханаларда және өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп 
құрастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет