Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


Қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері және олардың түрлері



бет68/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум
TViMS, Рухани жаңғыру және қоғамдық саяси дамудың келешегі, OpenDocument Text
Қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері және олардың түрлері. Әрқайсысы жеке – жеке бағалынатын және сатылатын экономикалық игіліктерді таза жеке игіліктер дейді. Олар тек қана сатып алған адамдарға пайда әкеледі. Таза жеке экономикалық игіліктерді өндіру мен тұтыну кезінде адамдар үшін сыртқы жағымсыз немесе сыртқы жағымды әсерлер туындамайды. Мысалы адам дүкеннен нан сатып алса, одан тек сол адамның өзі немесе оның жанұясы ғана пайда алады.

Барлық адамдар бірге тұтынатын экономикалық игіліктерді таза қоғамдық игіліктер дейді. Оларды бағалау мүмкін болғанымен, жеке адамдарға сату мүмкін емес. Себебі таза қоғамдқ игіліктерді бір жеке адам сатып алса, одан басқа адамдар да пайда алады. Мысалы, егер көп қабатты үйде тұратын бір адам сол үйдің кіре берісіне өзі үшін шам ілсе, одан сол дәлізде тұратын адамдар және оларға кешкісін келетін қонактар тегін пайдалылық алады. Демек, таза қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну жағымды сыртқы әсер туғызады. Таза қоғамдық игіліктерге



  • ұлттық қорғаныс,

  • қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік,

  • қоршаған ортаны қорғау

  • қаланың орталық бағы тағы сол сияқтылар жатады.

Таза қоғамдық игіліктердің мынандай ерекшеліктерін атауға болады:

  1. тұтынудан ешкімді ажырату мүмкіншілігінің болмауы. Яғни, таза игіліктерді тұтынғаны үшін ақы төлегісі келмеген адамдарды тұтынушылардың қатарынан шығарып жіберу мүмкін емес.

  2. бәсекенің болмауы. Таза қоғамдық игіліктерді барлық тұтынушыларға ортақ болады. Оларды тұтынудың деңгейі тұтынушылардың санына байланысты болмайды. Қосымша тұтынушылардың пайда болуы, бұрынғы тұтынушылардың тұтыну деңгейін төмендетпейді. Таза жеке игіліктерге қарағанда таза қоғамдық игіліктерді тұтыну адамдардың арасында бәсекелестік туғызбайды.

  3. Таза қоғамдық игіліктерді өндіру және тұтыну жағымды сыртқы әрекет туғызады. Егер таза қоғамдық игіліктерді бір адам өзі үшін өндірсе, оны басқа адамдар да пайдалана алады. Мысалы, тұрғындардың біреуі дәлізді сыпырса оның осы дәлізде тұратын көршілері де осы тазартылған жермен жүреді.

Көптеген игіліктер барлық халыққа ортақ болғанымен, оларды таза қоғамдық игіліктерге жатқызуға болмайды. Мысалы, халық үкіметтен зейнетақы алады, жұмыссыздар жәрдемақы алады, балалар балабақшаға тегін барады, қаланың көшесімен барлық халық жүреді. Соған қарамастан, оларды көп жағдайда жеке бағалай отырып, тұтынушылардан ақы алуға болады. Мысалы, тегін балабақшаға алдымен көп балалы жанұяның баласын алуы мүмкін де, бұл тізімге енбегендер ақылы жекеменшік балабақшаларға баруы мүмкін. Жолда жүретін көліктердің саны өскен сайын жол қатынасы қиындап, жолдарды кеңейту мәселесі пайда болады, сондықтан көлік салығы енгізіледі т.с. Осындай игіліктерді үкімет ұсынатын игіліктер деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет