Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ ұлтының қалыптасу кезеңдері



бет54/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ ұлтының қалыптасу кезеңдері.

1. Әрбір халықтың жеке халық (этнос) болып қалыптасуы ғасырларға созылатын, түрлі тарихи кезеңдерді басынан өткізетін күрделі де ұзақ процесс.  Бұл процесс ғылыми әдебиетте этногенез деп аталады. «Халықтың пайда болуы», «халықтың қалыптасуы» ұғымын білдіретін этногенез терминін ғылымда ХХ ғ. 20-жылдары Н. Я. Марр қолдана бастады. Этногенез белгілі бір халықтың қалыптасуы барысында басынан өткеретін тарихи құбылыстар мен процестердің жиынтығын білдіреді және оның этникалық келбетінің түпкілікті бекуімен аяқталады. Немесе осыған жақын мына анықтама да жиі қолданылады. Этногенез - өзге, бұрыннан өмір сүруші компоненттер негізінде жаңа этникалық қауымдастықтың қалыптасу процесі. Мәселен, Француз халқының қалыптасуына галл, франк, вестгот, бургунд этникалық топтары негіз болған. Сонымен қатар бірнеше халықтың қалыптасу процесіне қатынасқан этникалық қауымдастық болуы мүмкін. Оған балкар, қарашай, қазақ, Поволжье, Кавказ, Орта Азияның басқа да түркі тілдес халықтарының қалыптасуында негізгі компоненттердің бірі болған ортағасырлық қыпшақтарды жатқызуға болады. Этногенез барлық этностарға тән саты.

Егер белгілі бір халықтың қалыптасуының негізгі шарттары - тіл бірлігі мен шаруашылық үлгісінің ортақтығы, материалдық және рухани мәдениет жақындығы мен этникалық аумақ дейтін болсақ,  бұл белгілер қазақ этносының қалыптасуында қалай көрінді?

Қазақстан жерінде халық болып қалыптасу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейінгі қола дәуірі (б.з.б. II м.ж. ) мен темір дәуірі  (б.з.б. VII-III ғғ.) кезеңдерімен немесе осы кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Яғни, Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен бастау алады. Кейін автохтонды тұрғындарға Орталық Азиядан батысқа қоныс аударушы тайпалар  келіп қосылды. Қазақстанның автохтонды тұрғындары мен келімсек тайпалар (мигранттар) арасында өзара араласып-сіңісу (ассимиляция) процесі орын алды.

Зерттеушілер қазақ халқының шығу тегі, қалыптасу аспектілерінің немесе, қалыптасу ұғымының  ішінен өзектісі ретінде лингвистикалық және антропологиялық тұстарын ерекше бөліп қарастырады.

Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі кезеңге: үндіеуропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі парсы тобына кіреді, яғни, бұл кезең б.з.б.  II-I мың жылдықтарды қамтиды.

Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде көне түркі тілдес ғұндардың қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының мұрагерлері – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып ассимиляцияға түскен. 

Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше, бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері болар-болмас-10%, еуропеоидтік нәсіл өкілдері болды.

Қазақ халқының қайнар көзі - сақ тайпаларының мұрагерлері, бүгінгі қазақ даласында б.з.б. ІІ ғасырдан өмір сүрген үйсін, қаңлы тайпалары мен олар құрған мемлекеттік құрылымдар болғандығы анық.

Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, үйсін, қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. I  ғасырдында орын алды. Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударды. Бұл үйсіндер мен қаңлыларда монголоидтық нәсілдің элементтерін күшейте түсті. Антропологтар осы кездегі жергілікті халықтағы монголоидтық нәсіл белгілері 30% құрады деп есептейді.

VI ғасырда Қазақстан жері біртұтас мемлекет – Батыс Түркі қағанаты - «Он оқ елінің» құрамына кірді. Қағанаттар ондаған түркі тілдес ру-тайпаларды біріктірді. Үйсіндер мен қаңлылар осы тайпалармен араласып-сіңісіп кетті. Тоныкөк жазуында «бұрынғы үйсіндердің жерін жайладық» деген сөздерге қарағанда, олар расында да түріктерге тәуелділікке түскен

Қазақ халқының қалыптасуында ежелгі (үйсін, қаңлы қоғамдары) және ерте ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдар (түрік тайпаларының мемлекеттері) мен олардың арасындағы өзара сабақтастық байланыстың маңызы зор. Мәселен, Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін оның орнында  Түргеш қағанаты (704-766 жж.), Қарлұқ қағанаты (766-942 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы - XI ғ.ортасы), Қимақ қағанаты (893 - XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XIғ. - 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді. Бұлардың арасындағы сабақтастықты олардың аумақтық ортақтығы, билік жүйесіндегі ұқсастықтар,  материалдық және рухани өмірдегі жақындықтар мен тіл бірлігі айғақтайды.

Ғалымдардың көрсетуінше, XIII ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесін екі жүз жылдай уақытқа кешеуілдетті.

Монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан географиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Монғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық егінші, малшы,зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға, мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі  батысқа қоныс аударуға мәжбүр болды.

Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы XIV-XV ғасырларда өмір сүрген этносаяси қауымдастықтар Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасының тарихымен тікелей байланысты. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты - тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын монғол тайпаларының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, түркіленіп кетті. Оларды ғылыми әдебиеттерде «түріктенген монғолдар» деп атайды. Осы кезге тән бір ерекшелік- халық әр түрлі мемлекеттердің құрамына кіре тұра, бір тілді пайдаланды. Дәл осы мезгілде қазаққа тән антропологиялық кескін-келбет қалыптасты.

Жалпы халықтың этнос болып қалыптасуы ұзақ процесс, оның түпкілікті құралу мерзімін белгілі бір нақты уақыт кезеңімен дәл байланыстыру қиын. Дегенмен, тарихи, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық және лингвистикалық деректер жиынтығы қазақ халқының қалыптасу процесі  XIV-XV ғасырларда негізінен аяқталды деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделі және ұзақ даму  жолынан өтті. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының басты кезеңдерін шамамен төмендегіше көрсетуге болады: Бірінші кезең - қола дәуірі (б.з.б. II м.ж. ), екінші кезең-  сақ - сармат дәуірі (б.з.б. VII-III ғғ), үшінші кезең - үйсін, қаңлы және ғұн дәуірі (б.з.б. II ғ.- б.з. V ғ.), төртінші кезең  - түрік – қыпшақ дәуірі (VI- ХIII ғғ. басы), бесінші кезең - монғол дәуірі (ХIII - ХIV ғғ.), алтыншы - Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі (ХIV ғ. соңы – ХV ғ.) - қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі.

2. Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының қалыптасу дәуіріндегі белгілі бір шаруашылық-мәдени үлгі, этносаяси процестер негізінде қалыптасқан ірі этноаумақтық  тайпалар бірлестіктері - жүздер болды. Олар Ұлы, Орта және Кіші жүздер.

Жүздердің ұйымдасқан мерзімі, қалыптасу механизмі, яғни қалыптасу барысы мен жолдары аз зерттелген жоқ, дегенмен, күні бүгінге дейін нүктесі қойылмаған мәселенің бірі болып отыр. Жүздер тарихымен көптеген зерттеушілер айналысты және айналысып келеді. Мәселе төңірегіндегі пікірлер сан - алуан (Қараңыз: Қазақстан тарихы. 2 том. Алматы, 1998, 308-313 беттер).

Ұлы жүз аумағына Сырдариядан бастап, Жетісу жері түгел кірді. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру - тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік - Шығыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Оған қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ тайпа - рулары енді. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оны келесі тайпалар одағы - Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан) құрады.

Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жағынан да, биологиялық- генетикалық тұрғыдан да басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ.  Мұны антрополог ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. XIV-XV ғасырларда бұл тайпалар түркі тектес халық болып топтасты да, кейін «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі аяқталады.

Тарих сахнасына шыққан халықты екінші бір этностан ерекшелеп тұратын тағы бір белгі- ол оның атауы немесе этнонимі (эндоэтноним). Сонымен қатар оның басқа сырттан таңылған, көршілерінің қойған атауы да (экзоэтноним) болуы мүмкін. Мәселен, орыстар «немец» деп атайтын халықтың өз атауы «дойч» («deutseh») немесе француздар оларды «алеманн» деп атайды, т.б.

XIV-XV ғасырларда қалыптасқан халық тарих сахнасына «қазақ» деген атпен белгілі болды.

«Қазақ» этнонимінің тарихы толық шешімін таппай, әлі күнге дейін зерттеушілердің зерттеу нысанасынан түспей отыр.

Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қашақ» деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе «қазақ» атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде «өзбек-казак», кейін «қазақ»деп аталған дейді.

«Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз «басы бос, еркін, кезбе» деген мағына береді (Қараңыз: Қазақстан тарихы. 2 том. Алматы, 1998, 308-313 беттер).






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет