Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы. Ішкі саясаттың жетістіктері



бет56/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы. Ішкі саясаттың жетістіктері.

Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстаған Қазақстан 24 жыл ішінде өте көптеген жетістіктерге жетті. 24 жылды артта қалдырған Тәуелсіздік еліміздің басты оқиғаларына көз жүгіртcек.

1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді ел деп жарияланды. Сол жылы 17-желтоқсанда Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болып өтті. 1992 жылдың  2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі атанды. Сол жылдың басында Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін: әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында ҚР Президенті «ҚР мемлекттік Туы», «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы», «ҚР Мемлекеттік Әнұраны туралы» заңға қол қойды. 1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғары кеңес Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақ тілі енді ресми түрде мемлекеттік тіл деп саналады. Сол жылы ұлттық валюта енгізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның төрағасы болып премьер-министр Сергей Терещенко тағайындалды. Сонымен бір мезгілде Ресеймен ортақ рубль аймағы туралы келісімге қол қойылды. Дербес ақшаның енгізілетіні туралы Қазақстан халқына небары үш күн бұрын ғана хабарланды. 1994 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге жалға берілді. Келісім бойынша, көршілерге оны пайдалану жылына 115 миллион долларға түспек. Бірақ республика алғашқы нақты ақшаны тек 1999 жылы ғана алуға қол жеткізді. Шілде айында ғарышқа екінші қазақ — Талғат Мұсабаев ұшты, бірақ ол Ресей федерациясының азаматы ретінде ұшқан еді. Ғарышқа екінші рет ұшып барған соң Талғат Мұсабаев Ресей федерациясының батыры және Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағына ие болды. 1995 жылдың 30 тамызында қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы қабылданды. Ол бойынша республика президенттік басқару түріне көшеді, енді заң шығарушы органды тек мемлекет басшысы ғана тарата алады. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын да ұлғайтты. Егер посткеңестік Қазақстанда әйелдер мен ер адамдар зейнеткерлікке тиісінше 55 және 60 жаста шығып келген болса, енді олар 58 және 63 жаста шығатын болып белгіленді. 1999 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлауда дауыс бергендердің 79,78 % қолдауына ие болған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетіп, тағы жеті жыл мерзімге сайланды. 2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Қауымдастықты құру туралы келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан қол қойды. Кейіннен қауымдастық Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты алынып тасталды. 2001 ж Еліміз Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Сол жылы Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді. 2002 еуро айналымға енгізілді. Осы жылдың қаңтар айында «Қазкоммерцбанк», «БанкТұранАлем» және «Халық банк» 30 млн еуроны аалып келді. Бұл кезде еуро құны Ұлттық банк есебіне сәйкес 150,97 теңгеге, ал доллар 154,10 теңгеге тең болды.

2003 жылы 10 мың теңгелік номиналды банкнот айналымға енгізіліп, Қазақстандағы ең ірі купюра болды. 2011 ж Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды. 2015 жылы биыл 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.

Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстанның шет елдік капиталға тәуелді бола түскені анық. Өгаелі кезеңнің қиыншылқтары және қаржы дағдарысы экономиканы сауықтыру ісін инвестициялардың көптеп қүйылуына төуелді етіп қойды.Ал, енді сырттан тартатын инвестицияға келетін болсақ, оның тартьшуы жөніндегі есеп 1993 жыддан бастап жүргізілді. Бүл — шетелдік инвестиция. Сонымен қатар, мынаны да айта кеткім келеді, сыртқы несиелер мен займдар бар және тікелей шетел инвестициялары бар, екеуін шатастырмау керек. Несие мен займдардың бәрі инвестицияға жатпайды. Әсіресе, 1993-1994 жылдардағы несиелер мен займандар инвестицияға кірмегенін айтқан жөн. Олар бюджет тапшылығын жабу үшін, басқа да зәруліктерді қамтамасыз ету үшін жүмсалды. Қазақстан үшін Америка Қүрама Штаттарымен жан-жақты ынтымақтастық орнатудың стратегиялық маңызы зор. Қазақстан – Американ қарым-қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Соның нәтижесінде біз езара демокра-тиялық эріптестік деңгейіне көтерілдік.

Қорыта келгенде Ресей Федерациясымен ытымақтастық жонінде елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді. Ең алдымен, XXI ғасырға бағдарланған, Мәңгі достық және одақтастық туралы Декларацияны атап откен жөн. Бүл қүжаттың ережелері екі жақты қарым-қатынастың іргетасын нығайтатыны соншалық, оның болашағы айдан анық корініп түр. Каспий теңізінің шешілмей жатқан мәртебесі проблемасын алға жылжытқан да Қазақстан мен Ресей екендігі назар аударатын жәйт. Қаржы түрғысындағы өзара кінәласу тәрізді күрделі проблема бойынша түсіністікке кол жеткізілді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет