Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Жадидизмнің ағартушылық идеяларының әсері



бет63/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Жадидизмнің ағартушылық идеяларының әсері

Жадидизм (арабшадан «жаңа», «жаңашыл») ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған әлеуметтік-саяси және интеллектуалды қозғалыс. Ресей империясындағы мұсылман халықтары арасынан ортаға шыққан бағыт. ХІХ ғасырда орыстар арасындағы мұсылмандардың көбінесе поволждық және крымдық татарлар және де басқа да дәстүрлі ханафи мазхабын ұстанатынхалықтар арасынан да қоғамдық-саяси және интеллектуалды қозғалыс қалыптаса басталды. Бұл қозғалыс Жадидшілдік (жаңашыл) деген атқа ие болды. Жәдитшілдер ең алдымен білім беру саласында жаңашылдық орнатуды көздеді. Осы жаңа әдісті қолдаушылар өздерін «жәдитшілдер» деп атаған Қазақ даласындағы жәдидшілдік екі асудан, біріншісі, 1890-1911 жылдар – үйрену, тәжірибе жинау шағы. Ал, екіншісі, 1911-1920 жылдар – жәдидшілдік кең өріс алып, Алаш қозғалысына ұласу шағы деп көрсетеді. Жәдидшілдік қазақ қоғамына үлкен сілкініс әкелген жаңалық болды. Егер бұрын қазақ халқы бес уақыт намазды білумен ғана, діннің догматтарын сақтаумен ғана шектелсе, енді Қасиетті құранды қолына алып оқып, оның зайырлы білім мен ғылымға да жөн сілтейтінін білді. Бұл діни – ағартушылық ағым дәл осы кезде қазақ халқы үшін қажет қоғамдық сұраныс болатын. 1905-1912 жылдар аралығында Түркiстан өлкесi бойынша жәдидтiк қозғалыстың ықпал етуiмен 57 жаңа тұрпатты мектептер ашылды. Олар: Ташкентте – 12, Түркiстан қаласында – 2, Жетiсу облысында – 17, Қоқан уезiнде – 13, Әндiжан уезiнде – 3, Перовск уезiнде – 1, Самарқанд қаласында – 2, Бұқара қаласында – 5 мектеп болған.Сондай-ақ, жер-жерлерде еуропалық үлгiдегi медреселер мен мектептердi ашу қолға алына бастайды. Қазандағы – “Мұхамедия”, Уфадағы – “Ғалия”, Орынбордағы – “Расулия” секiлдi жәдидтiк медреселер бой көтердi.Алаш зиялыларының да көпшілігі бастапқы сауатын осы жәдидтік бағдардағы исламдық діни медреселерден ашқан еді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет