Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы



бет65/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Қазақ халқының тарихындағы жаңа кезең Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы

зінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел, не істеп, не қойғандығын білмейді,келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы боп тұрады. А. Байтұрсынов «Қазақ газетінен» Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеу мен оқыту көкейтесті мәселелердің бірі. Осы орайда Қазақстан тарихы туралы жазылған іргелі зерттеу еңбектер мен оқулықтарда бірқатар мәселердің басы ашылғаны анық. Дегенмен еліміз егемендік алғалы бері мемлекетіміздегі біршама түбегейлі өзгерістер мен оқиғаларды бұхара халыққа таныту жағы кемшін. Бұның бірнеше себептері де бар, біріншіден, кешегі кеңестік дәуірде Дүние жүзі мен КСРО-тарихы арнайы оқытылып, Қазақстан тарихы сол кеңес одағы тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Сол жарыққа шыққан оқулықтарда қазақ тарихы жайлы көптеген жайттар бұрмаланып, негізгі мәселелер партиялық ұстанымдармен, тар таптық шеңберде жазылды. Екіншіден, Ресейдің өзінде бұрыннан оқулық жазумен арнайы жеке бір институттар айналысады. Ал біздің елімізде тарихты зерттейтін санаулы ғана ғылыми-зерттеу институттары бар. Оның өзінде аталған ғылыми-зерттеу институттарының зерттеу нысаны көбіне отан тарихының іргелі мәселелері болып табылады. Осыған қарамастан қазіргі кезде Қазақстанның тәуелсіз жылдарындағы тарихы біршама оқулықтарда көрініс табуда. Осындай оқулықтардың қатарына орта мектептің 9 сыныбына арналған Б.Ғ.Аяған мен М.Ж.Шәймерденова шығарған Қазақстанның қазіргі заман тарихы атты оқулықты айтуға болады. Осы оқулықтың төртінші бөлімі тәуелсіз Қазақстан тарихына арналып, онда тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан Республикасы қалыптасуының қиын да сындарлы жолдары жалпы адамзат тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастырған. Атап айтқанда, КСРО-ның ыдырауының себебі мен салдары оның республикамыздың саяси өміріне әсері айқындалып, еліміздің егемендігін жариялауымен бірге Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы дамуы жан-жақты ашып көрсетілген. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы, экономикадағы түбегейлі өзгерістер қайта құру мен тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс, білім беру мен денсаулық сақтау және Қазақстан республикасының халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі көптеген деректі құжаттар арқылы айшықталып, оқушыларға түсінікті тілде жеткізілген [1]. Мектеп оқулықтарында оқушыларға көмекші құрал ретінде Б.Ғ. Аяғанның құрастыруымен шыққан жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған Қазақстанның қазіргі заман тарихы хрестоматиясында тәуелсіз Қазақстан тарихы жайлы документтер жинағын молынан көрсетеді [2]. Орта мектеп оқушыларына арналған оқулықтарда тәуелсіз еліміздің тарихы сомдалған. Олардың қатарына М.Қ. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Қ. Жүкешевтің 9 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы, Т.С. Садықов, Р.Р. Қайырбекова, С.В. Тимченколардың 11 сынып оқушыларына бейімдеп жазылған Дүние жүзі тарихы оқулықтарын айтуға болады




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет