Еңбекті қорғау


Қолға ұстайтын аэрозольді ОА-1 және ОА-3 өрт сөндіргіштері



бет27/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83
Байланысты:
treatise36891

Қолға ұстайтын аэрозольді ОА-1 және ОА-3 өрт сөндіргіштері. Мұнда жұмысқа қолданатын зат ретінде этилбромиді пайдаланылады. Сөндіргіш корпусының ішінде орналасқан, жеке боллондағы көміртектің қос тотығы немесе инертті газдың қысымы салдарынан заряд шығуы болады. Аэрозольді және көмірқышқыл-бромэтилді өрт сөндіргіштердің қолдану аймақтары сәйкес келеді.

Қолға ұстайтын ұнтақты ОП-1, «Сутник» және ОПС-10 өрт сөндіргіштері. Бұлар ұнтақты құрамдармен зарядталады (кесте 1). ОП-1 сөндіргішін қолдану үшін қақпағын ашып корпусын төңкереді де, қарқынды шайқап, бірнеше секунд ішінде жалын үстінде қалың бұлт пайда болғанша ішіндегісін от көзіне шашады. ОПС-10 сөндіргішінде жанып жатқан жерге ұнтақты шашу корпусқа бекітілген боллондағы инертті газдың көмегімен іске асады.

Ұнтақты өрт сөндіргіштерді басқа өрт сөндіру құралдары жарамсыз немесе нәтижесі шамалы болғанда қолданады. Бұл өрт сөндіргіштер, ұнтақты құрамды міндетіне қарай ескергенде, натрий, калий, сілтілік жер металдарының және пирофорлы сұйықтардың – аллюминий- мен кремнийорганикалық қосылыстардың, металл гидридтерінің жануын өшіруде өте тиімді құрал болып саналады. Жанып жатқан заттың немесе металдың бетін толығымен ұнтақпен біркелкі жауып, ауадағы оттектен изоляциялаған кезде, жану тоқтайды. Ұнтақты құрамдардың жоғарғы тиімділігі - олардың изоляциялау әрекетінде ғана емес, сонымен қатар олардың біршама ингибирлеуші қасиетінде.

Ұнтақты құрамдарды, әртүрлі көп заттардың жануымен күресуде, басқа да өрт сөндіргіш құралдарымен үйлестіре қолдану ұсынылады. Бұл құрамдар улы емес, құал-жабдықтарға зиян келтірмейді және электрөткізгіш емес. Ұнтақпен кернеуге қосылған электр жабдықтарының жануын да өшіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет