Әдістемелік бірлестіктің Ережесі


ІІ. Әдістемелік бірлестік қызметінің бағыты мен міндеттері



бет2/6
Дата21.01.2022
өлшемі53,5 Kb.
#113116
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ӘдіскерСОӨЖ8
ІІ. Әдістемелік бірлестік қызметінің бағыты мен міндеттері
Мектептегі әдістемелік бірлестік білім беру мекемесіндегі белгілі бір міндеттерді шешу үшін құрылған құрылымдық бөлім. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы мұғалімнің кәсіби потенциалын тиімді қолдану және тиісті оқу пәндерінің оқыту әдісін жетілдіруді үйлестіріп дамыту және осының негізінде – білім беру үдерісін жақсарту.

Әдістемелік бірлестік:



  • оқушының оқу мүмкіндігін, білім беру үдерісінің нәтижесін, сонымен бірге пән бойынша оқудан тыс жұмыстарды талдайды;

  • білім беру үдерісін қажетті әдістемелік - бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етеді;

  • пән мұғалімдеріне нақты әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлайды;

  • әдістемелік семинарды және әдістемелік жұмыстың басқа да формаларын ұйымдастырады;

  • пән кабинеттерінің жабдықталуын жоспарлайды және талдайды;

  • оқушылардың аттестация аралық материалын келіседі;

  • қажет болған жағдайда оқушының білімділік нәтижесіне оқу материалының минимум көлемі мен мазмұнына қойылатын талапты келіседі;

  • мұғалімдердің оқу бағдарламасына енгізетін алғашқы сараптау өзгерісін жүргізеді;

  • пәнді оқыту тәжірибесін зерттейді және жинақтайды;

  • оқушылардың пән бойынша сыныптан тыс жұмысын ұйымдастырады;

  • мұғалімге көмек ретінде әдістемелік ұсынысты дайындауға шешім қабылдайды;

  • оқушыларға және оның ата-аналарына тиісті пәнді жақсы меңгеру, оқу еңбегінің мәдениетін арттыру мақсатында әдістемелік ұсыныс жасауды ұйымдастырады;

  • мұғалімдерге кәсіби біліктілігін арттырудың әртүрлі формасын ұсынады;

  • іс тәжірибесі аз және жас ұстаздарға тәлімгерлер жұмысын ұйымдастырады;

  • сайыс, олимпиада, пән апталығының (айлық) ережесін жасап және оның өткізілуін ұйымдастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет