Әдістемелік бірлестіктің Ережесі


ІV. Әдістемелік бірлестік жұмысының тәртібі



бет4/6
Дата21.01.2022
өлшемі53,5 Kb.
#113116
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ӘдіскерСОӨЖ8
ІV. Әдістемелік бірлестік жұмысының тәртібі
4.1. Әдістемелік бірлестік мүшелерімен келісіп тәжірибелі педагогтан мектеп директоры әдістемелік бірлестік жетекшісін тағайындайды. Ол әдістемелік бірлестік төрағасы қызметін атқарады.

4.2. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жоспарды әдістемелік бірлестіктің төрағасы жасайды,оны әдістемелік бірлестік отырысында қарастырады, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарымен келісіп, мектептің әдістемелік кеңесінде бекітеді.

4.3. Әдістемелік бірлестіктің отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі. Әдістемелік бірлестіктің өткізілу уақыты және орны туралы директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарына алдын ала айтуы керек.

4.4. Отырыста қаралып, талқыланатын әр сұраққа ұсыныс қабылданып, ол хаттама кітабына жазылады. Ұсынысқа әдістемелік бірлестіктің төрағасы қол қояды.

4.5. Қарастырылатын сұрақтар басқа әдістемелік бірлестікке қатысы болса, онда отырысқа оның төрағасы шақырылады.

4.6. Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына және мектепішілік бақылауға сәйкес әдістемелік бірлестіктің жұмысына бақылауды мектеп директоры, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары іс жүзіне асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет