6.4-тақырып: Әмбебап дүкенінде. Базарда.
1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз. Сөздік минимум: Әмбебап дүкені, әр түрлі, бөлімдер, сатушылар, касса, қызмет ету, сатып алу, баға, сапалы, сапасыз, нашар, тура, дәл, үлкен, тар, шақ, әдемі, орап беру, алғыс айту.
Сөйлесім үлгілері: Айтыңызшы, сізде өлшемі 37- қара аяқ киім бар ма? Өкінішке орай, жоқ. Қоңыр түсті бар. Оған қалай қарайсыз?Қай дүкеннен іздеуіме болады?Келесі көшедегі «Артур» сауда үйінен қарап көріңіз. Жақсы. Рахмет!
2-тапсырма. Мына сөздерге өзгелік етістің жұрнақтарын қосыңыз. Орыс тіліне аударыңыз [1, 430-б. 6-жаттығу]. Жуу, тию, жіберу, ашу, тұру, өшіру, әперу, теру, кесу, шашу, шешу, тосу, тесу, демалу, апару, келу, бұзу, құю, сүрту, ұру, жұму, ішу, сату, бөлу, қосу, ілу, деу, жабу, кіру, салу, буу.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз [1, 430-б. 7-жаттығу]. Сізге мына жаттығуды кім орындатты? Мұғаліміңіз Сізге жаңа тақырыпты түсіндірді ме? Студенттерге не істетті? Кітапханадан жаңа оқулық алғызды ма? Сабақтан кейін жолдасыңыз Сізді кіммен таныстырды? Сіздер не ұйымдастырып жүрсіз? Бөлмені кімге жинатты?
Достарыңызбен бөлісу: |