Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Ұсынылатын әдебиет: [1], [20], [23],[36], [61]



бет12/26
Дата10.06.2023
өлшемі314 Kb.
#178561
түріНұсқаулар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
8 сынып тест, 68 Цилиндр STUDENT\'S, док, Қазақ күйлерінің тарихы Т Мерғалиев, Бүркітов, О Дүйсен, рвлкки, Досжанова А. КЯЛ-33, BirthCertificate-760523402995-20231111210107
Ұсынылатын әдебиет: [1], [20], [23],[36], [61]


9-тақырып. Мұхтар Әуезов (1897-1961)
Шығармашылық өмір жолы. 20-жылдары жазған әңгіме, повестері: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Жетім», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық», «Қаралы сұлу», «Оқыған азамат» және «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» повестері.
«Барымта», «Жетім», «Қорғансыздың күні», т.б. әңгімелерінде автордың сол кездегі әлеуметтік өмір шындығын көрсетіп, зорлық пен қорлық көрген қорғансыздардың жағына шығуы.
«Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) повесі. Шығармадағы таптық, топтық және әлеуметтік тартыстардың көрінісі. Бақтығұл мен Жарасбай образдары. Көркемдік ерекшеліктері. Толстой стиліне тән психологизмнің кейбір әсерлері.
«Қилы заман» (1928) повесі. Повестің ел басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің тұсында оқылуға тыйым салынуы. Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің суреттелуі. Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай сияқты халық өкілдерінің образдары. Рахымбай, Түнғатар, Ақжелке тәрізді ұнамсыз типтер. Повестің баяндау жүйесінің ерекшеліктері. Портрет пен пейзаж. Адам характерін жасаудағы диалогтың мәні.
М.Әуезовтің отызыншы жылдары жазылған «Іздер», «Бүркітші», «Шатқалаң», «Білекке білек», «Құм мен Асқар» шығармаларының мәні.
Драмалық туындылары: «Еңлік-Кебек»(1917), «Қаракөз» трагедиялары. Оларда махаббат бостандығы мен әйел теңдігі мәселесінің көтерілуі. Трагедиялық образдар жүйесі.
«Түнгі сарын»(1934) пьесасында 1916 жылғы көтерілістің көркем бейнеленуі. Драмалық шиеленіске толы тартыс таңбасы. Жантас, Тәнеке образдары.
«Шекарада» пьесасы (1938). Шығармада ел қорғау,қырағылық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімінің өркендеуі. Пьесадағы Мұрат , Сәрсен, Қанай мен Ажардың образдары. Әйтсе де драмалық шиеленістің жалған тартысқа құрылуы.
Тарихи тақырыптағы «Хан Кене» драмасын жазуы. Туындыдағы Кенесары мен оның інісі Науан батырдың бейнесі. Әлеуметтік және жеке бастық ішкі тартыстар. Әйелдер образдарының кейбір ерекшеліктері.
М.Әуезовтің Соболевпен бірге жазған «Абай» трагедиясы (1940). Ондағы Абай бейнесі.Ақынның әділетті өмір мен адам баласының бақыты үшін жауыздықпен бетпе-бет арпалысуы. Бірін бірі сүйген Айдар мен Ажардың бас бостандығын қорғау арқылы феодалдық ескі салт- санаға қарсы шығу.
Халықтық эпостық жырлар негізінде «Айман-Шолпан»(1934), «Қарақыпшақ Қобыланды» (1941) пьесаларын жазуы. Ел қорғау, ерлік пен ездік мәселесін көтеруі.
«Абай жолы» роман-эпопеясының тек қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің озық туындысы екендігі. Оған берілген әр түрлі әдеби сыйлықтар мен өнер қайраткерлерінің бағасы.Романның эпопеялық сипат-белгілері. Шығармада Абай өмірі мен шығармашылығымен қатар қазақтың жарты ғасырлық саяси-әлеуметтік өмірін , тұрмыс салтын көрсетуі.
Роман – эпопеяның басты тұлғасы Абай екендігі.Абайдың өсу, кемелдену эволюциясы.
Романдағы Абай және кедей жатақтар. Құнанбай бейнесі. Тәкежан, Әзімбай, Ысқақ, Оразбай, Майбасар бейнелері. Романдағы әйелдер бейнесі. Романның көркемдік ерекшеліктері.
Әуезовтің аяқталмай қалған «Өскен өркен» (1962) романы. Оңтүстік өлкедегі мал шаруашылығына қатысты көкейтесті мәселелер. Карпов, Алмасбек, Әсия бейнелері.
Әуезовтің аудармалары. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау», Гогольдің «Ревизор», Н.Погодиннің «Ақсүйектер», К.Треневтің «Любовь Яровая» пьесаларын аударуы. Осы арқылы драматургияның қыры мен сырын игеруі.
«Әдебиет тарихы»(1927) Әуезовтің тұңғыш зерттеу кітабы екендігі. Ғалым-жазушының қазақ фольклорының ертегі, эпостық жырлар, ақындар айтысы, т.б. жанрлар туралы зерттеулері. «Әр жылдар ойлары», «Абай Құнанбаев», «Уақыт және әдебиет» зерттеулері.
Әуезов бейнесінің көркем прозада, театр сахнасында бейнеленуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет