Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Тақырыбы: 1.Қазақ фольклорының жанры мен түрлері 2. Қазақ фольклорының тәрбиелік ықпалы 3.Ауыз әдебиетінің тарихи даму жолдары
Орындаған: Курбаналиева Лаура Нурлубековна
Факультет: Педагогика және психология
Мамандық: 6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тексерген: Карсыбаева Раиса Канабековна
Алматы-2022
Фольклор дегеніміз не?
Фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра.
Фольклор – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әр түрлі қоғамның жемісі, сондықтан ол көпқатпарлы, көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы.
Фольклорлық жанр дегеніміз не?
Жанр дегеніміз – оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы. Дәлел ретінде айтарым – бір сюжет негізінде әр түрлі жанрға жататын бірнеше шығарманың жасалуы. Мысалға Жүсіп пен Зылиханың хикаятын келтіруге болады. Бұл хикаяттың сюжеті ертегіде де, дастанда да, кейінгі
замандағы драмада да баяндалған. Сюжет – біреу, ал жанр – бірнеше.
Балалар фальклоры дегеніміз не?
Балалар фольклоры дегеніміз – ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сəйкес, балалардың өзіндік қиял-армандарын, талаптарын, ой-пікірлерін, айналадағы құбылысты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, сезіну мүмкіндіктерін қалыптастыратын халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы болып табылады. Демек, балалар фольклоры балалардың қызыға да сүйсіне тыңдайтын, шығармашылық қасиеттерін арттыратын, логикалық ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытатын құнды жанр екені анық.
Қазақ фальклорының жанры мен түрлері?
Қазақ фольклоры жанрға аса бай. Музыкалық фольклор жанрларын есепке алмағанның өзінде ауызша сөз өнерінің елуге жуық жанры бар. Олар:
тұрмыс-салт жырларының: жар-жар, беташар, сыңсу, тойбастар, қоштасу, естірту, көңіл айту, арбау, дұға, бәдік, бақсы сарыны, бата, жарапазан сынды үлгілері;
Көне жыр, батырлар жыры, тарихи жыр, ғашықтық жыр, тарихи өлең, қисса, дастандар;
Жыр додасы айтыс (айтыс өз ішінде: ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, бәдік айтыс, қайым айтыс т.б. деп бөлінеді); шешендік сөздер, толғау, терме, желдірме, арнау, қара өлең, тақпақ;
Қара сөз түрінде айтылатын миф, ертегі, әңгіме, аңыз,әпсана, хикая, хикаят, шежіре;
шағын жанрлар: жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл, жаңылтпаш, мазақтама т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |