Тақырыбы: Қазақ фольклорының жанры мен түрлері Қазақ фольклорының тәрбиелік ықпалы Ауыз әдебиетінің тарихи даму жолдары Орындаған



бет2/6
Дата21.10.2022
өлшемі371,72 Kb.
#154221
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
әдебиет 5 апта

Фольклорда жанрсюжеттің шығармаға айналу жолдары мен елге тарау, айтылу, орындалу мәнері. Яғни, фольклордың поэтикасы мен әлеуметтік-тұрмыстық функциясы оның жанрларын сипаттап, әдебиеттен ерекшелендіріп тұрады. Демек, егер біз әдебиеттің эпос, драма, лирика тектері бар десек, онда фольклор орындалу мәнері мен ел арасында өмір сүру жағдайына байланысты өзінше текке және жанрға саралануы керек. Осы тұрғыдан келгенде, фольклорды қара сөз (проза), өлең (стих) және сөйлесу (диалог) деп үш үлкен текке бөлуге болады. Қазақ фольклорында бұлардың үшеуі де бар. Үшеуін де тек деп қарайтын болсақ, оларды жанрға бөлуге болады. Проза түріндегі фольклордың жанрларына миф, әңгіме, ертегі жатса, өлең үлгісіндегі фольклордың жанрлары болып жыр, тақпақ, қара өлең, мақал-мәтелдер саналады, ал диалогқа – айтыс пен шешендік сөзді жатқызуға болатын секілді.
Фольклорда алдымен сюжет пайда болады. Сюжет – бір оқиға. Мәселен, айтушы өз басынан өткен бір қызық оқиғаны ағайындары мен жолдастарына жай ғана айтып беруі мүмкін. Бірте-бірте бұл әңгіме біреуден-біреуге жетіп, тұрақты сюжетке айналады. Уақыт өткен сайын ол әрленіп, көркемделіп айтылады. Сөйтіп әңгіме (меморат) жанры туады. Бара-бара бұл әңгіме басқа тайпаға, бүкіл аймаққа тарайды, жай ғана тарап қоймайды, неше алуан өзгеріске ұшырап, басқа бір детальдармен толықтырылып, әсемделіп отырады. Енді алғашқы жай әңгіме басқа жанрға көшеді. Ол – аңыз я болмаса хикая болуы мүмкін.


Қазір фольклор жанрларын қалай жіктеуге, топтастыруға болады?


Қазір фольклор жанрларын ғұрыптық және көркем фольклор деп екіге жіктейді. Бұлай жіктеуді ең алғаш ұсынған - А.Байтұрсынов. Ғалым «Әдебиет танытқышында» (1926) қазақ фольклорын «сауықтама» және «сарындама» деп екіге бөледі.
Егер қазақ халық прозасын оның бұрынғы заманда атқарған қызметіне қарап топтастырып, сараласақ, онда ол үлкен екі топқа бөлінеді:



Эстетикалық және ғибраттық функция атқаратын жанрлар (ертегінің бар түрі, мысал, хикаят пен әпсананың кей түрі). Бұлар көркемделген проза.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет