МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
1. ПЕЙЗАЖ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЖАНРЫ
1.1. Бейнелеу өнеріндегі реализм мен декоративтік бағыттар.............
1.2. Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің
даму тарихы.......................................................................................
1.3. Бейнелеу өнерінің саласы пейзаж жанры және оның
ерекшеліктер........................................................................................
1.4. Бейнелеу өнеріндегі табиғат көріністері.........................................
2. ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Пейзаждың композициялық ерекшеліктері......................................
2.2. Пейзаждағы түстер, колоридтер және жұмыстың
орындалу барысы..............................................................................
2.3. Майлы бояумен жұмыстар орындау, құралдар-саймандар
мен материалдар және жазу технолоиясы......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................
ҚОСЫМША.....................................................................................................
|
5
7
9
15
18
23
25
45
52
54
55
|
|
|
КІРІСПЕ
Пейзаж ұзақ уақыт бойы дәрежелі болып саналып келген. Ол суреттің шеберлігін, күрделі композициялық шешімдерді талап етпейтіндей түстік палитрасы шектеулі. Бірақ бұл тек сыртқы белгілерге негізделген болжаулар ғана. Пейзаждың жоғары шеберлікті талап ететін терең мазмұнды тең жанр болып табылатындығын көптеген мысалдар дәлелдейді.
Пейзаж француздың сөзі peysage (pays-ел, жергілікті жер) сөзінен шыққан. Пейзаж – бұл бейнелеу өнерінің жанры. Ол жерде бейнелеудің негізгі заты болып жабайы немесе қандай да бір деңгейде адаммен қайта қалыптасқан табиғат болып табылады. Пейзажда жергілікті жерлердің, сәулеттік құрылыстардың, қалалардың (ветуда), теңіз көріністерінің (марина) нақты немесе өзгерген түрлері қайта өндіріледі.
Көбіне пейзаж кескіндемелік, графикалық, скульптуралық жанрлардың көрінісі болады. Адамды қоршаған табиғат құбылыстары мен нысандарын бейнелей отырып, суретші өзінің табиғатқа қатысын, оның қоғаммен қабылдануын білдіреді. Осыған сәйкес пейзаж сезімталдық пен елеулі түрдегі мазмұнды алады.
Пейзаж – қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету. Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны, шындық өмірді әсерлі, нақты береді. Алғашқы табиғатты бейнелеуші суретшілер де табиғатты ғажайып әсемдігін шындығымен бере білген. Табиғат керемет әрқилы және шексіз. Табиғат шіркін адамды әлдилеген ана ғой. Оның таң ала көлеңкедегі тамылжытатын бозторғайдың үні, салқын соққан самалының қоңыр лебі, желбіреген желбір желкені, жұпары аңқыған жуасы мен жусаны ойға ой қосады, сананы сәлелендіреді. Сол табиғат ананың ертегідей елітетін жаратылысының таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алмаған адамның көкірегі шемен, құшағы керең, жарым дүниесі жарымжан болып қалмай ма?
Суретшілер адамдарды күнделікті өздеріне үйреншікті тұрғыда бейнеленген. Осылайша мамандық шебері болу үшін бейнелеу өнерінің теориялық жағынан оқып, білуі керек. Суретші күнде сурет салып, жазып, өзімен бірге қалталы дәптер алып жүріп, әр түрлі нобайларды, керекті заттарды, небір қимылдарды салып алу қажет. Осындай күнделікті жаттығулар болмаса суретшіге қиын болады. Сол сияқты түс туралы да айтуға болады. Түстерді көріп, біліп, олардың әдемілігін көрсетудің өзі үлкен өнер деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |