Кіріспе пейзаж бейнелеу өнерінің жанры



бет7/8
Дата14.12.2021
өлшемі0,77 Mb.
#126505
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Пейзажда реалистік және декоративтік әдістерді қолдану (1)
18862 8 , 18862 8 , priem-006, Ара кореги, КТЖ-11-сын Әдебиет
ҚОРЫТЫНДЫ

Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны — жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір   көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.

Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.

Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек — ақ.

Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте «сезім» теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.

Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес «адамзат мәні» тұрғысынан қарастырады, яғни нақты «шынайы мәнін» сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет