Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет10/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

Бақылау сұрақтары:

  1. Экология заңдары.

  2. Экологиялық валенттілік дегеніміз не?

  3. Ағзалардың қоршаған ортада бейімделуіндегі ерекшеліктер.

Әдебиет:

  1. Г.С.Оспанова,Г.Т.Бозшатаева Экология. А., «Экономика» 2002.

  2. В.И.Коробкин, Л.В.Передельский Экология. Растовн/Д, 2001.

  3. Гиренок Ф.И. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М., Наука, 1989.

  4. Журнал «Экология и устойчивое развитие» 2004-2006г.г.

  5. Молдахметов З.М. Экология негіздері . А., 2002

Дәріс 3. Тақырыбы: Демэкология және синэкологияның негізгі ұғымдары. Бірлестіктер экологиясы. Экожүйедегі зат пен энергия айналымы.

Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір-бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.


Популяция ұғымы латынша popolus - халық деген мағына білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Йогансен 1903 жылы қолданды.
Популяция ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, экологиялық және эволюциялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді.
Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады. Бір популяцияға жататын организмдер бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда түраралық қарым-қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік түріші қарым-қатынастары - ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы байланыстар.
Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті - олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлігіне, құрылымдық-функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.
Бір жағынан попуция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: организм -популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық қарым-қарытастың элементарлық бірлігі болып табылады.
Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың филогенетикалық байланысын: организм-популяция-түр-туыстұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық-эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процесстің элементарлық бірлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет