бет 106/119 Дата 01.04.2022 өлшемі 3,41 Mb. #137572
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 Өрттерд ің негізгі сипаттамалары.
Жылу және жану өнімдерін бөле жүреді;
Жану аймағына ауа оттегісінің келіп тұруын және газ тәріздес жану өнімдерінің алыстап кетуін қамтамасыз ететін газ алмасу процесі өтеді ;
Жану аймағынан шығатын жылу қоршаған ортаға және жанғыш материалдарға тарайды.
Өрт кезінде қауіп туғызушы факторларға мыналар жатады:
Ашық от пен ұшқынның болуы (тері, тыныс мүшелерінің күйігіне ұшыратуы мүмкін );
Айналаның және заттардың жоғары температурасы;
Жанудың және термиялық ыдыраудың токсикалық өнімдері (СО, СО 2 );
Түтін (түтіннің құрамында әр түрлі дисперстік қоспалар болады. Өткір иісті және айналаны барлауға кедергі жасайды );
Оттегі концентрациясының төмендеп кетуі;
Бүлінген құрылғы, аппарат, құрылыстық конструкциялардың жарықшақтарынан төнуі мүмкін қауіптер ;
Конструкциялардың ток өткізгіш бөліктерінде жоғары кернеуліктің пайда болуы салдарынан туындауы мүмкін электр тогы;
Өрт нәтижесінде болуы мүмкін жарылыс салдары ;
Өрт сөндіргіш құралдар.
Жану түрлері: гомогенді және гетерогенді.
Гомогенді - жанғыш зат пен тотықтырғыш 1 фазада (газ) болады, жану өнімдері де.
Гетерогенді – жанғыш зат қатты немесе сұйық зат болады, ал тотықтырғыш – газ фазасында.
Жануға қабілеттілігі бойынша заттардың жіктелуі: