Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет117/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

Механикалық ақаулар – дене бұлшық еттерінің тітіркеніп, тартылуы салдарынан терінің ақаулаға ұшырауы, қан тамырларының жарылып кетуі мүмкін, жүйке ұлпаларының жыртылуы немесе қатты жиырылу салдарынан буындардың шығып, сүйектердің сынып кетуі де мүмкін.;

  • Электроофтальмия – эл. доғасынан күшті УК сәулелер таралуы салдарынан көздің сыртқы сілемейлі қабаттарының қабынуы (көру қабілетіне теріс әсер етуі м-н).

    Жалпы электр жарақаттарына электрлік соққы жатады. (Адам денесі арқылы ток жүріп өткен кездегі бұлшық еттердің қатты тітіркеніп, жиырылуы салдарынан тыныс тарылып, жүректің қызметі бұзылуына, тіпті тоқтап қалуына да әкелуі мүмкін жағдай, негізгі себебі – жүрек фибрилляциясы, яғни, жүрек бұлшық еттері талшықтарының хаосты түрде қатты жиырылуы).
    Электрлік соққының 4 дәрежесі белгілі:

    • 1-дәреже - бұлшық еттердің тартылып жиырылуы, бірақ адам есінен танбаған болса;

    • 2-дәреже - бұлшық еттердің тартылып жиырылуы, адам есінен танып қалған болса;

    • 3-дәрежеадам естен танып, жүрек қызметінің немесе тыныс алу қызметінің бұзылуы (2-нің 1-інің);

    • 4-дәрежеклиникалық өлім. (қан айналымы мен тыныс алудың тоқтап қалуы, тек мидың ғана қысқа мерзім бойында жұмыс істеп тұруы. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілетін болса, адамды тірілтіп алу мүмкіндігі болады, ондай мүмкіндік болмаса, 3-4 мин. ішінде клиникалық өлім биологиялық өліммен алмасады.)

    Адам ағзасына физиологиялық әсер етуінің салдары бойынша эл. тогы 3-ке бөлінеді:
  • 1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет