Электр өткізгіш желілерінен (ЭӨЖ) аймаққа өндірістік жиілікті электрлік және магинттік өрістер тарайды. Олардың таралу қашықтықтары ондаған метрді құрайды.
Электр өрісінің таралу қашықтығы электр желісінің кернеулік класына тәуелді (кернеулік класын көрсететін сан ЭӨЖ атауында тұрады, мысалы, ЭӨЖ 220кВ., кернеулік шамасы артқан сайынэлектрлік өріс зонасындағы электр өрісінің деңгейі де соғұрлым арта түседі).
Магниттік өрістің таралу қашықтығы ток күші мен желіге түсетін жүктемеге (нагрузка) тәуелді болады.
Электрлік және магниттік өрістердің биологиялық нысандарға әсер етуі.
Электр өткізгіш желілерінен электр өрісі тарайтын аймақтарда өмір сүретін жәндіктердің іс-әрекетінде агрессия, мазасыздық, жұмысқа қабілеттілігінің және өнімділігінің төмендеуі байқалады екен.
Ол аймақтарда өсетін өсімдіктерде де даму аномалиялары байқалған – күлте, жапырақ, сабақтарының пішіндері, өлшемдері өзгеріске ұшырап, артық күлтелердің пайда болуы орын алуы жиі аңғарылады екен.
Электр өткізгіш желілері өрісінде ұзақ уақыт болған дені сау адам да оның зардабын шегеді. Яғни, мұндайда жүрек-қан тамыры және жүйке жүйелерінің аурлары, кейде, тіпті, қатерлі ісік ауруларына шалдығуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |